Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ержан Сарсенбиев ))).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру

Акустико-эмиссиондық диагностика келесі нұсқаулар мен ережелер бойынша жүргізіледі:

- РД 03131 - 97. Сосуды, аппараты, котлы и технологические трубопроводы Акустико-эмиссионный метод контроля;

- МР 3S.1S.015 - 94. Методические рекомендации по акустико-эмиосионному контролю сосудов, работающих под давлением и трубопроводов нефтехимических производств;

- РД OS-95-95. Положение о системе технического диагностирования сварных вертикальных цилиндрических резервуаров для нефти и нефтепродуктов.

1.5.2 Аэ бақылау технологиясы

Акустико-эмиссиондық бақылау ТСО «Интерюнис» (Мәскеу қ.) Alme-16D акустико-эмиссиондық жүйелерімен жүргізіледі:

- 2000ж. шығарылған «Portable» модификациялы Alme-16D жүйесі - 16 канал;

- өндірістік типті Pentium-2 компьютер негізіндегі AIme-16D жүйесі - 16 канал.

Бақылау парк аралық сораптармен басқа резервуарлардан мұнайды айдау арқылы резервуардағы мұнай деңгейін көтеру арқылы жүргізіледі. АЭ бақылауды бастауға дейін бір тәулік бұрын резервуардың максималды толтыру биіктігінің 70% құрайтын биіктікке дейін толтыру қажет.

Резервуардық диагностикаға дайындығы туралы акттар және хаттамалар толтырылады. АЭ бақылау жүргізілгеннен кейін АЭ бақылау орындалғаны туралы акттарға қол қойылады.

Бақылау барысында анықталған резервуардың қабырғасының бірінші белдеуінің металының қаттылығы МЕСТ бойынша рұқсат етілген мәндермен салыстырылады.

1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы

Аккустикалық эммисия әдісі бақыланатын объектілерде пластикалық деформация немесе жарылымдардың өсу процесі кезінде пайда болатын аккустикалық толқындарды тіркеу мен анализ жасауына негізделген.

Бұл дефектінің объектіге әсер етуіне негізделген дефектілердің және объект жағдайының бағалау критерийлерінің адекватты классификациясын жасауға мүмкіндік береді.

Аккустикалық эммисияның тағы да бір көзі ретінде жұмыстық дененің (сұйықтың немесе газдың) бақыланатын объект ішіндегі сағылаулар арқылы қозғалуы алынады.

Аккустикалық эммисия әдісінің ерекшеліктері:

- АЭ әдісі жаңадан дамып келе жатқан дефектілері тауып және тіркейді. Соның арқасында дефектілерді өлшемдері жағынан емес, қауіптілігі жағынан классификация жасауға мүмүкіндік береді.

- АЭ әдісі өсіп келе жатқан дефектілерге өте сезімтал.

- дефектің орналасуы мен ориентациясы дефектің анықталуына әсер етпейді.

1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары

Резервуардың АЭ бақылауын жүргізу үшін «Интерюнис» (Мәскеу қ.) фирмасы жасаған Aline32D дефектоскопты аккустикалық-эмиссионды комплекс қолданды. Дефектоскоп бұзбайтын бақылау жасауға және жауапты объектілердің техникалық жағдайын бағалауға арналған.

Aline32D дефектоскоптың блогы келесі АЭ параметрлерін тіркейді:

- АЭ тіркеу уақыты;

- АЭ максималды амплитудасын тіркеу уақыты;

- АЭ аяқталу уақыты;

- АЭ энергиясын;

- Шекті мәнді асу саны;

- статустық жалаулар;

Осы барлық паратрлерге канал номері жөнінде және қосымша ақпарат қосылады. Бұл ақпарат әрі қарай компьютерге өңдекге жіберіліп сақталады. Ақпараттан басқа АЭ параметрлерін жасау блогы шулық ақпараттарды жасайды. Бұл ақпараттарда өлшенетін трактың сипаттамасы жөнінде мәліметтер болады.

АЭ параметрлерін қалптастыру барысында келесі бағадрламалау параметрлері қоданылады:

- SCETO (аяқталу уақыты)

- RTTO (максималды амплитуда мәні кезіндегі тайм-аут)

- DUR_MAX (максималды уақыт ұзақтығы бойынша тайм-аут)

- DEAD_TIME (АЭ параметрлерін уақытша тіркемеуге каналды жауып қою уақыты)

Негізгі техникалық көрсеткіштер мен сипаттамалар:

АЭ параметрлерін өлшеу каналдары

Каналдар саны - 16

Бір каналға сигналдардың максималды саны – 1000 кем емес

Кіру кедергісі - 50 Ом

Күшейту коэффициентінің жұмыстық диапазоны - 60 дБ

Аттенюаторды орнату сатысы - 0,375 дБ

АЭ сигналдарының амплитудасын өлшеуінің динамикалық диапазоны - 66 дБ

Қайта жүктеу жиілігі - 5 МГц

Разрядтылығы - 12 бит

Өлшенетін АЭ параметрлер

Максималды амплитуданы тіркеу уақытының дәлдігі - ± 1мксек

АЭ сигналдарын тіркеу уақытының дәлдігі - ± 1мксек

АЭ сигналдарының максималды ұзақтығы - 10-50 000 мкс

Максималды АЭ амплитуданы тіркеу разрядтылығы - 12 бит

Бағдарламалық параметрлер

Шуларды бөліп алу деңгейін өзгеру диапазоны - от 0 до 66 дБ

Максималды ұзақтылық диапазоны - от 10 мкс до 50 мс

Амплитуда тайм-аутының өзгеру диапазоны - от 10 мкс до 50 мс

Ұзақтылық тайм-аутының өзгеру диапазоны - от 10 мкс до 50 мс

«Өлі уақыттың» өзгеру диапазоны - от 10 мкс до 50 мс

Күшейту коэффициентінің жұмыстық диапазоны - 60 дБ

Бағдарламалық қамсыздандыру

Aline32D комплекінің бағдарламалық қамсыздандыруы Windows-98 ортасында жасалған. Бағдарламада жүйенің екі негізгі жұмыс режимі қарастырылған:

- ON-LFNE режимі (аппаратты бөлігі қосылған) - бұл мәліметтерді жинау және өңдеу режимі

- OFF-LINE режимі (аппаратты бөлігі қосылмаған) - бұл мәліметтерді өңдеу режимі

Бақылау барысында бағадарлама алынған мәліметтерді шығыс файлына жазады. Бұл жағдайда келесі мүмкіндіктер қарастырылған:

- АЭ мәліметтер файлдарын графикалық және тексттік көрініспен оқу;

- SDO файлдарын оқу;

- файл мәліметтері бойынша дефектілерді локализациялау;

- локация нәтижелері бойынша мәліметтерді фильтрациялау;

- АЭ сигналдарының кез келген параметрлері бойынша графиктер тұрғызу;

- уақыт, канал номері, амплитуда, энергия, АЭ сигналның өсу уақыты (Rise time), АЭ сигналның уақыты (Duration), АЭ жиілігі бойынша мәліметтерді фильтрациялау.