Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368 Кб
Скачать
☆

5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:

  1. Эпидерма

  2. Мезофилл

  3. Өткізгіш шоқтар

  4. Механикалық ұлпа

Эпидерма жапырақтың жоғарғы және төменгі бетінде болады.

Төменгі эпидермада саңылау (устице) орналасады.

Мезофилл тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Осы клеткаларда жұқа целлюлозды қабықшалар болады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ паренхима болып екіге бөлінеді.

Өткізгіш шоқтар.

Ксилема және флоэма жабық коллатеральді шоқтарды құрайды. Ксилема жапырақтың жоғарғы бетіне қарай, ал флоэма төменгі бетіне қарай орналасады.

Ірі шоқтар склеренхимамен қапталған, ал ұсақ шоқтарды айнала клеткалар қаптап жатады.

Өткізгіш шоқтарды және сол шоқтарды қоршаған ұлпаларды жапырақтың жүйкесі деп атайды.

Механикалық ұлпалар склеренхималық талшықтарға, склереидтерге, колленхималарға бөлінеді.

Склеренхима шоқтардың жанында айнала орналасады.

Колленхима ірі шоқтардың жанында немесе жапырақтың шетінде орналасады, ал склеридтер болса жапырақтың мезофиллінде орналасады.

  1. Жапырақтың онтогенезі.

Жапырақтың даму кезеңін екі фазаға бөледі:

  1. бүршік ішіндегі фаза (клетканың бөлінуі);

  2. бүршіктен тыс (клетканың бөлінуі және созылуы).

Жапырақтың апикальді меристемасы қысқа уақыт аралығында қызмет етеді (даражарнақты – 0,3 мм, қосжарнақты – 7-10 мм). Одан ары қарай жапырақ интеркалярлы және шеткі меристемалары арқылы өседі.

7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.

  1. Жапырақ тастайтын өсімдіктер – 1 жыл;

  2. Мәңгі жасыл өсімдіктер – біржылдан аз;

Қарағай – 2 жыл, шыршы – 7-9 жыл;

Вельвичия – 100 жылдан аз, цитрус – 2-4 жыл.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

№3.7 Дәріс

Тақырыбы: Өркеннің ерекше түрі – гүлшоғырлар

1.Гүлшоғырлар морфологиясы.

2. Гүл шоғырының жүйесі

Түйінді сөздер: гүлшоғыр, фрондозды, брактеозды, парциальды, ботрикалық симподийлік гул шогырлар.

1. Гүлшоғырлар морфологиясы.

Гүл өсімдіктер сабағында бір-бірден (көкнәр, қызғалдақ, айва, шабдалы және т. б.) немесе тобымен орналасады. Өсімдік өркеңдеріне немесе бүтақтарына топтанып орналасқан ұсақ гүлдер жиынтығын гул шоғыры деп атайды. Гүл шоғыры бұтақтарыңда гүлдер орналасқан өркеннің түрін өзгерткен ерекше типі болғандықтан, оны шартты түрде репродуктивті мүшелерге жатқызады. Гүл шоғырыңда вегетативті өркеңдер болатын ортаңғы жапырақтар болмайды. Гүл шоғырының өсіңде жоғарғы жапырақ категориясына жататын гүл жапырақтар немесе жабық жапырақтар жетіледі, осылардың қолтығыңда болатын гүл бүршіктерінен гүлдер өсіп шығады. Гүлдер тікелей гүл шоғырының өсіңде, гүл жапырақтарының қолтығыңда немесе гүл сағағында орналасады. Сол сияқты гүл шоғырларына гүл сағақтарыңда жетілетін гүл жапырақшалар тән. Гүл шоғыры оның морфологиялық қүрылысы, құрамына енетін гүлдердің көлемі және саны жағынан алуан түрлі. Сондықтан, оның жоғарыда келтірілген ережесі үнемі толықтырып отыруды қажет етеді. Мысалы, қоғаның гүл шоғырыңдағы гүлдер саны 300 мыңға жетсе, корифа пальмасының гүл шоғырының ұзындығы 10 м, гүлдер саны 6 млн болады.

Гүл шоғырыңдағы жапырақтар әр түрлі. Егер гүл жапырақтарының жапырақ тақталары жақсы жетілсе, оңдай гүл шоғыры фрондозды (латынша жапырақ, көк) деп аталады (мысалы, үш түсті шегіргүл, талкурай). Брактеозды делінетін гүл жапырақтары қабыршақ тәрізді (брактеялар) болып келген гүл шоғырлары (мысалы, меруертгүл, серігүл, шие). Жалаңаш (эбрактеозды) гүл шоғырларында гүл жапырактары редукцияланған) жабайы шомыр, жұмыршақ және басқа крестгүлділер.

Бұтақтану дәрежесіне қарай гүл шоғырларын жай және күрделі деп бөледі. Жай гүл шоғырларыңца гүлдер негізгі өске бірден орналасады және бұтақтану реті екіден артпайды (жолжелкен, мойыл). Күрделі гүл шоғырларыңда негізгі өске жеке гүл шоғырлары (оларды парциальды немесе элементар деп атайды) орналасады да, бұтақтануы үш, төрт, кейде одан артық қатарға жетеді (серігүл, шөңкіш).