Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НҰСҚАУЛЫҚ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

СЕНІМХАТ

2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекен-жайым Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 16-үй, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №26599877, Түркістан қаласы, Ынтымақ көшесі, 56-үйде тұратын азамат Ержанұлы Асылбектің, ҚР-ның ІІМ 2008 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №87998455, Шымент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 34 мекен-жайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанұлы Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға, анықтамалар мен құжаттар алуға, менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2017 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген

2016 Жылғы 20 қазан қолы

Осы сенімхатты 2016 жылғы 20 қазанда мен, Бижанова Назгүл. Түркістан қаласындағы “Сенім” нотариалдық кеңсенің нотариуысы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Қ.Жұбанов қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге

Нотариус қолы Мөр

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :

Жағдаяттық тапсырма.

1 –тапсырма. Жекешелендіру жөнінде сенімхат жазу керек болды. Осы жөнінде жазылған сенімхат мәтінін құрастырыңыз.

1. «Дәулет» сауда фирмасының директоры З.Ахметбекова ханымға.

«Келешек бірлестігі Сіз басқарып отырған «Дәулет» сауда фирмасымен ұзақ мерзімді және өзара тиімді келісімшартқа тұруға дайын екендігін дәлелдейді.

Тиісті құжаттарға қол қоюға бірлестіктің президенті мен заңгері осы жылғы желтоқсанның үшінші жұлдызы күні Сізбен кездеседі.

2- тапсырма . Қосымша оқулықтардан үлгіні басшылыққа ала отырып , досыңыздың автокөлігін 2 ай мерзімге жалға пайдалануға алғаныңыз жөнінде қолхат жазыңыз.

Зейнетақыны алу құқығын беру туралы сенімхаттар жазыңыз.

Қазақстандағы нотариустардың құқықтық ережелері

Еліміздегі құқық қорғау жүйесіндегі маңызды сананың бірі – нотариат болып табылады.Нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыру, нотариаттық іс- әрекеттер арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Нотариаттық іс- әрекетті Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 4 шілдедегі нотариат туралы заңында қарастырылғандай, мемлекеттік және жеке нотриустар , жергілікті атқарушы органдар,консулдық қызмет атқаратын адамдар жүзеге асыра алады.

Нотариустар іс- әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және еліміздің заңдарын нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып,бағынады,жасаған іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға мүмкіндік береді.

Нотариустардың өз қызметінде оларға төмендегідей құқықтар мен міндеттер жүктеледі:

  • жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес іс -әрекеттер жасауға, мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға,құжаттың көшірмелерін жасап,үзінділерін әзірлеуге,

  • нотариаттық іс - әрекетер жасау мәселелері бойынша кеңестер беруге,заң актілерін белгіледе коммерциялық,банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды ескере отырып,жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

  • заңға және нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес нотариаттық іс- әрекеттер жасауға ;

  • азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді,олардың заңды білмегендігін өздеріне зиян келтіруге пайдалануына жол бермеу үшін,жасалған нотариаттық іс- әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге,кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға,заңға сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға,кәсіптік әдепті сақтауға,нотариаттық палатаға қатысты шағымдар бойынша мәліметтер,құжаттар,ал қажет болған жағдайда жеке түсініктемелер,оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беру.

Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары,нотариаттық палата нотариустың жасаған нотариаттық іс- әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылайды

Беттің әзілі

Жасы келген қарт нотариусқа барып мұрагерлік хат жазып отыр : - Үлкен ұлыма үйімді,ортаншы ұлыма саяжайды,қызыма көлігімді,ал кіші ұлыма таудағы жерімді қалдырамын.Екпіндеп тұрған шал артынан ойланып: Жазарын жаздым-ау, ал мына балалар айтқаныңды тауып бер десе қайтемін,- дейтін көрінеді.

Нотариус атқаратын негізгі қызмет түрлері :

  • мәмілелерді куаландырады;

  • шаруашылық серіктемтерінің құрылтай құжаттарын куаландырады;

  • мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды;

  • құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куаландырады;

  • мұраға құқық туралы куәліктер береді;

  • құжаттарға қойылатын қолдың түпнұсқасын куаландырады;

  • құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куаландырады;

  • мүлікті иеліктен алуға тыйым салады.

Нотариаттық іс- әрекеттердің тізімі:

- өсиетті куаландырады;

- сенімхатты куаландырады;

- құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куаландырады;

- өтінішке қойылған қолдың дұрыстығын тексереді;

- мұраға құқық туралы куәліктер береді.

Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша мемлекеттік баж алады.

Мәтінмен жұмыс. Жеке нотариатқа сақтықпен қарайық

Қазір қаламызда кез-келген бұрышта нотариалдық кеңселер тұрғындарға қызмет көрсетуде. Әрине халыққа керекті мекемелердің көп болғаны жақсы–ақ. Алайда нотариалдық кеңселер өз қызметінде қандай заңды басшылыққа алып отырғанын екінің бірі біле бермейді.

Нотариалдық қызмет көрсететін адамдар нотариалдық іс- әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік беріп тек заңға сәйкес қызмет атқарады. Егер бұл құпияны жария етсе ол қызметтер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Егер нотариат бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылса нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде заңды өрескел бұзса әділет біліктілік алқасының не прокуратура органдарының, болмаса республика Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның талап қоюлары бойынша сот шешімімен нотариус лицензиясы қайтарылып алынады.

(«Дидар»,№73, 19 қыркүйек,2000 жыл)

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :

Жағдаяттық тапсырма.

