Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ержан Сарсенбиев ))).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері

Ақау №1

Резервуар түбі толығымен коррозияға ұшыраған

I Ақауды жою әдісі

1. Түбінің А учаскелерін ауыстыру.

2. Биіктігі 200 мм кем емес қабырғаны және түбін кесіп алу. Бірінші учаскінің ұзындығы келесісін 500 мм-ге ұзын болуы қажет.

3. Кесіп алынған учаскені резервуардан тартып алып, Б шетін В технологиялық подкладкаларына дейін жеткізеді.

4. Шеттерін бір-бірімен дәнекерлеп, тігінен 50-70 мм жабатындай етіп Г болат бетін орнатып, екі жағынан резервуар қабырғасына дәнекерлейді.

5. Түбінің Д учаскелерін жинап, тігістерді дәнекерлейді. Дәнекерлеу реті суретте көрсетілген.

6. Қажет болған жағдайда изоляциялаушы қабатты жөндейді.

7. Барлық пісріліген қосылыстарды герметикаға тексеріп, резервуар есептік деңгейге дейін толтырып, гидравликалық сынау жүргізу.

II Ақауды жою әдісі

1. Резервуар қабырғасының бірінші белдеуінде 2000х1500 мм болатындай етіп монтаждық «терезе» кесіп алу.

2. Резервуар түбіне 50 мм кем емес А гидрофобты грунт қабатын қою. Жобалық ылди бойынша грунтты тегістеу.

3. Түбінің Б учаскелерін жинап дәнекерлейді. Дәнекерлеуді ортасынан шетіне қарай екі қабатпен жүргізеді.

4. Қабырғада кезегімен терезелер кесіп, Г технологиялық подкладкасы бар В окрайкаларын қояды. Окрайкаларды өзара беттестіріп, қоставрлы тігіспен дәнекерлейді.

5. окрайка сақинасын түбімен дәнекерлеп, қабырғадағы терезерлерді жабады.

6. Дәнекерлеу бағыты мен реті бағыттауышпен және сандармен көрсетілген.

7. Барлық пісріліген қосылыстарды герметикаға тексеріп, резервуар есептік деңгейге дейін толтырып, гидравликалық сынау жүргізу.

Ақау №2

Б резервуар қабырғасында А горизонтальды гофр

Ақауды жою әдісі

1. Гофры бар бетті кесіп алу.

2. Көрші жатқан беттердің 500 мм кем болмайтындай етіп, горизонтальды тігістерді ашу.

3. Кесіп алынған бет орнына жаңа бетті ұстату.

4. Жаңа орнатылған бетті көрсетілген реет бойынша дәнекерлейді.

Ақау №3

Резервуар қабырғасының бірінші белдеуінінің ішкі бетінің коррозиясы.

Коррозия сипаттамасы - тереңдігі 1,5-2 мм раковиналар тобы.

Ақауды жою әдісі

1. Резервуар қабырғасының дефектілі жерлерін ретімен бөлек учаскелермен ауыстырады.

2. А учаскесінің шекарасын дефектілі зонаның биіктігінен 100 мм және ұзыны бойынша 3000 мм етіп белгілеу.

3. Дефектілі жерлерді алдымен түбінен содан соң қабырғасының алып тастау.

4. Резервуардың сыртқы жағынан қалыңдығы бірінші белдеудің қалыңдығындай Б накладкасын қою.

5. Накладкаларды резервуар қабырғасымен дәнекерлеу.

6. Барлық пісріліген қосылыстарды герметикаға тексеріп, резервуар есептік деңгейге дейін толтырып, гидравликалық сынау жүргізу.

Ақау №4

А дәнекерленген тігістің және ұзындығы 500 мм көп Б негізгі металдың коррозиясы

Ақауды жою әдісі

1. Дефектілі учаскенің шекарасы анықталып, алынатын зонаны белгілеу.

2. В дөңгелектенген бұрыштары бар тіктөртбұрышты саңылау жасау.

3. Резервуардың ішкі жағынан Б қабырғасына сағылаудың ұзыны мен енінен 150 мм үлкен қалыңдығы белдеудің қалыңдығындай В накладкасын қою.

4. Б қабырғасы мен В накладкасын алдымен 1 резервуардың сыртқы жағынан содан соң 2 резервуардың ішкі жағынан герметикалық тігістермен дәнекерлейді.