- •2 Арнайы бөлім 37
- •3 Экономикалық бөлім 54
- •4 Еңбекті қорғау 59
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 66
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Мұнай қоймасының орналасуы
- •1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер
- •1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу
- •1.5 Резервуар элементтерінің металының қалыңдығын өлшеу
- •1.4 Резервуардың техникалық диагноcтикаға дайындау
- •1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру
- •1.5.2 Аэ бақылау технологиясы
- •1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы
- •1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары
- •1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
- •1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
- •1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
- •1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
- •1.6 .1 Дайындық жұмыстары
- •1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері
- •1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
- •1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
- •1.7.3 Резервуарды сынау
- •1.8 Технологиялық шешімдер
- •1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
- •1.9 Ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сорабы
- •1.9.1 Вагон цистерналарға арналған құю эстакадасы
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Патенттік шолу
- •2.2 Резервуарлы парктегі өрт қауіпсіздігі
- •2.2.1 Резервуарға қажетті өрт сөндіру құралдарының санын есептеу
- •2.3 №1 Резервуарлы паркіне арналған есептеулер:
- •2.4 Автоқұю бағытының есептелуі
- •2.5 Қыздырудың ықтимал температурасын есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1.1Еңбек ақыны есептеу
- •3.2 Амортизациялық аудару
- •3.3 Эксплуатациялық шығындар
- •3.4 Энергияға жұмсалған қаражаттар
- •3.5 Басқада шығындар
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Объектідегі зиянды және қауіпті факторлер анализі
- •4.2 Объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар
- •4.2.1 Желдету
- •4.2.2 Электроқамтамасыз және электрқұралдары
- •4.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •4.2.4 Шу деңгейін төмендету және вибрациядан құтылу шаралары
- •4.3 Өрт және газдануды анықтау жүйелері
- •4.4 Дабыл және апатты белгілеу жүйелері
- •4.4.1 Газдарды анықтаушы датчиктерді орналастыру және кабелді коммуникациялар
- •4.5 Найзағайдан қорғану, стантикалық электрден қорғану, жерлендіру
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Технологиялық процестің қоршалған ортаның компоненттеріне әсерін талдау
- •5.1.1 Атмосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
- •5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
- •5.4 Атмосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •5.4.1 Гидросфераны қорғау жөніндегі шаралар.
- •5.4.2 Литосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
Бақылау нәтижесі бойынша объектіде АЭ сигналдардың таралу жылдамдығы металл бойынша 5200 м/с және мұнай бойынша 1700 м/с екені анықталды. Резервуар түбін «түбі» сұлбасы бойынша локация жасалды.
1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
Объектінің жағдайын бағалау үшін келесі критерийлер таңдалады:
1. Амплитудалы критерии
Таңдалған бақылау интервалында әрбір АЭ көзі үшін кемінде 3 сигналдан алынған индивидуалды амплитудалардан Ас анықталған орташа амплитудасы Аср есептеледі.
Амплитуда материалда тарауынын әсерінен АЭ сигналының өшуін ескере отырып, түзіледі:
Жіберілетін амплитуданың шекті мәні:
At=Bl Unop+B2Ac
мұнда Unop - амплитудалы дискриминацияның мәні;
Ас - АЭ сигналының материалдағы жарылыстың өсуініне сәйкес мәнінің өсуі;
В1 = 1, В2 = 0,2 - коэффициенттер
Аt =Unop - 0.2Ac
Көздердің амплитудалы критерий бойынша классификация келесідей жасалады:
1 класты көз - байқау интервалы барысында кемінде үш импульс алынған көз;
2 класты көз - Аср < Ai теңсіздігі орындалатын көз;
3 класты көз - Аср > Аi теңсіздігі орындалатын көз;
4 класты көз - үш тіркелген импульсі бар, Аср > Аt теңсіздігі орындалатын көз;
1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
Бақыланатын объектің қабырғасында ағындаларының болуын растайтын үздіксіз АЭ тіркеу. Үздіксіз АЭ деңгейі бақылау жүйесінің деңгейінен жоғары болады.
Үздіксіз АЭ критерий бойынша жағдай келесідей классификацияланады:
1 класты көз - үздіксіз АЭ болмауы;
2 класты көз - үздіксіз АЭ тіркеу;
1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
Резервуарда мұнай және мұнай өнімдерінің жоғалуын азайту мақсатында жабдықтарды дұрыс пайдалануға үлкен көңіл бөлу қажет.
Барлық резервуарлар дұрыс жағдайда және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған метал резервуарларын пайдалану және оларды жөндеу туралы ережелері» талаптарына сай болу қажет.
Герметикалық болат резервуарларының жұмыс жасау ерекшелігі – газ кеңістігіндегі буланудан және толтырудан қысымның жоғарлауы, салқындату немесе босату кезінде вакуумның ұлғаюы.
Резервуардағы артық қысымның (вакуумның) жоғарлауы жоғалтулардың азаюына әкеледі. Резервуардың газ кеңістігіндегі артық қысымның пайда болуы жоғары температуралы және құрамындағы газ көлемі үлкен мұнай өнімдерін айдауының жоғары өнімділігі кезінде орын алады.
Вакуум мәнінің шектік мәнінен артуы теріс температуралар себебінен клапан тарелкаларының қатып қалып вакуумдық клапандардың дұрыс жұмыс жасамауынан болады.
РВС 5000 қондырғылары ұзақ мерзім пайдалануда болуына байланысты физикалық тозады. Резрвуар қондырғылары тексеру нәтижелері бойынша төмендегі қондырғылар ауысыруға жатады.
