Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ержан Сарсенбиев ))).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1 Технологиялық бөлім

1.1 Мұнай қоймасының орналасуы

Талдықорған қаласының мұнай қоймасы мұнай өнімімен тұтынушыларды және жақын орналасқан аудандарды мұнай өнімідерімен жабдықтауға арнлған жүргізілетін операциялар мінездемелеріне сәйкес мұнай қоймасы таратушы, транспортқа байланысы бойынша - темір жолды, номенклатурасы бойынша - түсуші, сақталынатын мұнай өнімдері бойынша жалпы сақтауға арналған мұнай қоймасы болып табылады. Жобаланған мұнай қоймасын мұнай құбырөткізгішіне қосуға болуға болатындай етіп жобалаған.

Мұнай қоймасының қысқаша мінездемесі. Жекелеген мұнай қоймасының мәнін мұнайды тұтыну жүйесінде тұтынушылар құрамымен, транспорттық байланысымен, зат айналымының көлемімен мұнай өнімдерін сқтауға арнлған резевуарлық паркпен жәнеде басқа факторлармен анықтайды.

Талдықорған қаласында жобаланған мұнай қоймасы күрделі инженерлі-техникалық комплексті құрайды, оның құрамына ғимараттар, құбырөткізгіштер жүйесі, резервуарлар, сорап станциялары және арнайы құрал-жабдықтары кіреді. Олар келіп түскен мұнай өнімдерден қабылдау, сақтау және тарату үшін қолданылады.

Мұнай қоймасында орындалатын операциялар негізгі және көмекші болып бөлінеді: негізгі операцияларға - темір жолмен келіп түскен мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, тарату, сол сияқты автоцистерналарға және үлкен көлемде теміржол цистерналарына, тарату, өлшеу есептеу, мұнай өнімдерінің спасын анықтау және товарлы-транспорттық қүжаттарды толтыру кіреді.

Негізгі операцияларды орындау кезінде әр түлі ішкі қоймалық және тиеу жұмыстары да жүргізеді

Қосымша операцияларға өңделген майларды қабылдау, мұнайөнімерін тазалау, техникалық құрал жабдықтарды жөндеу, от қазанын пайдалану жәнеде транспорттық-энергиялық қондырғларды пайдалану жұмыстары кіреді.

Осы операциялардың түрақты және қалыпты жүргізілуі үшін, сонымен қатар барлық мұнай қоймасының ғимарттарын өрт қауіпсіздігінен сақтау үшін зоналарға бөлінген.

Теміржол операцияларының зонасына мұнай өнімдерін қабылдау және тиеу құрлыстары кіреді. Бұл зонада орналасады: 10 вагон цистернаға теміржол кұю эстакадасы, қара және ашық мұнай өнімдерінің сорабы, темір жолдарына кірер жол, өңделген мұнай өнмдерін қабылдау пункті, темір жол вагон цистерналарының транспорттық механизмдері.

Сақтау зонасында төмендегідей объектілер орналасқан: жалпы сыйымдылығы 18,4 мың м3 ашық түсті мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлық парк, жалпы сыйымдылығы 3,4 мың м3 майларға арналған резервуарлық парк; технолгиялық құбырөткізгіштер.

Оперативтік зона, бұл жерде аздаған мөлшерде мұнай өнімдерін автоцистерналарға жіберу, сонымен қатар контейнерлерге, бочкаларға жіберу, кұю станциясы, операторлық бөлме, 750 бочкада мұнай өнімдерін сақтауға арналған қойма, технолгиялық құрал жабдықтадың және бөлшектердің қоймасы орналасқан.

Қосымша құрылыстар зонасы мұнай қоймасына қызмет көрсету үшін арналған. Онда үш от қазанымен ДЕ-4-14І м маркалы от қазаны, түтіндік құбырша, трансформаторлық подстанция, өрт сөндіру сорап станциясы, су арынды мұржасы, 700 м3 сыйымдылықтағы сулар үшін резервуарлар, өрттік гидранттар, ішкі аудандық су құбырөткізгіштерінің көздері, электрмен жабдыктау, байланыс және тағы басқалар; теннис, воллейбол, басктбол алаңдары.

Әкімшілік шаруашылық зонасы, мұнда өндірістік-жүмыс корпустары, өрттік депо, 50 адамды асхана орналасқан.

Тазарту құрылыстарының зонасының құрамына: өндірістік және жауын-шашындық суларды тазарту құрлыстары, тазарту қоймалары кіреді.

От қазаны 150 °С - 170 °С шамасында жылытуға, буға, 4 атм қысымға және технологиялық қажеттіліктерге ыстық су береді:

- жылдық жылу түтыну - 21827 Гкал;

- от қазаны үшін отын ретінде М-100 маркалы мазут қолданылады;

- жылдық отынның шығыны - 877,0 тонн.

Барлық объектілердің канализациясы жеке дара қарастырылған:

- шаруашылық—тұрмыстық канализациясы;

- өндірістік канализация;

- жауын-шашындық канализация.

Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстықсуларды тазартқаннан кейін қалалық коллекторға лақтырады. Лақтырылатын су көлемі - 36,127 мың м3/жыл.

Бас жоспар бойынша инженерлік көздердің және коммуникациялардың негізгі шешімдері мен көрсеткіштері.

Бас жоспар бойынша ғимараттарды және құрылыстарды жинақтау-технологиялық үлгінің шешімі бойынша жүргізілген, сонымен қатар зонада объектіледің орналасуыменде қарастырылған. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер:

- бөліктің ауданы - 10,53 га;

- құрылыс ауданы - 4,55 га;

- көгалдандыру ауданьт - 1,58 га;

- жабу ауданы - 1,92 га;

- құрылыс тығыздығы - 43 %.

Мұнай қоймасының аймағында инженерлік қөздерді орналастыру жер үстінде аласа, орташа және биіктіктегі түғырларда, жер астындағы үшін траншеяларда, жүруге болмайтын өткелдерде орналастыру жобаланған.

Ішкі аудандық және сыртқы тасымалдауларды жабдықтау үшін жобада темір жолдық және автокөлік транспорттары қолданылған.