1–тапсырма. Жекешелендіру жөнінде сенімхат жазу керек болды. Осы жөнінде жазылған сенімхат мәтінін құрастырыңыз.

1. «Дәулет» сауда фирмасының директоры З.Ахметбекова ханымға.

«Келешек бірлестігі Сіз басқарып отырған «Дәулет» сауда фирмасымен ұзақ мерзімді және өзара тиімді келісімшартқа тұруға дайын екендігін дәлелдейді.

Тиісті құжаттарға қол қоюға бірлестіктің президенті мен заңгері осы жылғы желтоқсанның үшінші жұлдызы күні Сізбен кездеседі.

2- тапсырма. Қосымша оқулықтардан үлгіні басшылыққа ала отырып , досыңыздың автокөлігін 2 ай мерзімге жалға пайдалануға алғаныңыз жөнінде қолхат жазыңыз.

№ 10 Сабақ тақырыбы: Қызметтік хат және оның түрлері

Жоспары :

1. Ақпараттық хат

2. Жолдама хат

3. Қызметтік хаттың басқа да түрлері

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттық дәлдігімен ерекшеленеді.

Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.

Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметтерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметткердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзңне жасаған тұлға ғана қол қояды.

Сұраныс хаттар. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомствалық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнетілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан – жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат.

Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қл\олмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауіы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, машинкеге басылып, мекеме басшысы қол қояды.

№ 11 Сабақ тақырыбы: Қоғамдық қатынас аясында қолданылатын құжаттар

Жоспары :

1.Хабарландыру

Қысқаша теориялық мәліметтер:

ХАБАРЛАНДЫРУ - ақпарат беру мақсатында хабарландыру әр түрлі жағдайлар бойынша жазылады. Мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы, қандай да бір бос қызмет орнын ұсыну туралы, іс шаралардың өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі бір тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші, қандай қызмет орнына жарияланатыны, одан кейін талаптар мен кокурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен-жайы көрсетіледі.

...........................................................................................................................................................

Үлгі Хабарландыру

2009 жылдың 15 қарашасында сағат 17.00-де А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарйында «Алтын күз» атты студенттер кеші өтеді.

Ұйымдастырушы кәсіподақ коммитеті

...........................................................................................................................................................

Тапсырма:

    1. 15 желтоқсан 2009 жылы университеттің мәжіліс залында сағат 16.00-де Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш өткізілуіне байланысты хабарландару жазыңыз

    2. «Талғат» клиникасы бас дәрігердің бос орнына конкурс жарияайды. Шарттар: 35-40 жас аралығы, жоғары білімді, еңбек өтілі кемі 5 жыл. Конкурс мерзімі – 1 ай. Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: жеке іс парағы, 4 фотосурет, диплом көшірмсі, өмірбаян, түйіндеме, төлқұжат. Хабарласу мекен-жайы: Түркістан қаласы, Нышанов көшесі, тел:

    3. Газет беттерінен жарнама үлгілерін табу

Студенттің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыс тақырыптары:

Азаматтық қарым – қатынастарды реттейтін құжаттар:Кеден декларациясы

Кеден -тасымалдаушы мемлекет заңына сәйкес халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын ұйым немесе кәсіпорын.

Тауар- материалдық зат,соның ішінде валюта,валюталық құндылықтар,энергияның электр, жылу және басқа түрлері,көлік құралдары т.б.

Тауар биржасы – тауарларды көтерме сатып алу – сату рыногының өзгеше түрі.

Тауардың иесі - кеден бақылауына тауарды көрсеткен кезде оның нақты иесі болып табылатын заңды немесе жеке тұлға. Тауарды алып өтетін тұлға тауар иесі болуы мүмкін.

Тауардың кеден құнын айқындау әдістері – кеден аумағына әкелінген тауарлардың

Кеден құнын айқындау мынадай әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі:

  • әкелінген тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;

  • ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;

  • біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;

  • құнды шегеру;

  • құнды қосу;

  • резервтік әдіс.

  • Мұндағы әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша айқындау негізгі әдіс болып табылады.

Тауардың шығуы туралы сертификат- белгілі бір елдің кеден органдары немесе құзырлы мекемелері тауардың шыққан жерін куәландыратын ерекше құжат.

Тауарды жою- кеден бажы мен салықтарын алмай және экономикалық салық шараларын қолданбай тауарды пайдануға жарамсыз күйге келтірумен қоса,кеден бақылауымен жоюға арналған кеден режимі.Өздерінің тікелей қажеттігі бойынша пайданлануға болмайтын кез-келген шет ел тауарлары жойылады.

Тауарларды әзірлеу- тауарлардың кедендік процедурадан өтуі үшін қажетті кеден рәсімдерінің орындалуы.

Кеден ісі – кеден саясатын жүргізу жөніндегі ,тауарларды шекара арқылы өткізген кезде мемлекеттің мүдделерін нақты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік кеден бақылауы органдары шараларының жиынтығы.

Кеден шекарасы – мемлекеттік кеден аумағының шегі,сондай-ақ еркін кеден аймақтары мен еркін қоймаларының өлшемдері.

Кеден шекарасы арқылы өткізу – тауарлар және көлік құралдарын,сондай–ақ халықаралық пошта қатынасымен жіберілуді, құбыр және электр жүйелерін қосқанда,кеден аумағына кез - келген жолмен әкелу немесе осы аумақтан әкету әрекетінің жүзеге асуы.

