- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
2. Сілтемелер мен ескертулер
1. Әр материалдағы сілтемелер бірдей болып белгіленуге тиіс – не цифрлармен: 1,2,3 немесе жұлдызшалармен .., ... .
2. Мәтіндегі тыныс белгілері (үтір, нүктелі үтір, қос нүкте, және нүкте) сілтеме белгісінен кейін қойылады.
3. Сілтемелер, әдетте, тиісті парақтың соңына қойылады және бас әріптен басталып жазылады.
4. Егер де тиісті тармаққа немесе абзацқа арнайы ескерту жазу талап етілмесе, жалпы ескертулер материалдың соңына шығарылады.
5. Егер де бір бетте сілтеме де, ескерту де кездессе, алдымен сілтеме, содан соң ескерту жазылады.
6. Ескерту сөзі бөлекше (асты сызылып) жазылады.
Ескерту сөзінен соң нүкте, ал ескертулер сөзінен кейін (егер де ескерту бірнеше болса) – қос нүкте қойылады. Мәтін бас әріптен бастап жазылады.
№15 Сабақ тақырыбы. Ресми құжаттарды жазуда ескерілетін емле
Қағидалары
Жоспары:
1.Ресми құжаттардың мәтінінде күрделі атаулар
2. Күрделі атауларды қысқарту жолдары
Қысқаша теориялық мәлімет:
Сызықша мен дефисті қолдану: Қашықтық, уақыттық немесе сандық шектерді белгілеу үшін сөздердің арасына сызықша қойылады. Мысалы: Алматы – Жамбыл - Шымкент – Түркістан темір жолы.
1945 – 1995 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырыс.
Жалқы есім мен жеке қосымшаның арасына дефис қойылады. Мысалы: ведомство - өндіруші, завод- құрастырушы.
Күрделі сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы: ұшқыш-космонавт, корреспондент – мүше.
Аббревиатуралардың жазылуы
1. Әріптердің аталуы бойынша оқылатын аббревиатуралар септелмейді және бас әріппен жазылады. Мысалы: ХШЖК, КРАМДС, РТС, ЭЕМ, ХҚТУ.
Буын бойынша оқытылатын аббревиатуралар септеледі және былай жазылады:
а) егер жалқы есімдермен түзілсе, бас әріптермен: ҚазМҰУ, ҚазТАГ, ЖАК.
б) егер жалпы есімдерден түзілсе, кіші әріптермен (қазақ тілінде ондай қысқартулар жоқтың қасы) . Мысалы. вуз, загс
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Ол Семей қаласында . . . .
А) тұрдым;
В) барды;
С) дүниеге келді;
Д) тұрасың;
Е) оқуға түстің.
2. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Мен 1992 жыл... 2002 жылға дейін мектепте оқыдым.
А) – ға;
В) – да;
С) – дан;
Д) – мен;
Е) – дың.
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Адамның жеке қасиеті - . . . .
А) әйел;
В) ер;
С) ұстамдылық;
Д) саяхат;
Е) азаматтылық.
4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Мен 1995 жылға дейін мұнай компаниясында инженер . . . жұмыс істедім.
А) болды;
В) болғанмын;
С) болып;
Д) боламын;
Е) болған.
5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Ұлтым - . . . .
А) жоғары;
В) неміспін;
С) қазақ;
Д) үйленгенмін;
Е) қызметкер.
6. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Менің білім... орта.
А) – сі;
В) – дер;
С) – ім;
Д) – м;
Е) – ің.
7. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
1999 жыл... дейін
А) – да;
В) – дан;
С) – мен;
Д) – ға;
Е) – дың.
8. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулық шылауды қойыңыз.
2003 жылдан ...
А) бері;
В) дейін;
С) таман;
Д) аралығында;
Е) туралы.
9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
1991-2002 жылдар ...
А) дейін;
В) бері;
С) аралығында;
Д) таман;
Е) қарай.
10. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Қарағанды қаласы... жұмыс істедім.
А) – да;
В) – нда;
С) – н;
Д) – на;
Е) – ның.
11. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
2003 жылы университет... түстім.
А) – іне;
В) – те;
С) – ті;
Д) – ке;
Е) – н.
12. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Докторлық диссертация ... .
А) аштым;
В) дүниеге келдім;
С) қорғадым;
Д) жұмыс істедім;
Е) бардым.
13. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
1995 жылы «Болашақ» фирмасына инженер болып ... .
А) дүниеге келдім;
В) сөйледім;
С) қорғадым;
Д) ауыстым;
Е) жұмыс істедім.
14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Мен немісше ... аламын.
А) сөйлеймін;
В) сөйлей;
С) сөйледім;
Д) сөйлемек;
Е) сөйлейді.
15. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Мен тұрмыста... .
А) – мін;
В) – мын;
С) –сың;
Д) – сің;
Е) – дым.
16. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
1991 жылы мектепті ... .
А) бардым;
В) түстім;
С) бітірдім;
Д) ауыстым;
Е) барамын.
17. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Қазір мен «Жұлдыз» фирмасында инженер... .
А) – імін;
В) – м;
С) – сің;
Д) – мін;
Е) – сіз.
18. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Мен завод... жұмыс істедім.
А) –қа;
В) –та;
С) –ға;
Д) –на;
Е) –ма.
19. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Ол заң университеті... бітірген.
А) – ң;
В) – м;
С) – не;
Д) – н;
Е) – ті.
20. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Мен алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға ... .
А) міндетті;
В) міндет;
С) міндетті емес;
Д) міндеттенесің;
Е) міндеттенемін.
