Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

КИмақ мемлекеті

VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік батысын мекендеген кимектер VII ғасырдың ортасына таман Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында кимектер Қазақстан жеріне қоныс тебе бастады. 766-840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды. Ортағасырлық парсы тарихшысы Гардизи кимектер құрамында жеті тайпа болды деп көрсетеді. Олар эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар, имек, қыпшақ тайпалары. Кейбір деректерде кимектер атауы «қимақтар», «кемектер» деп те кездеседі.

Деректердің көрсетуінше, Кимек мемлекетінің құрылған мерзімі IX ғасырдың соңы. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттық орталығы Имақия қаласы болды.

Мемлекет билеушісінің лауазымы «қаған» деп аталған. Билік атадан балаға мұрагерлікке қалдырылып отырған. Өкіметтің барлық билігі қаған қолында болды. Қағаннан кейінгі билік тайпалар бірлестігін  басқарған «ябғулардың»  қолында еді. Олардаң кейінгі жеке ру-тайпаларды  «шад-түріктер» билеген.

Кимектер орталығы  болған Ертіс өңірінде олардың 16 қаласы болыпты. Олардың ішінде Имақия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур, т.б. бар.

Х ғасырдың екінші жартысында кимектер жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастайды. Деректер оларды Ертіске дейін жетті деп жазады. XI ғасырда  бұл шабуылдар күшейе түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Кимек мемлекеті де әлсірей бастайды. Екінші жағынан, ішкі билік үшін күрес те өрши түсті. Билік үшін күреске қыпшақ тайпалары да араласты.

Кимектерде мал шаруашылығы басым болды. Парсы тарихшысы Гардизи былай деп жазды: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты... Қысқа арнап олар әрқайсысы өздерінің шама- шарқына қарай, қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады». Сонымен қатар, кимектер қолөнер, балық аулау, егіншілікпен де айналысқан. Зираттардан табылған садақ жебелері кимектердің темір қорытудың шеберлері болғандығын көрсетеді.

Кимектер мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.

Кимектер табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көкке, Тәңірге  сиынған.  Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға  да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.

X ғасырда Орталық Азиядан шыққан  көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Кимек мемлекетін әлсіретті. Сондықтан Кимек мемлекеті құрамындағы қыпшақ тайпалары өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына қарай қозғайды. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді «Дешті Қыпшақ», яғни «Қыпшақ даласы» деп атады.

Осы оқиғалардың барысында кимектер саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Кимектердің  бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы  қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына  қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты.

      Кимек атауы туралы «Қазақстан тарихының (Көне заманнан бүгінге дейін)» 5 томдық. 1том, 322-бетті қараңыз.