Ондай әрекетке мыналар жатады:

- тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде,соның ішінде еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар аумақтарынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының басқа бөлігіне әкелген кезде;

- басқа жағдайда,тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге,яки еркін кеден аймақтарына немесе еркін қоймаларға,көп жағдайда кеден декларациясын көрсету арқылы әкетуге тікелей бағытталған әрекеттің жүзеге асуы.

- Кеден тексеруі - кеден органдарының Мемлекеттік шекара арқылы өтетін жүктер мен көлік құралдарын нақты тексеруді жүзеге асыруы.

- Кеден төлемдері – белгіленген тәртіпте кеден органдары алатын кеден бажы,салығы,кеден алымдары,лицензиялар бергені үшін алымдар,төлем және басқа да төлем түрлері.

Президент Жарлығының 109-шы бабына сәйкес,Қазақстан Республикасы кеден органдары белгіленген тәртіпте төмендегідей төлемдер алады:

1)кеден бажы;

2)маусымдық кеден бажы;

3) арнайы кеден бажы;

4) өтемдік баж;

5) Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензиялар үшін алым;

6) кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестаты үшін алым;

7)кедендік рәсімдеу үшін кеден алымы;

8)тауарларды сақтағаны үшін кеден алымы;

9) тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы;

10) ақпарат және кеңес бергені үшін ақы;

11) алдын-ала шешім қабылдағаны үшін ақы ;

12) кеден аукциондарына қатысқаны үшін ақы.

Кеден төлемдерінің ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді :

- салық салынатын тауарлардың кеден құны процентімен есептелетін адвалорлық төлем;

- салық салынатын әрбір тауар үшін белгіленген мөлшерде есептелетін ерекшелігі бар төлем;

- жоғарыда аталған кеден салығының екі түрін ұштастыратын құрамдас төлем.

- Кеден тарифы – есептелетін кеден бажының мөлшері көрсетілген тауарлар тізбесі.

- Кеден саясаты –кеден қызметі арқылы жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық қызмет саласындағы шаралар мен бағыттар кешені.Кеден саясаты – мемлекеттік органдардың тауарлар импорты мен экспорты кезінде алынатын кеден бажын ,кеден салығын және кеден алымын,сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік,қаржы және сауда саттық мақсаттарға жету үшін кеден процедурасы және басқа құралдарыды қолдану жөніндегі қызметін біріктіреді.

Қазақстан Республикасында оның ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын біртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары :

  • Қазақстан нарығын қорғау;

  • Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;

  • экономиканың дамуын ынталандыру;

  • бәсекені көтермелеу және монополияға қарсы әрекет ету;

  • экспортты ынталандыру және импортты алмастыратын өндірісті көтермелеу;

  • шетел инвестицияларын тарту;

  • сауда саясаты міндеттерін шешу;

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік үкімет органдары анықтайтын басқа да мақсаттар болып табылады.

№ 12 Сабақ тақырыбы : Қоғамдық қатынас аясында қолданылатын құжаттар. Жарнама

Жоспары :

1. Жарнама

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Жарнамалар да іс қағаздарының бір түрі. Оның басқа құжаттардан ерекшелігі – жеделдігі әрі өміршеңдігі. Баспаөз беттерінде, теледидар хабарларының арасында көрсетіліп-ақ жарнамалап өмірлік маңызы бар мәселелер шешіліп жатады. Жарнаманы екіге бөліп қарастыруға болады:

  1. Ғылым мен техниканың жаңалықтарына байланысты күнделікті өзгеріп отыратын жарнамалар

  2. Қоғам өмірінде алатын орны зор, маңызды болғандықтан ұрпақтан-ұрпаққа өзгермей өтіп отыратын жарнамалар Мысалы, оттан, судан, өрттен сақтану бөлімдерінің сақтық шаралалары

Үлгі Жарнама

«Рута жарнама агенттігі» ЖШС

Сіздің жарнамаңызды републикалық және басқа да басылымдарға өте шұғыл орналастырып береді. Толық мәліметті «Заң» газетінің жаңа санынан ала аласыз.

Тел: 53-40-48, 87773004090

Тапсырма:

  1. Жарнаманың қандай түрлерін білесіз?

  2. Газет беттерінен жарнамаларды табу

  3. Жарнама жасауға қалай қарайсыз? (Танысуға, отбасын құруға, достасуға)

  4. Өз оқу орныңызды жарнамалаңыз

Студенттің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмысы: Халықаралық қатынас аясында қолданылатын құжаттар

1. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты ресми құжаттар

2. Мемлекетаралық шарттар

3. Дипломатиялық құжаттар

4. Жарғы, жарлық

5. Деклорация, үндеу

6. Мұндай ресми құжаттарға тән лексикалық, синтаксистік, стильдік ортақ белгілер

3. Қысқаша теориялық мәлімет: Жарғы – ұйымның ,мекеменің ,кәсіпорынның және адамдардың қызметін,олардың басқа мекемелермен ,жеке адамдармен қарым- қатынасын реттейтін ,жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді.

Жарғының жасалуы үшін қажетті мәліметтер :

-мекеменің (кәсіпорынның ) атауы;

-құжат түрі;

- индекс,дата,жасалған гриф;

- мәтін ;

- кәсіпорын басшысының қолы.

Мәтін құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:

Жалпы ережелер

Негізгі міндеттер

Атқаратын қызметі

Құқықтары мен міндеттері

Басшылық

Қарым – қатынас

Байланыс.

Өндірістік –шаруашылық қызмет

Мүлік және құралдар

Қызметті бақылау,тексеру,жүргізу

Қайта құру және жою.

Үлгі:

Түркістан қаласының халқына Үндеу

Түркістан қалалық әкімшілігі шеңберінде өтетін сынақ халық санағы. Бұл науқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 қарашасындағы №1138 қаулысына сәйкес 2009 жылы өткізілетін Ұлттық халық санағына дайындық негізінде 2008 жылдың 25 ақпанымен 6 наурызы аралығында өтеді. Сынақ халық санағы кезінде әр үйге,әр пәтерге арнайы дайындалған сұхбатшылар келіп,сұхбат жүргізу арқылы санақ парақтарын мәліметтермен толтырады. Санақ парақтарының сұрақтарына жауаптар әркімнің өз сөзінен алынады және ешқандай құжаттарды көрсету талап етілмейді.Санақ кезінде әр адамның жеке басы туралы алынған мәліметтер құпиялы түрде сақталады және тек жалпы түрде ,яғни қала,округ,елді мекен бойынша мәліметтер базасын құру үшін қолданылады.

Құрылған мәліметтер базасы негізінде қала әкімшілігі,ауылдық округтер,елді мекендер кесіндісінде халықтың саны,жасы,жынысы,ұлттық құрамы, білім деңгейі,жұмыспен қамтылуы,тұрғын үй қоры және басқа ақпараттар алынады. Осы мәліметтер еліміздің бюджетінқұру,жұмыссыздықты азайту, қорғаныс саласын нығайту және зейнетақы төлеуге, білімге, денсаулық сақтау саласына, жол салуға,тұрғын үй құрылысына қаржының жеткілікті бөлінуіне,басқа әлеуметтік сұрақтардың дұрыс шешілуіне септігін тигізеді.

Халық санағы – бүкіл халықтық іс !

Санақ жүргізетін сұхбатшыларға шынайы әрі толық мәлімет беру-бәріміздің азаматтық борышымыз !

Мемлекетаралық шарттар: ҚР ЕК – нің 168 - бабы жеке және ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарттарды жасау тәртібін регламенттейді. Бұл бап бойынша өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға(жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық және материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.

Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де ,еңбек шартына қосымша ретінде жасалуы мүмкін.

Толық ұжымдық (ортақтастық) материалдық жауапкершілік ұғымы ҚР АК – нің 287 – бабы бойынша жұмыс беруші келтірген зиянды ұжымның (бөлімнің) барлық жұмыскерінен де, жеке - жеке алғанда бөлшектеп орындауды талап етуге құқылы болатын жағдайды білдіреді.

Толық ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарттар көбінесе сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жасалады.Жұмыскерлермен жасалатын шарттарда тараптардың келтірген зиян орнын толтыру тәртібі, мерзімі және басқа да жайттар қарастырылуы тиіс.Бұл шарттар ,соның ішіндегі типтік формадағы шарттар ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен бекіту талабын орындау кезінде мыналарды ескеру қажет:

  1. ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен толық материалдық жауапкершілік (жеке немесе ұжымдық) туралы типтік шарттың формасын ғана бекітуге болады.

  2. жұмыскерлермен жасалатын толық материалдық жауапкершілік (жеке немесе ұжымдық) туралы нақты шарттарға жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өздері қол қоюы керек.

Төменде кәсіпорынның бас есепшісімен жасалған толық материалдық жауапкершілік шарт үлгісі беріліп отыр.

Үлгі :

Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы

ШАРТ

Алматы қ. « ------ « ------- 2008 ж.

Бір тарабы Алматы қаласында тіркелген ,мұнан ары «Жұмыс беруші» аталатын « М» ЖШС ,серіктестік атынан әрекет ететін және Жарғы,Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен 2008 жылғы «------« -------- - гі № --------

Бұйрық негіздерінде жұмыс жүргізетін Директор ---------------- және екінші тарабы мұнан ары «Жұмыскер» аталатын бас есепші ------------------------- мұнан ары бірлескен түрде « Тараптар» деп аталып, «Жұмыс берушінің» иелігіне жататын ақшалай және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуы мен сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мына төмендегі шартты жасады:

  1. Осы шарттың №1 қосымшасына сәйкес ,Жұмыс беруші тарапынан өзіне берілген ақша мен өзге де материалдық құндылықтарды ,сондай-ақ оларды дұрыс пайдаланбау салдарынан шығын келтіру фактілеріне жол берген жағдайда ол үшін өзіне толық жеке материалдық жауапкершілікті мойнына алады.

  2. Осы шарттың 1- тармағында келтірілгендерге байланысты Жұмыскер мынаған міндеттенді:

а) сақтау үшін немесе өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін тапсырылған Жұмыс берушінің ақшалай қаражатына,материалдық құндылықтарына және мүліктеріне ұқыпты қарау,шығынның алдын алу;

ә) өзіне сеніп тапсырылған ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды қамтамасыз етуге қатер төндіретін барлық жағдайларды жұмыс берушіге дер кезінде хабарлап отыру;

б) бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептерін белгіленген ретпен жасап

тапсырып отыру;

в) өз кінәсінен Жұмыс берушіге келтірген залалы (зияны) үшін ерікті түрде қолданыстағы заңнамаларда белгіленген мөлшерде өтемақы төлеу.

3. Жұмыс беруші мынаған міндеттенеді :

а) Жұмыскерге қалыпты жұмыс істеуіне және оған сеніп тапсырылған ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың,өзге де мүліктердің толық сақталуын қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;

ә) Жұмыскерді Жұмыс берушіге келтірген зиян үшін материалдық жауакершілік туралы қолданыстағы заңнамалармен, нұсқаулықтармен, нормативтермен және ережелермен таныстыру;

4. Егер Жұмыскер Жұмыс берушіге келтірілген зиян өз кінәсінен емес екенін дәлелдейтін сенімді айғақтар ұсынатын болса,ол материалдық жауапкершіліктен босатылады.

