- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
I. Өркеннің әртүрлілігі.
Өркеннің құрылысына және оның тіршілігінің ұзақтығына қарай өсімдіктер шөптесін және ағашты болып екіге бөлінеді.
Бір жылдық өсімдіктер – бір жыл ғана өсіп-өніп тіршілік етеді;
Екі жылдық өсімдіктер – бірінші жылы вегетативті мүшелерін қалыптастырады да, тамырларына қоректік заттар қорын жинақтайды, ал екінші жылы, олар гүлдеп, жемістері жетілген соң қурайды (сәбіз, қызылша).
Көп жылдық өсімдіктер :
А) Ағаштар
Б) бұталар
В) жартылай бұта
Өсімдіктер буынаралықтарының мөлшеріне қарай:
Қысқарған буынаралықты;
Ұзарған буынаралықты өркендер болып ажырайды.
II. Өркеннің жерасты түрленуі.
Тамырсабақ – жасыл жапырақтары болмайды, бірақ буын және буын аралықтары айқын байқалады. Буындары қабыршақты жапырақшалар және ондағы қойнаулық бүршіктер арқылы анықтауға болады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды.
Шығу тегіне қарай тамырсабақ екіге бөлінеді:
Эпигеогенді (эпи-үсті, гео- жер, гендио- пайда болу) – тамырсабақ жер үстіндегі жасыл жапырақты өркеннен қалыптасады. Ол қосалқы тамырлар арқылы топырақ қабатына тартылады да, тамырсабаққа айналады.
Гипогеогенді – тамырсабақ бастап жер астында қалыптасады.
Столондар және түйнектер.
Столондар – жіңішке, түссіз, қабыршақты жапырақшалары бар, ақшыл сабақшалар. Жаздың соңында оның осіне қоректік заттар жиналып, жуандап түйнекке айналады (картоп).
Түйнек – түрі өзгерген жер асты өркен, осі яғни, оның сабақты бөлігі қор жинаушы қызметіне қарай белсенді жуандаған (паренхималанған), жапырағы ықшамдалған, оның қолтығында бүршік орналасқан (цикломен).
Пиязшық – оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған остен тұрады да, оны түбіртек неемесе түбіршік деп атайды. Түбіртектің бойына су және қоректік зат жинақталатын шырынды - өтженді жапырақтар орналасады. Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары құрғақ, жұқа қабықшалы, олар қорғаныс қызметін атқарады.
Құрғақ қорғаушы қабыршақтар
Шырынды қабыршақтар
Түбіртек
Қосалқы тамырлар
Түйнек пиязшық – түйнек пен пиязшықтың арасындағы өтпелі формасы. Сырт көрінісі бойынша пиязшыққа ұқсаста, ал морфологиялық жағынан түйнекке жақын (гладиолус, байшешек, баршынгүл)
III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
Мұртша және жер бетіндегі столондар – олардың буынаралықтары ұзын және төменгі жапырақтары мен қосалқы тамырлары болады. Тамырланған буындардағы қолтық бүршіктен жер үсті өркендері өседі. Мұртшаларының жасыл жапырағы жоқ, сабақтары өте нәзік, жіңішке, буынаралықтары ұзын болып келеді (бүлдірген).
Калдодий – жасыл жапырақ тәрізді, жалпақ, өзгерген сабақ (грекше калдос – бұтақ);
Филлокладий (грекше филлон – жапырақ, кладос – бұтақ) - өсуі шекті, жапырақ тәрізді, жалпайған өркен. Оның жалпайған беткі жағында қабыршақты жапырақшалар және гүл шоғырлары пайда болады (кірпішөп);
Тікен, сояу, шөнге – құрғақшылық аудандарда өсетін өсімдіктерде көп кездесетін түрлене өзгерудің түрі. Мұндай түрлене өзгеріске жапырақ та, сабақ та ұшырайды. Тікен – түрі өзгерген сабақ (алмұрт) немесе жапырақ (берікқарақат), кейбіреулерінде – жапырақ серіктері т.б.
Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.
№3.6 Дәріс
