- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
Өркеннің морфологиялық құрылысы.
Бүршік, құрылысы және классификациясы.
Жапырақтың орналасуы.
Бұтақтанудың типтері.
5. Бүршіктердің типтері.
6.Өркеннің меристемалық төбесінің құрылысы.
Түйінді сөздер: бүршік, өркен, моноподиалдік, симподиалдік, дихотомиялы, түптену.
I сұрақ. Өркеннің морфологиялық құрылысы.
Өркен – төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге (сабаққа, жапыраққа, бүршікке) бөлінетін мүше.
Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
Фотосинтез;
Өсімдіктің вегетативті жолмен көбею мүшесі;
Артық қор заттармен суды бойына жинайтын мүше.
Өркеннің бөліктері:
төбелік бүршік
жапырақ буын
бүршік буын аралығы
буын жапырақ қолтығы
буын аралығы қолтық бүршік
Буын – сабақтың жапырақ кететін (шыққан жерін) буын деп атайды. Сабақтың екі буын аралығын – буын аралығы деп атайды. Жапырақ пен жоғары өсетін сабақ арасындағы бүршік кеңістікті – жапырақ қолтығы (қойнауы) деп атайды. Буын аралығы айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді – ұзарған өркен деп атайды. Буындары бір біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді – қысқарған өркен деп атайды. Өркеннің қайталана келіп отыратын және бірдей атаумен аталатын мүшелері бар бөлігін – метамерия ( грекше – мета-бірге, мерис-бөлік) деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буынынан, қолтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан тұрады.
II сұрақ. Бүршік.
Бүршік – бұл қысқарған өркен.
Бүршіктің түрлері:
А) Құрылысына қарай
вегетативті бүршік
бүршіктің қабыршақтары
өсу конусы
жапырақ бастама
Вегетативтік-репродуктивтік бүршік, өсу конусы алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына айналған.
Репродуктивтік бүршік – тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады (жапырақ бастамасы мүлдем болмайды).
Б)
Жабындық бүршік. Бүршіктің сыртқы жапырақтарының түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп кетуден, құрғап қалудан сақтайтын қабыршақтарға айналады. Олар тек қорғаныс қызметін атқарады (талда еку ғана, ал еменде 20-дан астам).
Жалаңаш (ашық) бүршік. Бұлардың қабыршақтары болмайды. Көптеген тропикалық және субтропикалық ағаштарға тән.
В) Орналасу ерекшеліктеріне қарай:
төбелік;
бүйірлік.
Г) Соңғы шығу тегіне қарай:
Қолтық бүршік – жапырақ бастамасының қолтығының өсу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады.
Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін қолтық бүршіктерді – бұйыққан бүршіктер деп атайды.
Қосалқы бүршік – сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің нәтижесінде эндогенді (іштен) жолмен пайда болады. Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе пиязшықтары бар кішкентай өркендер береді. Мұндай бүршіктерді - өнім бүрлері деп атайды.
Жапырақ қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін. Олар орналасуына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
Сериалды (лат.сериес-қатар) – бірінің үстіне бірі орналасады (грек жаңғағы, ақ қараған).
Коллатералды (лат. Кол- бірге, латералис- бүйірлі) - өзара бүйірлесе орналасады (алхоры).
Биколлатералды – екі қатарда өзара бүйірлесе орналасады (кирказон).
Айналмалы – бір буын деңгейінде сабақты айнала орналасады (қара өрік).
III сұрақ. Жапырақтың орналасуы. Сабақта жапырақтардың ретпен орналасуын – филлотаксис деп атайды. Жапырақтың орналасуының негізгі үш түрі болады:
Спиральді (оралма) немесе кезектесіп орналасу – буында тек бір ғана жапырақ болады (емен, қайың, бидай).
Қарама – қарсы (супротивті) орналасу – мұнда бір-біріне қарама -қарсы орналасқан екі жапырақ болады.
Топтасып орналасу – буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады (қарғакөз).
