Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

1.Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық мәдени өіріндегі өзгерістер

Мал басыныц артуына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге ауысып, көшіп отыруға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы жедел дами бастады. Жағдайдың өз- геруіне қарай табын құрамы да өзгерді, ірі қараның саны азайды. Тебіндеп жайылуына байланысты кой мен жылқы саны артты. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Қола дәуірінде Қазақ- стан жерін мекендеген тұргындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай басталған ыдырауы жаппай етек алды. Мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамдардың еңбегін көп қажет етті. Бұл олардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Бұрын үстем болып келген аналық рулық қатынас толық күйреді. Оның орнына әкелік рулық қатынас қалыптасты. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп, ал жер қауымның, рудың меншігінде қалды. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.

2.Ж.Нұрмахамбетұлы мен е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңдар

Ресей әскерлерінің Қазақстанның Оңтустігі мен Оңтустік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Ол көтерілістер кезінде халықтың қалың бұқарасын атақты батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды. Екі көтерілістіңде ортақ белгілірі: екі көтерілістің де қозғаушы күші шаруалар болатын, жәнеде екеуіде патша үкіметімен Орта Азия хандықтарына қарсы бағытталған көтеріліс болды

3. Қарақытай мемлекетінің аумағын картаға бейнеле Қарахан мемлекетінщ негізі үлесті жүйеде каланып, Шығыс жөне Батыс - екі иеліктен (хандықтан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты.

№10 Билет

1.К.Қасымұлы бастаған көтерілі

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болдыс XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.