5. Бұл Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оның ықпалы Жұмыскерге ақшалай қаражатты,материалдық құндылықтар мен

мүліктерді сеніп тапсырған кезеңнің бүкіл өн бойына жүреді.

6. Шарт мерзімінің аяқталуы келтірілген зиян орнын толтыру міндетінен босатпайды.Жұмыскер өзі жұмыс істеген кезең ішінде Жұмыс берушіге келтірген зиянын өтеуге міндетті.

7. Бұл Шарт екі дана етіп жасалды.Екі дананың бір сыңары Жұмыс берушіде қалады да,екінші сыңары жұмыскерге беріледі.

№ 1 қосымша. Жұмыскерге тапсырылған мүліктер мен материалдық құндылықтар тізбесі .

Тараптардың заңды мекен- жайлары мен өзге де деректемелері

Еңбек шарты

Обьективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады.Қылмыстық кодекстің осы 148 - бабында Еңбек туралы заңдарды елеулі бұзудың мынадай үлгі тізбегі көрсетілген.

1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату.

Заңда көрсетілген негіздерден тысқары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады.

Егер лауазымды адам заңсыз жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетімен өзін сынағаны үшін ,өзара ұрыс керістің салдарынан босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру мақсатын көздеп адамды жұмыстан шығарса қылмысты жауаптылыққа тартылады.

  1. Жұмысты қайта қалпына келтіру

Жұмысты қалпына келтіру туралы сот шешімі орындалмады,яғни кінәлі адам қылмысты түрде әрекетсіздік жасап,соттың қайтадан жұмысқа алу туралы заңды күшіне енген шешімін орындамайды.Бұл жерде қылмыс екі бірдей обьектіге еңбек құқына және әділсоттың мүддесіне қол сұққан болып есептеледі.

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасын бұзу

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасын бұзуға еңбекке дұрыс ақы төлемеуді,жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау,демалыс беруден бас тарту,жұмысқа алудан негізсіз бас тарту,жекелеген қызметкерге заңда белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту сияқты әрекеттер жатады.

8 - бап . Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган

1.Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға – жұмыс табу мүмкіндігі туралы,ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;

2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге,жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;

3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге ;

4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей тіркеуге,оларды есепке қоюға;

5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;

6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге ;

7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;

8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;

9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға,болжауға және халыққа,жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;

10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз ететін арнайы іс- шараларды іске асыруға міндетті.

17- бап. Тіркелген жұмыссыздардың міндеттері

1.Жұмыссыздар :

1) осы Заңды сақтауға;

2)уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін,шарттарын және мерзімдерін сақтауға ;

3) уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге өтініш жасауға;

4) уәкілетті органға:

- тұрғылықты жерін ауыстыруды;

- тұрақты,уақытша,маусымдық жұмысқа,азаматтық құқықтық сипаттағы -шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

- кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;

- мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;

- зейнетақы тағайындау және өзге де табыстарды қоса алғанда,жұмыссыз бен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күн ішінде ) табыс етуге міндетті.

18 - бап. Лайықты жұмыс

1. Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби даярлығына ,еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін,соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда) денсаулық жағдайына,жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сәйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.

2. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген,бірақ кәсібі (мамандығы )жоқ,сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін – алдын –ала кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты,ал ондай жұмыс беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ,азаматтардың жас және де өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы төленетін жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеледі.

Құқықтық сауат ашу әліппесі

* Қазақстан Республикасы Еңбекті қорғау туралы арнайы Заңы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған,осы заң қызметкерлердің еңбегін қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған,өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зиян келтірудің алдын - алу ,қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді.

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- бабына сәйкес , Республика азаматының еңбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрін ерекше таңдауына құқығы бар,әрбір дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына,қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігіне ие. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі

  • Сондай-ақ осы бапта көрсетілгендей Республика азаматының қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай елетін еңбек жағдайына,сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқы бар.

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату,соттың оның қызметін қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау ,азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық белгіленген (148 - баптың 1 тармағы)

* Қылмыстық Заңда, «Еңбек туралы кодексте» еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін арнаулы баптар бойынша жауаптылық белгіленген.

  • Қылмыстық кодекстің 148 – бабының 3 - тармағында басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімінде төленуін бірнеше рет кідірткені үшін де жауаптылық белгіленген. Ақша қаражатын өз мақсатына пайдалануына байланысты заңда белгіленген мерзімнен екі немесе көп рет жалақыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп атайды.

* Еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіпорынға,мекемеге,ұйымға келтірілген залалы үшін,егер оның кінәсінен болса,жұмысшыға немесе қызметшіге материалдық жауаптылық жүктеледі.Егер жауаптылық жұмысшының немесе қызметшінің жалақысының белгілі бөлігін Еңбек туралы заңдар кодексіне сәйкес ұстаумен шектеледі.Залалдың мөлшерін анықтаған кезде тек қана тікелей нақты залал деп есептеледі,алынбаған табыстар есептелмейді.Қызметкерге материалдық жауаптылықты жүктеген кезде нақты жағдай және қызметкердің материалдық жағдайы ескерілуге тиіс.

Мәтінді оқыңыз. Іс- әрекеттерге талдау жасаңыз.

