Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НҰСҚАУЛЫҚ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)

АКТ

Біз, төменде қол қоюшылар, «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.Ж.Исаева МЕ комиссиясы мәжілісінің хатшысы А.Мұхамеджанова магистратура бөлімінің инспекторы А.Нарбекова құрамында құрылған комиссия 2015-2016 оқу жылында 6М020500-филология (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы бойынша күндізгі бөлім бітірушілерінің Мемлекеттік біліктілік комиссиясы мәжілісінің хаттамаларын өткізіп қабылдап алдық.

  1. Төрағаның есебі- 4 бет

  2. Мемлекеттік біліктілік комиссиясы мәжілісінің хаттамасы-3 бет

  3. Мемлекеттік аттестаттау комисссиясы отырысының хаттамасы (2 қосымша)-3 бет

  4. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы (3 қосымша)-3 бет

Кафедра меңгеруші : ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Исаева

Мемлекеттік емтихан хатшысы: А.Мұхамеджанова

Магистратура инспекторы: А.Нарбекова

● Төмендегі түсінік хат мәтінін толықтырып жазыңыз.

№32 орта мектептің директоры Т.Мәуленұлына

Түсінік хат

1999 жыл қазанның 15-інде қазақ елі сабағына қатыса алмадым себебі,

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____________________ _______________________________

● Сізде еңбек тәртібінің бұзылуы болды. Мекеме басшысына себебін айтып түсінік жазыңыз.

- жұмыстан кешігу туралы;

- өткізілуге тиіс құжатты дер кезінде өткізе алмағаныңыз туралы;

- жұмысқа келе алмағаныңыз туралы.

● Актінінің үлгісін толтырыңыз.

№ 7 сабақ тақырыбы: Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжаттар

Жоспары:

Хаттама

Толық мәтінді хаттама

Қысқа мәтінді хаттама

Қысқаша теориялық мәлімет:

Хаттама - мекеменің, ұйымның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-әкімшіл ресми құжат. Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).

● тапсырма: Тұрақты тіркестерді жазыңыз. Есте сақтауға тырысыңыз.

Ұжым жиналысының хаттамасы

Университет ұжымы жалпы жиналысының хаттамасы

Университет ұжымы жалпы жиналысының күн тәртібі

Университет ұжымы жалпы жиналысы №1 хаттамасының көшірмесі

● тапсырма:Үлгімен танысыңыз, хаттама жазыңыз.

● тапсырма:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, сөйлем құраңыз.

Хаттама, мәжіліс, қатысқандар, қатыспағандар, дәлелді себептер, дәлелсіз себептер, күн тәртібі, әртүрлі мәселелер, тыңдалды, сөз сөйледі, қаулы етеді, төраға, төрайым, хатшы, мәжілістің хаттамасы, мәжілістің №7 хаттамасы, жауап алу хаттамасы.

● тапсырма: Аббревиатураларды жазыңыз. Қазақша атауларын толық беріңіз.

БҰҰ, АҚШ, РФ, ТМД, ҚХР, ГФР, МАИ, БАҚ, ҰҚК, ІІМ, ЕАО, Сыртқыісмин.

● тапсырма Хаттаманың үлгісін жазыңыз:

тыңдаушылардың жиналысы

студенттік қоғамның мәжілісі

ардагерлер кеңесінің мәжілісі

● Сөйлемді аяқтаңыз:

Мәжілісте әртүрлі мәселелер_________________________________

Баяндамашы көп сұрақ ______________________________________

Тыңдаушылар жиналысында екі қаулы ________________________

Күн тәртібіндегі І мәселеге назар______________________________

Хаттама қол__________________, мөр _________________________

№ 8 сабақ тақырыбы: Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжаттар

Жоспары:

Бұйрық және оның түрлері

. Бұйрықтың құрылымдық ерекшелігі

Қысқаша теориялық мәлімет: Мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау жөніндегі құжаттарды рәсімдеу процедурасы өзгешелеу. Заңнамада белгіленгендей, бұл орайда жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс мәліметтері жарияланғаннан кейін қызметке кандидат қажетті құжаттарын дайындап, конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішімен қоса мекемеге жолдайды. Конкурстық комиссия құжаттарды қарап,олар біліктілік талаптарына толық сәйкес келетін болса,кандидатқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке қарасты территорялық органның тестілеуге қатыстыру туралы шешімін жібереді. ҚР Заңнамаларын білуге байланысты тестілеуден, мекеменің конкурстық комисиясы әңгімелесуінен ойдағыдай өткен жағдайда,сол комиссияның шешімі негізінде кандидатты мемлекеттік қызметке тағайындау туралы бұйрық шығарылады. Қызметкер осымен қатар кірістері туралы декларация толтырып, арнайы тексеруден өтеді.Тағайындаудан кейін ол ант қабылдап, барлық құқықтарын пайдаланады; мемлекеттік қызметші міндетін атқаруға кірісіп, өзінің еркіндігіне қатысты заңмен белгіленген шектеулер бойынша міндеттемелер

Бұйрық - жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағыларға орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазға басылады.

Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұғымға қарасты екені, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.

Тапсырма:

1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ әзірлеңіз

2. Мәтінді немесе мәтіннің бір бөлігін сызба арқылы түсіндіріңіз

3. Жоғарыдағы бұйрық үлгісін толықтырыңыз

Бұйрық мәтіні әдетте 2 бөліктен тұрады. 1) констатациялық; 2) өкімдік.

1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі ) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.

Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады. Мысалы, Трест обьектілерінде ішкі тәртіпті қалыптастыру, жұмысшылар арасында еңбек тәртібін қалыптастыру және бөлімшелер жұмысын реттеу мақсатында, 2000 жылы жұмыс тәртібін қалыптастыру туралы т.б.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялық бөлік жазылмайды.

2. Өкімдік бөлік БҰЙЫРАМЫН деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр тармағы араб цифрларымен белгіленеді. Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келіседі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасының 1-данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық жұрналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және кеңседе сақталады.

Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.

Бұрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.

Егер бұйрық үнемі атқаруға тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

Егер бұйрық бірнеше тармақтан тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы тармақта ғана көрсетіледі.

Тапсырма:

      1. Мәтінді түсіндіріңіз

      2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ әзірлеп, басқа топ мүшелеріне қойыңыз

      3. Берілген трафареттік үлгідегі бұйрықты толықтырыңыз

Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:

-жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұрықтар;

-күнделікті мәселелерге байланысты бұрықтар;

-арнайы бұйрықтар;

-төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;

-басқа да бұйрық түрлері.

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ақымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуә мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кезеңдегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.

Арнайы бұйрықтар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл несесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 данасы марапатталған адамға тапсырылады.

Басқа да бұйрық түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысында кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу. т.б.

Түрлі жағдайға байланысты бұйрықтардың да түрлі нұсқалары болады. Енді бұйрық түрлерін сызбамен көрсететін болсақ, төмендегідей

Тапсырма:

1.Мәтінді оқыңыз, басқа топ мүшелеріне түсіндіріңіз

2.Мәтінді сызбаға түсіріп, сызба бойынша әңгімелеңіз

3.Төтенше жағдайларға байланысты бұйрық үлгісін жазыңыз

4.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ әзірлеңіз, оны басқа топ мүшелеріне қойыңыз

Кәсіпорынның атауы

БҰЙРЫҚ

№___________

______________қаласы

Жұмысқа қабылдау туралы

  1. “__”_____200__ж. № келісімшарттың негізгінде бухгалтер қызметіне азамат_________________тағайындалсын.

  2. “__”_________200__ж. дейін көрсетілген келісімшартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:

  • бөлімшелерді, қызметтерді, лауазымды тұлғаларды және басқа кәсіпорын қызметкерлерін олардың келісімшарттарымен таныстыруды көздеген директордың өкімін; бас бухгалтердің келісімшартта белгіленген құқықтарын, сонымен бірге контрактінің басқа да шарттарын орындауын қамтамасыз ететін директордың бұйрығын дайындасын.

