Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НҰСҚАУЛЫҚ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

Жеделхат мәтіні

Мекен-жайы («кімге»?). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі үй нөмірі, корпус, офис нөмірі жазылады.

Мысалы,

480021, Қазақстан,

Мұқанов көшесі, 227, офи 47

немесе,

250000, Украина,

г. Киев, Почтавая пл, дом 18, кв 44.

Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың фамилясы, қажет болған жағдайда өз аты, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамиля орнына қызметі көрсетіледі.

Мысалы, «Директорға»,

«Бөлім меңгерушісі» т.б.

Аса қажет жағдайда шатастырып алмас үшін болмаса адресаттың аты-жөні мен қызметі қатар жазылмайды.

Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, қызметтік хаттардағыдай кіріспе сөз, сыпайыгершілік сақтау сөздері жазылмайды. Мүмкіндігінше барынша қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса онда етістіктерді бұрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы, «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдағыз», т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса етістік ашық рай тұлғасында қолданылады. Мысалы, «алдым», «жеткізілді», «келді», «орындалды», «барады» т.б.

«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрлармен жазбаша жазған дұрыс. Мысалы, 101347-бір ноль бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде топтап беруге де болады. Мысалы, бірнольбірүштөртжеті.

Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулықтар көмекші сөздер жазылмайды, тыныс белгілері қойылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.

Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилясы қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі.

Мысалы, «Оспанов»

«Жауапты хатшы Смағулов»

«Бірінші орынбасар Рымжпнов» т.б.

Жіберушінің меке-жайы. Жідерушінің мекен-жайы жоғарыда айтылған алушының мекен-жайының жазылу тәртібі сияқты.

Жеделхатты тапсырып ақысын төлегеннен кейін квитанцияны алып, оны біраз уақытқа дейін жоғалтпай сақтаңыз. Себебі квитанция сіздің телеграмманы жібергендігіңізді растайтын жалғыз құжат болып табылады. Егер жеделхат мәтінін телефон арқылы жіберген болсаңыз, оны кім қабылдағанын, аты-жөні, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.

Жеделхат

480013. Алматы, Пушкин-22, ҚР ҒА Ядролық физика институты. Директорға.

Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерртеу жұмысын жалғастыру шарттарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз. Атырау. Абай-7. Байжанов.

№14 Сабақ тақырыбы : Ресми құжаттарды жазуда қолданылатын ережелер

Жоспары:

1. Сөздерді тасымалдау ережелері

2. Қосарланған тыныс белгілерінің қойылу ережелері

3. Сызықша мен дефисті қолданудың өзіндік ерекшеліктері

4. Мәтінді рәсімдеу барысында қойылатын реттік белгілер

5. Сілтемелер мен ескертулердің берілу реті

Қысқаша теориялық мәлімет:

1.Сөздің буын түземейтін бөлігін жолдың соңында қолдануға болмайды немесе келесі жолға тасымалдауға болмайды.

Дұрыс емес: құр-ылыс Дұрыс: құры-лыс

Алм- аты Алма-ты

  1. Жалғау жалғанған сөздерді тасымалдағанда егер жалғаудан соң дауыссыз дыбыс келсе,бір буынды жалғауды тасымалдауға,сондай –ақ жолдың соңында сөз түбірінің буын түземейтін бөлігін қалдыруға болмайды.

  2. Дұрыс емес: эк- спорт Дұрыс: экс- порт

Аэ - ропорт Аэро- порт

  1. Дауысты дыбыстардың арасында тұрған екі дауыссыз дыбысты бірге жол аяғында қалдыруға немесе тасымалдауға болмайды.

  2. Дұрыс емес: ма- сса Дұрыс: мас-са

то-нна тон-на

Мәтінді рәсімдеу барысында қойылатын реттік белгілер

1. Корректуралық белгілер :z – тексті абзацтан бастау керек.Бұл белгі сөйлемнің абзацтан басталуы қажет екендігін көрсетеді.

v - Әріпті қосу қажет.

s- Әріптердің орнын ауыстыру

3 2 1 – Қатар басылған сөздердіңорындарын ауыстыру

Ж- Кіші әріпті бас әріппен ауыстыру

Г-Бас әріпті кіші әріппен алмастыру

2. Сілтемелер мен ескертулер

1. Әр материалдағы сілтемелер бірдей болып белгіленуі тиіс- не цифрлармен : 1,2,3 немесе жұлдызшалармен **,***

2.Текстегі тыныс белгілер (үтір, нүктелі үтір, қос нүкте және нүкте) сілтеме белгісінен кейін қойылады.

3.Сілтемелер ,әдетте,тиісті парақтың соңына қойылады және бас әріптен бастап жазылады.

4.Егер бір бетте сілтеме де, ескерту де кездессе ,алдымен сілтеме,содан соң ескерту жазылады.

5.Ескерту сөзі бөлекше (асты сызылып) жазылады.

6.Ескерту сөзінен соң нүкте,ал ескертулер сөзінен кейін (егер де ескерту бірнешеу болса )- қос нүкте қойылады. Мәтін бас әріптен басталып жазылады.

7 . Ресми құжатта санмен көрсетілген жыл,күн аттарына қосымша олардың айтылуына сәйкес дефис арқылы жалғанады.

5- інде / оқылуы,айтылуы – бесінде /

10 – ында / оқылуы,айтылуы – онында /

22 – сінен бастап / оқылуы,айтылуы – жиырма екісінен бастап /

Z – мәтінді абзацтан бастау керек. Бұл белгі келесі сөйлемнің абзацтан басталуы қажет екенін көрсетеді.

Мәтінге жалғастырып жазу керек.(абзац жойылады).

Әріпті қосу керек.

S -Әріптердің орындарын ауыстыру

- Сөздер арасындағы ақтаңдақты жою.

- Әріпті немесе белгіні жойып, сөз бөліктерін қосу. Мысалы: Хатшының жұмыс орнын ұйымдастыру.

- Сөздегі ақтаңдақты жою.

- Артық сөзді алып тастау.

. ..................... Сызылып кеткен сөздерді қалпына келтіру. Мысалы: Хатшы – мекеменің айнасы

Сөздердің орнын ауыстыру. Мысалы: Сөздің ауыстыру орнын.

Қосарланып басылып кеткен сөздерді бөлу. Мысалы: Бұл белгі сөздерді бөледі.

  1. 2 1 – Қатар басылған сөздердің орындарын ауыстыру.

Сөзді немесе сөз тіркесін бір жолдан екінші жолға ауыстыру.

Әріптердің арасын қосу.