- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
РЕЗЮМЕ
Аты –жөні Садықова Асыл
Мекен – жайы : 480090,Қазақстан Республикасы, Алматы, Көктем – 1-үй,72-п.
Телефон : 4-70- 88
* Жалпы ақпарат * Туған жылы 31 мамыр 1988
* Ұлты қазақ
* Жынысы әйел
* Отбасы жағдайы тұрмысқа шықпаған
* Азаматтығы Қазақстан Республикасы
* Жұмыс тәжірибесі : 2008 - 2015 менеджердің көмекшісі
* Фирманың атауы, жылы, қаласы : «Базальт», Алматы
* Білімі :
- орта
2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
( Архимедтің мектебі)
- жоғары : 2009-2011 жж. КИМЭП,Экономика магистрі бөлімі Алматы
2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
* Тілді білуі : қазақша-ана тілім, орысша – еркін, ағылшынша- өте жақсы
* Компьютерді игеруі : ЭЕМ бағдарламаларында жұмыс істей аламын
* Жеке қасиеттері : ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері
* Қосымша ақпараттар : * Ашық Қоғам институтының сертификаты,
*«Адамзатттың глобальды мәселелері» атты студенттер
конференциясының мақтау қағазы
*Құштарлығы : кітап оқу, саяхатқа шығу
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :
1- тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Жұмысқа орналасқыңыз келді. Толтыруға 2 минут уақыт беріледі.
Ө М І Р Б А Я Н
Аты-жөні, тегі.........................................................................................................................
Ұлты............................................................................................................................................
Туған күн, жылы.........................................................................................................................
жынысы (әйел, еркек)................................................................................................................
Мамандығы.................................................................................................................................
Қызмет істеген жері...................................................................................................................
Елі................................................................................................................................................
Ата-анасы..................................................................................................................................
Мекен-жайы...............................................................................................................................
Телефон...................................... факс .......................................................................................
2- тапсырма .Сыңарын табыңыз.
жұмыстан қабылдау
жұмысқа босату
ауыстыру кезекті
демалыс сұрау басқа жұмысқа
материалдық көмек өтініш айту
жалақыны көтеру бөлу.
3- тапсырма. Төменде өтініш білдіру үшін қолданылатын сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыз.
- Менің мекен-жайыма жолдауыңызды сұраймын.
- Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.
- Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз.
- Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып,бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз.
- .... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.
№ 3 үлгіні толтырыңыз . Жазуға машықтаныңыз.
Резюме- түйіндеме
Аты-жөні: .............................................................................................................................................
Мақсаты: ...............................................................................................................................................
Туған жылы ,айы,күні .........................................................................................................................
Ұлты ....................................................................................................................................................
Мекен – жайы .......................................................................................................................................
Білімі : ...................................................................................................................................................
Қызмет жолдары және біліктілігі :
.....................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
....................................................................................................................................................
Қосымша мәліметтер :
....................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
Отбасы жағдайы:
.....................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
Әскери міндеті ...............................................................................................................................
●тапсырма: Берілген мәтіндерді оқып, өмірбаян мәтінінің қай түріне жататынын ажыратыңыз.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ғылым академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы жазылған алғашқы туындысы «Еңлік - Кебек» трагедиясы қазақ театры автордың «Айман - Шолпан» деп аталатын пьесасымен айтылды. М.Әуезов сондай-ақ «Абай», «Қарагөз» деген драмалық шығармалар жазды.
№ 5 Сабақ тақырыбы: Жеке тұлғаны бағалау мақсатында берілетін ресми құжат
Жоспары :
1. Мінездеме
2. Ұсыныс
3. Мінездеме, ұсыныстардың практикалық қажеттігі
4.Қамтылатын мәліметтер, жазылу мақсаты, өзара айырмашылығы
Қысқаша теориялық мәліметтер: Мінездеме - мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің жұмысы мен қоғамдық іс-әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездеме нақты, дәл және толық болуы керек.Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.
Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда т.б. жағдайларда мінездеме қажет болады.
Мінездеменің үш түрі бар: жеке мінездеме, қызметтік мінездеме және аттестациялық мінездеме. Жеке мінездеме – жеке тұлғаның қалыптасқан үлгі бойынша өз қолымен жазған түрі. Қызметтік мінездеме – мінездеменің кең тараған формасы. Қызметкерді объективті, әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Аттестациялық мінездеме – белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттаестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызмет орнына лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» сияқты түйінді сөздер жазылады.
Мінездеме төмендегідей мазмұнды қамтиды:
Мінездеме иесінің аты-жөні, ұлты, азаматтығы, туған жылы, туған жері, әскери қызметке қатысы, отбасы жағдайы, білімі, лауазымы;
Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.
Жеке басының қасиеттері.Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым – қатынасы.
Мінездеме не үшін берілді.
Мекеме басшысының қолы.
Мінездеме берілген мерзім қойылып, мекеме мөрі басылады