Негізі: “___”______200__ж. № _______ЖЕШ

Директор қолы Аты – жөні

Бас бухгалтер қолы Аты – жөні

00.00.00

Бұйрықта қызметкердің фамилиясы, аты және әкесінің аты толық көрсетілуі тиіс. Бұйрыққа қол қойылар алдында оның жобасына ынталы құрылымдық бөлімшелердің басшылары виза жасауы керек. Виза олардың келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді.

Мемлекеттік қызметке тұңғыш қабылданып отырған азаматқа 3 айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Сынақ нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшісі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі территориялық органның жазбаша келісімі бойынша жұмыстан босатылуы ықтимал.

Ұйымның өндірістік қызметі барысында іссапарлар, әкімшілік жазаға тартулар, кезекті еңбек демалыстары, еңбек қатынастарын бұзу немесе жұмыстан босату туралы өзге де міндетті өкімдік құжаттар қабылданады.

Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме,ұйым ,бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік, шаруашылық және маңызды бағыттағы мәселелері жазылады.

Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толық болуы тиіс және безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұйрыққа қол қойылған соң тіркеуге алынады,түпнұсқасы немесе оның көшірмесі бұйрықты орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады. Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі. Мысалы,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРХИВ ПРЕЗИДЕНТА

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ РЕСПУБЛИКИ ҚАЗАҚСТАН

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

3 наурыз 2008ж.№ 11- Л

Алматы қаласы город Алматы

Тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабы

7- тармағына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

Таукенова Әсел Маратқызы 2008 жылғы 3 наурыздан бастап штат кестесіне сәйкес кесімді жалақымен Жинақтау және құжаттама басқармасының сарапшысы лауазымына тағайындалсын.

Негіз : Ә. М. Таукенованың арызы,конкурс комиссиясының шешімі (№3 хаттама,

28 ақпан 2008 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің 2008 жылғы 25 ақпандағы №3/ 1234 хаты.

Мұрағат директоры (жеке қолы) (толық жазылуы)

Визалар : жинақтау және құжаттама басқармасы бастығының,

Кадрлар басқармасы бастығының,

Заң кеңесшінің,

бас есепшінің қолтаңбалары (жеке қолдары)

Бұйрықпен таныстым (жеке қолы) Ә.Таукенова, күні

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдауға бұйрықтың қатысы

2. Қызметке қабылдау процедурасы

3. Бұйрық мәнін білдіретін сөздер

4. Бұйрықпен танысу туралы белгі

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық жазыңыз.

2. Төмендегі сөздердің қажеттісін пайдаланып бұйрық жазыңыз.

Тағайындалсын, қабылдансын, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, жүктелсін, уақытша атқару.

3. Өкілеттілік / бұйрықтық/ мағынадағы құрылымдарды пайдаланып сөйлем құраңыз.

- іске қосылсын.

- жарамсыз деп табылсын.

- жауапты адам тағайындалсын.

- бұл мәселеге байланысты жауапкершілік / аты –жөні/ - ға /ге/ қа/ ке/ жүктелсін.

- шара қолданылсын.

- жолға қойылсын.

Студенттің өздік жұмыс тапсырмасы:

Әлеуметтік демалыс түрлері тақырыбында баяндама жазыңыз.

Әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу/Құрастырғандар : Скала В.И., Скала Б.В.-Алматы: Лем баспасы, 2003.-212 б.

№ 9 Сабақ тақырыбы : Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат, Кепіл хат, Сенім хат

Жоспары:

Қолхат

Қолхаттың құрылымы

Қолхаттың жазылу үлгісі

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

Қолхат- белгілі бір құндылықтардың (құжат,мүлік, зат, ақша) уақытша алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып берілуін міндеттейтін, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді.Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. ҚОЛХАТ – бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдаланған жағдайда төмендегідей қолхат рәсімделеді: