- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
1990 жылы туылған. Білімі жоғары. Алиева Жазира Алиқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті күндізгі оқу бөлімінің магистранты болып 2004 жылы 1 қазанда қабылданды. 2006 жылы «Түр-түс атауларының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында магистрлік диссертация жұмысын қорғады.
Магистратурада оқып жүрген уақытында Алиева Жазира Алиқызы өзінің терең білімін, ғылыми жұмысқа деген зор қабілетін көрсете білді. Магистратура бағдарламасына сәйкес оқу жүктемелерін, магистр дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындады. Өзінің магистрлік диссертация тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғылыми конференцияларда бірнеше рет баяндама жасады. Ғылыми жинақтар бетінде екі мақаласы жарық көрді.
Магистрант университет көлемінде жүргізілген қоғамдық, мәдени шараларға, қазақ тілі кафедрасының түрлі бағыттағы жұмыстарына белсене араласты.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ынталы да батылдық қасиеті бар, адамдармен тез тіл табыса білетін магистрант Алиева Жазира Алиқызы оқытушылар ұжымы мен магистранттар арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген. Тұрмысқа шыққан. Екі баласы бар.
Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі филология ғылымының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын комиссияға тапсыру үшін берілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ж.Исаева
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1-тапсырма. Мінездемеге тиісті мәліметтерді толтырыңыз. Өзіңіздің ұстазыңыз, аға-әпкелеріңізге мінездеме беріңіз.
2- тапсырма. Жағдаяттық тапсырма .
1. Сіз бөлім бастығысыз. Сіздің бөлімде қызмет атқаратын бір әріптесіңізге мінездеме жазыңыз. Ол туралы барлық мәліметтерді қамтуды ұмытпаңыз.
Тірек сөздер: Азаматтық хал-жағдайы, білімі, мамандығы, отбасы жағдайы, жеке басының қасиеттері
3 -тапсырма . Төмендегі мінездемені толықтырыңыз.
Менің әріптесім Айгүл Алпысқызы ----------- ------------- маман.Ол өзіне тапсырылған істі үнемі мұқият орындайды. Айгүлді әріптестері ----------------------
үлгілі қызметкер деп --------------------------. Ол қызметтестері арасында ----------------
маман болса, достары арасында ----------------.
4-тапсырма. Бірге отырған құрбыңызға мінездеме жазыңыз
№6 Сабақ тақырыбы: Басқару органдарындағы кеңселік құжаттар. Анықтама-ақпараттық құжаттар
Жоспары :
1. Анықтама
2. Анықтаманың құрылымы
3. Қамтылатын мәліметтер, жазылу мақсаты, өзара айырмашылығы, қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдар
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Анықтама – белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын сипаттайтын құжат. Ол жоғары органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі.
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі. Мекеме басшысы өз билігі мен өкілеттігінің шеңберінде анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды. Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Анықтамадағы мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің маманы айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе ол да көрсетіледі. Мысалы, «25/2». Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды, ал қалдырылған жағдайда қызметкердің жеке іс папкасына тігіледі.
Анықтаманың құрылымы:
құжат аты
негізгі мәтін
анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет
анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет
анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы
Үлгі 1
Анықтама № 25/2
09.10.2016ж.
Осы анықтама Бердібаева Айгүл Оралбекқызына, оның Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті күндізгі бөлімінің ІІ курсында оқитынын растау үшін берілді.
Анықтама Түркістан қаласы жұмыспен қамту бөліміне көрсету үшін берілді.
Анықтама 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды.
Филология факультетінің деканы: қолы аты-жөні
Тапсырма:
Бейсебеков Болаттың қазақ ұлттық университетінде оқытушы болып жұмыс істейтіндігі туралы Түркістан салық инспекциясына кадр бөлімінің атынан анықтама жазыңыз
Анықтама ұлттық кітапханаға Асан Жадыраның А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың медицина факультетінде оқитынын растау үшін қажет
Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекен-жайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекен-жайы: Түркістан қаласы 33/33
Мекемеде немесе ұйымдарда тағы басқа жерлерде қызмет атқаратынын айғақтайтын анықтама толтырыңыз.
Акт - мекеме, кейде жеке бір адамдардың қызметіне байланысты белгілі бір фактіні, не оқиғаларды растау үшін бірнеше адамдардың қол қойған құжаты. Актіні кесім деп те атайды.
