Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆
  1. Жәңгір Бөкейұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөлі.

Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор роль атқарды.Қазақ халқының тарихында көптеген із-түзсіз кеткен хандар болды.Жәңгір ханды біз олардың қатарына қоса алмаймыз, себебі оның қазақ тарихында алатын орны үлкен.Жәңгір хан қазақ даласына көптеген жаңашыл өзгерістер енгізген адам.Бөкей ордасы, Жәңгір хан туралы көп жазылғанымен, бұл әулет тарихында беті ашылмаған жәйттері әлі жеткілікті.

1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды.

Әкімшілік және саяси жағдайы. Билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды. Жер өз туыстарының арасында бөлінді. Жер жалға берілді. Халық отырықшылыққа көше бастады. Сауда-саттық дамыды. Саудагерлерді тарту үшін баж салығының ең төменгі мөлшері белгіленді. Іс қағаздарын жүргізу тәртібін енгізді, аурухана және дәріхана ашылды. Мал тұқымын асылдандырды, ағаш егу ісіне көңіл бөлді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды. Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға,не суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды және оған байлардың ғана мүмкіндігі болатын. Шаруа арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дау-жанжалды ылғи өз пайдасына шешіп отырды. Қыста бекініс тұрғындары шаруаларға сатып,әрбір шана шөпті 6-20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді. Сол кездегі патша офицерлерінң мойындауынша, қазақ шаруалары екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшіліктің өз үстемдігін іске асырып,бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады. Жайылым,суат, орман,қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ шаруалары үшін шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс жағдайын күйзелтіп,қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей,орал әскерінің атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, үй салуға, ағаш шабуға, балық алауға, сордан тұз алуға да тыйым салды. Осы тұста патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылық басқару жүйесіне беру саясвтын жүргізген болатын. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып бекіткен Уақытша Кеңес құрылды. Құрамында сұлтандар тобынан екі өкіл, мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші кірді. Соңынан Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеулігі бекітілді. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясы құрамына берілді.

Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны ерекше.Кіші жүз қазақтарының күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің ежелгі атамекеніне қайта оралып, қоныстануы, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденуге мүмкіндік тудырды. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ-Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ағарту салаларында ерекше табыстарға қол жеткізе алды. Ал жер мәселесінің шиеленісуі И.Тайманов, М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ұласты.

  1. VІ –ІХ ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер жайлы кестені толтырыңыз.

Архитектуралық ескерткіштер

Қысқаша сипаты

Өзіндік ерекшеліктері

Ақыртас

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында (оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған. П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас. Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас болуы мүмкін.

Мырзарабат

Мырзабат Сардобасы – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Гүлстан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде, Мырзашөл даласында орналасқан (Өзбекстан).

Ғимарат табанының диаметрі шамамен 12 м, жалпы биіктігі 8 м. Байырғы керуен жолдары бойында орналасқан күмбезді құдық. Мырзабат Сардобасы шөл далада су сақтау, ыстық күнде құдықтағы судың жылымауы үшін тұрғызылған. Сырт пішіні киіз үйге ұқсас. Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған. Бүйірінде күмбезге кіріп-шығуы және іші бір қалыпты салқын болып тұруы үшін бірнеше ойықтар жасалған. Ойықтардың маңдайшалары доғаланып өрілген. Құдық қабырғасы берік шегенделген.

Мырзашөлде Мырзабат Сардобасы секілді басқа да күмбезді құдықтар бар (Якка Сардобасы, 6 – 9 ғасырлар). Бұл ғимараттар сол дәуірде және кейінгі кезде де көшпелі халықтарға, жолаушылар мен керуендерге ауыз су және бағыт-бағдар, демалыс орны қызметін атқарған.

16-билет