- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Сенімхат
Жоспары :
Сенімхат туралы түсінік
Сенімхаттың құрылымы
Сенімхат түрлері, сенімхат жазылатын жағдайлар
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат нақты бір мәселені бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.Сенімхат екі түрлі болады: мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар және жеке тұлға атынан берілетін сенімхаттар. Сенімхат бір дана етіп дайындалады.
Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі қолмен жазылады.Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куландырылады. Ондай кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі.
Мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар – мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.Мұндай сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына қызмет атқаруына құқық береді.Мұндай сенімхаттар типтік үлгіде жазылады.
Жеке сенімхат мынадай жағдайларда беріледі:
Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, хат-хабар, құжаттар алуға;
Өтініш жазуға, қол қоюға;
Пәтер сатуға және сатып алуға;
Пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
Автокөлік жүргізуге;
Банктегі есепшоттарды пайдалануға;
Барлық мекемелерде іс жүргізуге;
Сот мекемелерінде оның өкілі болуға т.б.
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі:
Төлемақы алу үшін сенімхат жарамдылығы – 3 ай;
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттың жарамдылығы – 3 жыл.
Сенімхат берілетін жағдайлар :
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т.б. жағдайларда беріледі.Сенімхат бір дана жасалады.Төлемақы алу үшін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл. Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылады.
Сенімхат- сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші тұлға атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін,олардың өзара келісімін куәландыратын құжат.Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі.Ресми сенімхаттар мекеме бланкісінде рәсімделеді, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе сенімхат иесінің аты-жөні, құжаттың аты көрсетіліп, қолы қойылады.Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап ,мөр басады.
Ерікті өкілдік атқару үшін кейбір қатынастарда сенімхат қажет.Оның Азаматтық кодекстің 167- бабындағы анықтамасы мынадай: «Бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету екінші адамға (сенім білдірген ) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. «Сонымен,сенімхат – нақты құжат. Оны сенім білдіруші өзі қол қойып,сенім білдірген орындаушыға береді. Заңды тұлға атынан берілген сенімхатқа оның басшысы қол қояды және сол ұйымның мөрімен бекітеді.
Сенімхатты коммерция саласында қолданған кезде екі мәселеге баса көңіл бөлген жөн. Біріншіден, сенімхат жарамды болуы үшін онда сенім білдіруші мен сенім білдірген жақтардың толық атаулары, жазылған уақыты және сенім білдіруші заңды тұлғаның басшысының қолы әрі сол ұйымның басылған мөрі болуы керек. Екіншіден, сенім білдірген жаққа берілген өкілеттік айқын көрсетілуі қажет. Тәжірибиеде осы талаптарға сай келмейтін сенімхаттар істің дұрыс орындалуына көп кедергі келтіреді. Жалпы, сенімхатқа арналған ережелерге Азаматтық кодекстің 167-174- баптары түпкілікті жауап береді.
Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастарда олардың қатысушылары тиісті құқықтарын жүзеге асыру,міндеттерін орындау және келісім-шартқа отыру үшін өздері тікелей әрекеттенбей-ақ өкілдеріне жүктеуіне мүмкіндік беріледі. Мысалы,бір адам басқа елді мекенге көшіуіне байланысты өзінің үй жиһаздарын сатып,ақшасын алуды біреуге міндеттейді.
Немесе несие беруші шетелде іссапарда жүргендіктен,өзіне қайтарылатын қарызды борышкерден қабылдап алуды басқа біреуге тапсырады.
Осындай жағдайларда өкілдік атқаратын адамның жасаған әрекеттері жазбаша түрде хатталса да, оның аты аталмайды. Жоғарыда келтірілген жағдайларда, үй жиһаздарын сатушы болып танылатын кісі сол мүліктің иесі (егер шарт жазбаша түрде жасалатын болса, сол кісінің аты жазылады), қайтарылған қарызды қабылдаған несие берушінің өзі деп көрсетіледі. Өкілдің іс-қимылдары басқаның атынан жасалады да, оның өз есімі қолданылмайды.
Мүліктік қатынастарда атқарылатын өкілдік туралы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде мынадай ереже бар: «Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға,сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары міндеттерін тікелей туғызады,өзгертеді және тоқтатады» (163-бап, 1-тармақ).
