Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.

  1. Арқаулық (механикалық) ұлпалар.

  2. Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.

Түйінді сөздер: арқаулық (механикалық) ұлпалар,өткізгіш ұлпалар, ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.

1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.

Өсімдіктерге беріктік береді:

  1. тірі клеткалардың тургорлық қасиеттері;

  2. арқаулық ұлпалар;

  3. өткізгіш ұлпа клеткаларының сүректенген қабықшалары.

Арқаулық ұлпа:

1.Склеренхима - өсімдіктердің өстік мүшелерінің беріктігін қамтамасыз етеді. Склеренхиманың екі түрі болады:

  1. талшықты;

  2. склереидтер.

Талшықты клеткалары – пішіні прозенхималақ (ұзындығы 1-2 см-400мм). Клетка қабықшалары қалың және қабатты, көп жағдайда сүректенеді (өлі клеткалар). Талшықтар өткізгіш шоқтардың құрамына енеді. Склеренхима клеткалары толық қалыптасқаннан соң олардың тірі құрамдары өледі.

Склереидтер – немесе тасты клеткалар паренхималақ пішінді. Бұл клеткалардың қабықшалары қатты қалыңдаған және сүректелген. Клетка қабырғаларында көптеген саңылаулы каналдары болады, тірі құрамдары болмайды (алмұрт, айва жемістерде, асбұршақ тұқымында).

Колленхима – паренхималық ұлпа. Клеткалардың қабықшалары жарым-жартылай қалыңдалған, сондықтан да клетканың тірі құрамдары өлмейді, хлоропластар болады.

Клетка қабырғаларының қалыңдауына қарай колленхиманың үш түрін ажыратады:

  1. Бұрышты – қалыңдаған жерлері клеткалардың бұрышында орналасады (жапырақ сабағында).

  2. Табақшалы – клеткалардың тангентальді қабырғалары қалыңдайды (алма, қарақат жапырақ сабағында).

  3. Борпылдақ – клетка аралықтар жақсы дамыған. Клеткааралықтармен шектескен жері ғана қалыңдайды.

  4. Колленхима – нашар маманданған ұлпа. Ол тек арқаулық емес, соған қосымша ассимиляциялық қызмет те атқарады.

2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.

  1. Ксилема

Жоғарғы ағысты өткізгіш ұлпалар жиынтығы – ксилема, төменгіні – флоэма қамтамасыз етеді. Ксилема жиынтығы тамыр арқылы сорылған су мен минеральды заттарды өткізеді, флоэма жиынтығы ораникалық заттарды - өткізеді.

Ксилема және флоэма бірлестігі барлық өсімдіктер мүшелерін қамтитын (сабақ және тамырды) үздіксіз өткізгіш жүйесін түзеді.

Ксилема (құрылысы).

Трахея және трахеидтер - өткізгіш элементтер.

Паренхима – негізгі ұлпа (қорлық).

Сүректі талшықтар (либриформ) – склеренхима, аралық ұлпа

Трахеидтер – паренхималық клеткалар. Қалыптасқан трахеидтер кәдімгі қабырғалары қалыңдаған, өлі клеткалар. Трахеидтер ұзынынан қатты созылған, алғашқы қабықшасы бұзылмаған, бойнан су өткізетін клеткалар. Трахеидтер суды өткізуімен қатар, арқаулық қызметін де атқарады. Трахеидтер ашықтұқымдыларға тән.

Трахея (түтіктер) – тік жалғаса орналасқан паренхималық клеткалардан түзіледі. Клеткалардың көлденең қабырғалары бұзылады да, арасын тесіп өтетін перфорация (саңылау) қалыптасады (перфорациялық табақша).

Клетка қабырғаларының қалыңдануына қарай бұрандалы, шығыршықты, баспалдақты, торлы, нүктелі түтіктерімен ерекшеленеді.

Ксилема алғашқы және соңғы болып ажыратылады. Алғашқы ксилема өсімдіктің бастапқы құрамы қалыптасқанда, бірінші бүйірлік түзуші ұлпа – прокамбийден пайда болады. Олардың алғашқы құрамдық бөлімдері нашар сүректелген, бұрандалы және шығыршықты протоксилеманы түзеді. Кештеу дамыған ксилеманың біршама ірілеу құрамдық бөлімдерін метаксилема деп атайды. Соңғы ксилема екінші бүйірлік түзуші ұлпа – камбиден түзіледі. Соңғы ксилеманы сатылы, торлы және нүктелі түтіктер түзеді. Барлық жабықтұқымды өсімдіктердің трахеялары бар.

II Флоэма (тін) – құрылысы.

  1. Сүзгілі (електі) түтік және оның серіктері - өткізгіш ұлпа.

  2. Паренхима – негізгі ұлпа

  3. Тін талшықтар – арқаулық ұлпа.

III Шоқтар

Өткізгіш ұлпалар – ксилема және флоэма бірігіп өткізгіш шоқтар түзеді. Өткізгіш шоқтар құрамында флоэма, ксилема, тірі паренхималар, сүт жолдары, склеренхима кіреді, сондықтан оны талшықты (өткізгіш) түктер шоғы деп атайды.

  1. Жабық – флоэманың және ксилеманың ортасында камбий элементтері болмайды.

  2. Ашық – камбий элементтері меристема қасиетін сақтайды.

Ксилема мен флоэманың әртүрлі орналасу жағдайына байланысты өткізгіш шоқтар бөлінеді:

  1. шеңберлі

а) амфикрибральды

б) амфивазальды

  1. коллатеральды – сабақта, жапырақта

  2. биколлатеральды – алқа, асқабақ сабақтары

  3. сәулелі (радиальды) – тамырлар.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

№3.1 Дәріс

Тақырыбы: Тұқым және өскін.

Сұрақтар:

  1. Тұқымның құрылысы.

  2. Тұқымның өнуі.

  3. Өскіндердің құрылысы.

Түйінді сөздер: тұқым, өскін, ұрық, эндосперм, тұқым қабықшасы, жарнақ, гипокотиль, эпикотиль.