Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы

1902 жылдың қыркүйек, қазан айларында Дүниежүзі қазаңтарының құрылтайы өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 40-қа жуық елдерін- дегі 3 млн 200 мың қазақ диаспораеының (дүниежүзіндеғі бар қазақтың 32% -ы) өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшіп кеткен қандастарымызды шақыру шын мәнінде руханизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау, қазақ халқының бірлігін күшейту келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік’ инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды. Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны, Шымкентті, Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап халықтың тұрмысымен танысты. Құрылтай бүкіл республиканы қамтыған думанды мерекеге айналды.Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өтті. Онда “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылган ғылыми конференция болды. Жиында қазақ халқының тағдыры, бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтың негіздері, ана тілі мен ұрпақ тағдыры, халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяндамалар жасалды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар- баев “Құқшагымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.

3.Моғолстан мемлекетінің аумағын картаға бейнеле Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағын мекендеген

№7 Билет

1.Үйсіндер тарихы(қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)

Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы ақпаратты қытай деректерінен табамыз. Үйсіндер басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды. Үйсін қоғамын тайпа мен ру басшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар мен абыздар және қа- тардағы бұқара халық құрады. Қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілерден тұрды. Үйсіндер қоғамында теңсіздік қалыптасты. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Арасында құлдар да болды. Құлдар көбіне соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін оларға таңба салды. Археологтар бал- шықтан жасалған таңба-мөр тапқан. Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда алтын және мыс мәрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген. Әр түрлі заттарға салынған таңбалар жеке меншіктің болғанын дәлелдейді.Дәулетті адамдардың киімдері көбінесе жібектен, биязы жүннен тоқылған матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар жүннен тоқылған, былғары мен кой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер- суға да тараған. Көсемдер: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басканы жолат- пайтын.Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғаньш үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған