Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Жауаптары:

1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.

11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.

29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды. Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбір шабуылдан кейін көтерілісшілер өздерінің соңында өртке оранған станицалар мен ауылдарды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауыны сіңіп, бой тасалап кететін. Мұның өзі патша үкіметінің жазалаушы әскерінің көтерілісшілерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар жазалаушы экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1835 жылы көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк бекіністерінің арасындағы кең – байтақ жерді Ресей империясының қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісіне барып қосылды.

Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті.

Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.