Еңбек туралы заңды бұзушы көп . Неліктен ?

Өткен жылы «Комсомол құс фабрикасы » АҚ- ына, «Фарватор» өндірістік кооперативіне тексеру жүргізілді. Бұларда жеке еңбек шарты жасалмаған,бұйрықтармен жұмысшылар таныспаған,қол қоймаған,еңбек шарттарында еңбекақы төлеу тәртібі көрсетілмеген,еңбек шарты жұмысқа алу туралы бұйрық шықпай тұрып жасалуы керек, «Фарваторда» керісінше болған.

От жағушылардың (кочегар),күзетшілердің мереке күндері және түнгі уақыттарда істеген жұмысына еңбекақы төлеу жүргізілмеген. Құс фабрикасы жұмысшыларын сақтандырмаған.Осындай кемшіліктер үшін бұл кәсіпорынның директоры мен кадрлар бөлімі инспекторы жауапкершілікке тартылды.Таяу уақытта қайта тексеру жүргізіледі.Тәртіп бұзушылық түзетілмеген,не қайталанған жағдайда онда іс сотқа беріледі.

Ал «Фарваторда» еңбек шарты бұзылған жағдайда пайдаланылмаған демалысына тиісті өтемақы дер кезінде төленбейді.Жұмысшылардың жұмыс уақытының есептік табелі жүргізілмейді, сондықтан олардың артық жұмыс сағатын анықтау мүмкін емес.

Тексеру кезінде мемлекеттік инспектордың жұмыс табелін бірнеше рет сұрағанына қарамастан ол берілмейді.Мұның аяғы инспектордың хаттама жасап,істі сотқа беруіне апарып соқтырды.

(Баспасөз беттерінен,Заң журналы 2/2006)

Сұрақ – жауап тапсырмасы ( ситуациялық жатығулар)

* Басшылық тарапынан жарияланып,бұйрық арқылы жеке іске ендірілген алғыс еңбек кітапшасына жазыла ма ?

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы

5 шілдедегі «Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережелерін және нысандарын бекіту туралы» № 149- е бұйрығына сәйкес еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер ендіріледі : 1)қызметкер туралы мәліметтер: тегі,аты,әкесінің аты,туған күні,білімі,кәсібі , мамандығы;

2) жұмысы туралы мәліметтер : жұмысқа қабылдануы,басқа жұмысқа ауысуы,жұмыстан босатылуы;

3) марапаттау мен көтермелеу туралы.

  • Жұмыскердің қызметтік міндетін ауыстырғанда не істеу керек?

Оны алдымен атқарып келе жатқан қызметінен босатып,содан кейін ғана жаңа қызметке бұйрықпен қабылдау керек пе?

Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты оның жаңа қызметі мен айлық жалақысы көрсетіліп еңбек шартына өзгеріс ендірілсе болғаны.

  • Демалыс күндері мен мереке күндері үшін іс жүзінде жұмыс атқарылып қойылған жағдайда оған жалақы қалай төленеді?

ҚР еңбек заңнамаларына сәйкес бескүндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге екі күн демалыс,ал алтыкүндік жұмыс аптасында –бір күн демалыс беріледі.Кодекстің 97- бабына орай демалыс және мереке күндері жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімі арқылы жол беріледі.Демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс үшін қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 128- бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда :

1) төтенше жағдайларды;

2) жазатайым оқиғаларды және оларды тексеру жүргізу үшін ;

3) жалпы ұйымның жұмысы жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл,бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі (Кодекстің 98 - б.)

Жарғы – ұйымның ,мекеменің ,кәсіпорынның және адамдардың қызметін,олардың басқа мекемелермен ,жеке адамдармен қарым- қатынасын реттейтін ,жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді.

Жарғының жасалуы үшін қажетті мәліметтер :

-мекеменің (кәсіпорынның ) атауы;

-құжат түрі;

- индекс,дата,жасалған гриф;

- мәтін ;

- кәсіпорын басшысының қолы.

Мәтін құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:

Жалпы ережелер

Негізгі міндеттер

Атқаратын қызметі

Құқықтары мен міндеттері

Басшылық

Қарым – қатынас

Байланыс.

Өндірістік –шаруашылық қызмет

Мүлік және құралдар

Қызметті бақылау,тексеру,жүргізу

Қайта құру және жою.

Заң құжаттары – жарғы,ереже,тұжырымдама,кодекс,шарт құрылымы,қажетті реквизиттері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір – біріне ұқсас келеді.

Қазақстан Республикасының Заңы

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

1-тарау .Жалпы ережелер .

1- бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланады:

  1. бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа,дыбыс –бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;

  2. бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы ,радио және теледидар бағдарламасы,киноқұжаттама,дыбыс- бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны.

  3. Мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы ,ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет,журнал,альманах,бюлеттень,олардың қосымшасы.

Қазақстан Республикасының Заңы

Халықты жұмыспен қамту туралы

1- тарау. Жалпы ережелер

1- бап. Негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігіне еңбек рыногында қажет болмай қалған қалуына байланысты әлеуметтік –экономикалық құбылыс;

2) жұмыссыздар – жұмысы,табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір,еңбекке жарамды жастағы азаматтар;

3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);

4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан көп айға созылған жұмыссыздық;

5)жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі;

6) табысы аз адамдар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар,еңбекке жарамды жастағы адамдар;

7) қоғамдық жұмыстар – атқарушы органдар ұйымдастыратын қызметкерлердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;

5 - бап . Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет азматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;

2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

2.Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Нысаналы топтарға :

- табысы аз адамдар :

21 жасқа дейінгі жастар;

балалар үйінің тәрбиеленушілері,жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті ,көп балалы ата- аналар;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді,көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

мүгедектер;

Жоғары деңгейлі заңдық күші бар ресми құжат. Жарлық

Жарлық – басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт.Оған директордың орынбасары,өз өкілеттіктері шегінде құрылымдық бөлімше башылары қол қояды.Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан толық ,анық ,дәл болуына байланысты.

