Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

2. «Үш жүз» бен «Алаш» партиясын салыстыр. Сипаты алдына қойған мақсатында қандай айырмашылықтар бар?

«Алаш партиясы» 1917 жылы21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).

«Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.

К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.

Айырмашылықтары:

«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.

«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.

«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.

«Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады.

«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды

«Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.

1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.

3.Ноғай Ордасының аумағын картаға бейнеле

Едәл мен Жайық аралығын алып жатқан мемлекет болған

№5 Билет

1. Түркеш қағанаты (саяси жағдайы,шаруашылығы, мәдениеті)

Түргеш қағанаты Батыс Түрік кағандығынын мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды. Саяси билік каған колында болды. Қағанат 20 әкімпгілік аймакка белінді. Аймактар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін каған етіл жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік баскару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Сулу (Сулық) қаған (715-738 жж.) билікке келгеннен кейін түргештер кайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу каған орданы Талас (Тараз) каласына көшіредіСұлудың билікке келген кезені Түргеш кағандығынын ішкі-сыртқы саяси жағдайының шиеленісіп тұрған тұсы еді. Біріншіден, батыста арабтардың шапкыншылығы күшейіп тұрса, екіншіден, шығыста Қытай мемлекеті үлкен кауіп төндірді. Ал үшінші жағынан, Шығыс Түрік кағандығы Жетісу жеріндегі ішкі кайшылыктарды пайдалануға тырысты. Сондықтан Сұлу қағанға өз кағандығының тәуелсіздігін ұстап отыру үшін үш жақты күрес жүргізуге тура келді Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырыскан. Осы жолда кағанның 717 жылы Тан империясына барып кайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне кауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына құда тусіп, баласын аяктандырса, өзі Тибет патшасыньщ кызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жаксартады.Ендігі мәселе, батыс жактағы басты жау арабтар еді. Каған арабтарға карсы Орта Азиядағы халыктардың күресін пайдаланып, оларды колдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самаркан, Бұхара тұрғьндарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыккан. Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талкандау үпгін 737 жылы ондағы карлұқтармен бірлесе отырьш, арабтарға ойсырата соққы берді. Қағаннын шайкастарға тікелей өзі ка- тынасуына әрі ылғи да жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “сүзеген", “муйізді қаган” деп ат койса керек. Алайда женіске куанған токарлыктар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен калған Сұлу кағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу каған Навакет каласында өз колбасшысы Баға тарханнын опасыздығынан қаза болған. Осы окиғадан кейін сары және қара түргештер ді ң арасында талас-тартыс кайтадан ушығьп кетеді. Екі арадағы күрес 20 жылға созылып, Қағандыктың саяси және экономикалык жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтын мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласьшдағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырьш, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан сон Шашты (Ташкент) алып, онын әмі рін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шакырады. 751 жылы қытай әскерлеріне күйрете соккы берді. Аман калған кытайлар Жетісудан біржола кетуге мәжбүр болды. Жікке бөлінушілік токтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Керіс-талас жылдан-жылға шиелетсіп, Түргеш кагандығы біржола өлсірейдх. Бұл сәтті Атлах шайкасына қатынасқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш кағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алады.