Тірек сөздермен жұмыс.

Жарлық зат. Әмір,бұйрық.

Жарлық шашты. Әмір етті,бұйрық берді.

Жарлық шығарды.Бұйрық жариялады.

Жарлықтай сын. Жарлық сияқты.

Нұсқаулар – ақпараттық - әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық,жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы,бас мамандар ие. Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары нұсқау бере алады.

Мәжілістерде қаралған мәселелер бойынша қабылданатын ресми құжат. Қаулы

Қаулы – алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді,ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде,жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады,онда көрсетілген шаралар міндеттеледі.

Ірі мекемелерде ,министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын – алаанықтама құжатымен қаулының шешімнің жобасы әзірленеді.

Хаттама жиналыстар мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі. Хаттама қаралған мәселелер бойынша талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны және қабылданған қаулылардан (шешімдерден) тұрады.Хаттама қысқа мазмұнды немесе кең көлемді (стенографиялық) болуы мүмкін.

Қағаздың орта тұсына құжаттың аты, нөмірі,оның төменгі жағына мекеменің ,ұйымның т.б. алқалық топтың аты,жиналыс,мәжілісболған күні,айы, жылы,жиналыс басқару төрағасы мен хатшының аты- жөндері жазылады.Оның төменгі жағына қатысқан, шақырылған адамдардың тізімі,күн тәртібіндегі мәселелер беріледі.

Соңынан жиналыс,кеңес,мәжілісті жүргізген төрағасы мен хаттама жазған хатшының қолы қойылады.

Үлгі:

Хаттама № 3

Кафедраның атауы кафедрасының мәжілісі

----------- қаласы,15 сәуір 2016 ж.

Төрайымы ---------------------------------

Хатшы ----------------------------------------

Қатысқандар : кафедра ұжымы

---------------------------------------------------

(аты – жөндері көрсетіледі)

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақтың ұлттық әндер конкурсының қорытындысын шығару.

Тыңдалды :

---------------- мәдени көпшілік жұмыстарын орындаушы.

І курс студенттері бұл конкурсқа жоғары дайындықпен келгенін айтып,команда мүшелерінің әндерді орындауы шебер,киімдері өте жарасымды ,сондықтан І – орынды

3 топқа беру қажет; ал 2- орынды І топ алғаны дұрыс; өйткені олардың ән айтудағы шеберліктері 3 топқа қарағанда төмендеу болды;ал 3-орын 2 топқа берілуге тиіс деген дер өз пікірін ортаға салды.

Қаулы (шешім) қабылданды :

----------ва ---------------тың ұсынысын қолдай отырып,конкурсты ұйымдастырып,өткізудегі шеберліктері мен қабілеттері үшін ұжым мүшесі --------- ке және ----------- қа алғыс жариялау керектігін ұсынады.

Мәжіліс қаулы етеді:

  1. Жүлделі орындар ұсынылған ретпен белгіленсін:

І – орын - 3 топқа 2 орын - І 3- орын – 2 топқа

2.Конкурсты ұйымдастырушы --------------- қа алғыс жариялансын.

Төрайым : / қолы/

Хатшы : / қолы/

4. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1- тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

1. Сізге Елбасы Жарлығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999- 2000 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» хаттама жазу жүктелді.

№ 13 Сабақ тақырыбы : Хат және оның түрлері

Жоспары :

  1. Құттықтау хат

  2. Шақыру хат

  3. Алғыс хат

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Құттықтаухат –мерейтойларда, үкіметтен мадақ алып марапатталғанда, маңызды мерекелерде және т.б. жағдайларда жолданады.

Құттықтаухат Құрметті, аса қадірлі, қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Онда құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Мысалы,

- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.

- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.

- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары

- Сіздің инженерия (экономика, медицина т.б.) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор.т.б.

Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.

Қазақ халқында құттықтау – «бата беру», «батасын алу» деп аталатын дәстүрмен ұштасып жатады. Өйткені бата мен құттықтау сөздегі жақсы тілек, алғыс адамның мерейін өсіреді, айналасына жағымды әсер қалыптастырады. Қазіргі кезде құттықтаухат мынадай жағдайда қолданылады:

• Көрнекті қоғам қайраткері, зиялы қауым өкілі, білім мен мәдениетке, өнер мен ғылымға еңбегі сіңген адам мерейжасқа толғанда оның атына мемлекет басшысы, үкімет тарапынан құттықтау жібереді. Мұндай жағдайда құттықтаухат баспасөзде жарияланады.

• Қоғамға белгілі тұлға, қайраткер, ғалым, жазушы, ақын, өнер адамы халыққа сіңген еңбегі мен қол жеткізген табыстары үшін үкімет наградасымен марапатталғанда;

• Мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелерге байланысты мемлекет, үкімет басшысының атына құттықтахат жолданады.

Үлгі:

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Әділ Дүйсенбек Елбасы Жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Еңбек жолын бас басылым- «Егеменде» бастап, үлкенге-іні, кішіге-аға бола білген публицист-журналист әріптесіміз –Әділ Дүйсенбектің жоғары наградасына құтты болсын айтамыз.

Егемен Қазақстандықтар

Алғысхат- Қазақстанда соңғы кезеңде қалыптасып келе жатқан іскери хат түрі. Алғысхатты әдетте, жұртшылыққа өз еңбегімен танымал болған қайраткер, жазушы, зиялы қауым өкілі жазады және ол баспасөзде жарияланады.

Алғысхат жазу АҚШ-та кең таралған. Іскерихаттың бұл түрі әріптестерге, өзара іскери қарым-қатынастағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға кәсіби тұрғыдан ықыластың белгісі болып саналады.

Үлгі:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болуыма байланысты құттықтахат жолдаған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, жоғарғы оқу орындарының ұжымдарына, әріптестерім мен шәкірттеріме «Егемен Қазақстан» газеті арқылы шынайы алғыс айтамын.

Құрметпен Жұбаныш Әлібеков

Шақырухат (Шақыру, Шақыру билеті)-мәдени, әлеуметтік өмірде кең тараған құжат нысандарының бірі. Шақырухат жіберу-қазақ қоғамында ілтипат, құрмет білдірудің бір белгісі, сондықтан құжаттың бұл түрі жеке тұлғалардың өзара қарым-қатынасында да жиі пайдаланылады.

Шақырухат тақырыбы мен мазмұнына қарай сан түрлі. Қазіргі қоғам да іскери шақырухат үлгісі қалыптасып келеді.

Шақырухаттың әлеуметтік-тұрмыстық түрін, іскери мазмұндағы түрін жазуда да хаттың сыртқы безендірілуіне көңіл бөліңіз. Ол өзіңіз шақырухат жолдаған адамның көңіл күйінде жағымды сезім тудыратындай болғаны дұрыс.

Қазақ тіліндегі шақырухат, әдетте, құрметті, аса құрметті, қадірлі, аса қадірлі, ардақты, сүйікті , аяулы деген сөздер арқылы басталады.Аталған сөздер өзара мағыналас, алайда, олардың арасында стильдік реңкті айырмашылық бар. Демек хат жолдап отырған адамға өзіңіздің туыстық, достық, сыйластық және ресми қарым-қатынасыңызға қарап синонимдердің лайықты бірін таңдау керек.

Ресми этикет бойынша жеке адамның есімімен аты-жөнімен, мырза, ханым сөздері бірге аталады және бұдан кейін леп белгісі қойылады. Ал өзіңіздің Англиядағы әріптесіңізге хат жазған кезде адамның аты-жөнінен кейін үтір белгісі, ал АҚШ-тағы әріптесіңізге, достарыңызға хат арнасаңыз, онда қос нүкте қойылатындығын ескеріңіз.

Хаттың негізгі мәтінінде номенклатуралық атаулар, терминдер қолданылуы мүмкін. Бұндай жағдайда ресми лауазым, қызмет атауларының, мекеме, ұйым атауларының мемлекеттік стандартқа сәйкес жазылатын тұрақты нормасын мейлінше сақтауға тырысыңыз.

Мәселен тұсаукесерге шақырухат болса, тұсаукесердің мағынасы -этнографиялық ұғым.Жаңа жүре бастаған баланың аяғына ала жіп байлап, кестіретін дәстүр, ұғым. Қазіргі әдеби тілде тұсаукесер-презентация, яғни алғашұы ашылуы немесе іске қосылуы мағынасында қолданылады.

Үлгі:

Аса құрметті______________________________________________________________

Сізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай өткізілетін қала жұртшылығының салтанатты жиналысына шақырамыз.

Жиналыс 2016 жылғы 15 желтоқсанда сағат 15.00-де

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында болады.

Сіздің қатарыңыз__________орныңыз_________

Түркістан қаласының әкімі

Жеделхат-телеграф (телетайпа) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, ин ентернет пен факс қызметі қымбатау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсын, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар:

-мекеменің кез келген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады.

-виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау сияқты формальды нәрселердің

қажеттігі болмайлы.

-жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әркез жіберуші мен алушы туралы

мәліметті қамтиды.

-қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға

болады.

-жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі.

Телеграф байланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгіленге жеріне ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізілгендігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн:

-жеделхат мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек.

Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болатыны есте болғаны жөн.

-жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.

-кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін

цифрлар жазбаша беріледі.

-мынадай ретпен жазылады-алушы мекен-жайы, мәтін, жіберуші мекен-жайы.

-жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер

(әсіресе мекен-жайы мен цифрлар жазылған бөлігінде) болмағаны жөн.

Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді.

Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «өкіметтік», «жедел» және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады.

Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады.

Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат матінінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты жөні мен мекен-жайы, мәтін, қол,. Бұл реквизиттер сизықтың жоғары жағында жеделхаттың формуляр деп аталатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, дата, жіберушінің мекен-жайы.

Әрбір мекемеде жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқбалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі келіп түскен жеделхаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, бұрыштама жазылады.

Жіберілген жеделхаттар бөлігінде жеделхат мәтіні жазылады. Ол жіберушінің қолымен расталады. Мұнымен қатар жеделхаттың стандарт бланкілерінен тұратын арнайы журналдар болады. Бұл журналдар жеделхат стандарт бланкісінен және келесі беті мәтін көшірмесін қара қағаз арқылы қалдыру үшін таза беттен тұрады. Мұндай журналдың ыңғайлы жағы жеделхат мәтіні бірден мекемеде толтырылып, арнайы сызылған жерден жыртылып алынып, почта арқылы жіберіледі де көшірмесі қалдырылады.