1.6 .1 Дайындық жұмыстары
Жөндеу жұмыстары бастамас бұрын резервуар бетіндегі барлық дефектілер анықталып, сырмен белгіленеді, негізгі тігістер және негізгі металл тексеріліп, дефектілердің орналасу сұлбасы жасалады.
Бірінші қабатты пісіру үшін диаметрі 3 мм электродты, ал қалған қабаттар үшін диаметрі 4-5 мм электродтарды қолдану қажет. Әр қабаттың пісіру беттеріндегі тігістері шлак пен метал ұшқындарынан толықтай тазартылуы тиіс. Жарылымдары, кеуетері бар тігіс бөліктерін жойып, қайта пісіру керек.
Бірінші қабатты пісіру үшін диаметрі 3 мм электродты, ал қалған қабаттар үшін диаметрі 4-5 мм электродтарды қолдану қажет. Әр қабаттың пісіру беттеріндегі тігістері шлак пен метал ұшқындарынан толықтай тазартылуы тиіс. Жарылымдары, кеуектері бар тігіс бөліктерін жойып, қайта пісіру керек.
Беттестіріп дәнекерлеуді кейінгі сатылы әдіспен істеу керек. Сатының ұзындығы 300-500 мм аспау керек. Қолмен дәнекерлеу кезінде негізгі металлдың тігісінің шекарасынан тыс доғаны жағуға және негізгі металлға кратер шығаруға болмайды. Егер дәнекерлеу кезінде тігісте немесе бетте жарылым пайда болса бетті тігісімен бірге жойып, жаңасымен алмастыру керек. Тігістердегі дефектілер жойылу керек:
1. тігістердің үзілістері мен кратерлер дәнекерлену керек, жарылымдары бар, дұрыс дәнекерленбеген және басқа дефектілері бар тігістердің дефектілерін жан-жағынан 30 мм қоса алып жойып және қайта дәнекерлейді.
2. негізгі металлдың нормаға сай емес шеттері диаметрі 3 мм электродпен жұқа валикпен балқыту арқылы қорғалып және дәнекерлену керек, одан кейін тазалану керек. Бұл жол балқытылған металлдың негізгі металлға тегіс өтуін қамтамасыз етеді.
Дәнекерленген кедір-бүдір тігістерді чеканка көмегімен тегістеуге тыйым салынады.
5 мм дейінгі беттерді және басқа да элементтерді беттестіру арқылы жинайды. 5 мм асатындарды біріне бірін тақап беттестіреді. Беттестірудің өлшемі 30-40 мм аспау керек, беттердің арасындағы саңылау 1мм-ден аспау керек. Беттестіруге дәнекерленетін элементтерді резервуардың ішкі бетінен жапсыру керек: олардың арасындағы саңылау 1-2 мм-ден аспау керек.
Саңылауы 4 мм біржақты тігісті қосылыстарда прокладканың қалыңдығы беттердің қалыңдығымен тең алынады: жиналатын детальдарға біріктірілуіне жапсырылатын бетшелер тігістер жаққа орналастырады. Беттің биіктігі 6 мм-ден және ұзындығы 50-60 мм беттердің арасы 400-500 мм-ден аспау керек.
Жөндеу жұмыстарына қол доғалық дәнекерлеуді пайдалануға рұқсат етіледі. Дәнекерлеуді тұрақты токпен жасау қажет. Газды дәнекерлеуді жауапты элементерді жөндеуде қолдануға тыйым салынады. Резервуарды жөндеу кезінде тігістерді қолмен дәнекерлеуді кейінді сатылы әдіс бойынша жүргізу қажет.
Жөндеу жұмыстарына қол доғалық дәнекерлеуді пайдалануға рұқсат етіледі. Дәнекерлеуді тұрақты токпен жасау қажет. Газды дәнекерлеуді жауапты элементерді жөндеуде қолдануға тыйым салынады. Резервуарды жөндеу кезінде тігістерді қолмен дәнекерлеуді кейінді сатылы әдіс бойынша жүргізу.
Негізгі тігісті дәнекерлеуді метал қалыңдығына байланысты бірнеше қабатпен жүргізеді.
1. Резервуар сыртынан корпустың түбіне қосылуы
2. Резервуардың ішінен корпусқа жанасатын сегменттер
3. Корпустық төменгі белдеулерінің тік тігістері
4. Резервуар қондырғылары мен люк лаздың ойып салу орындары
5. Орталық тіректің түбіне бекітілуі
Металды тазалау шлифовалды машинкалармен немесе болат щеткалармен жүргізіледі. Тазаланған жерлер жақсылап тексеріледі, қажет болған жағдайда 10 есе үлкейтетін әйнек арқылы қаралады. Негізгі металда немесе дәнекерленген тігісте жарылым анықталса, жарылым шегіне дейін тазаланады. Ол үшін дефектілі жерді рентген немесе гамма сәуленену немесе металды жалтырыта тазалап, 10% азот қышқылының ерітіндісін тамызу арқылы тексереді. Осы кезде қарайған металдағы жаралымдарды арнайы сырмен белгілейді. Жарылым шеттерін диаметрі 6-8 мм болатын тесіктер теседі. Тесіктерге тағы да 10% азот қышқылының ерітіндісін тамызады. Осылайша тағы да жаңа жарылымдарды анықтауға болады.
Резервуарды жөндеуге қолданатын металл алдын ала лас заттардан, коррозиядан тазалануы қажет. Металдың майысулары болмауы керек. Металды белгілеу арнайы белгі салу және дәлдігі жоғары өлшеу құралдарымен жасалады.
1.3-кесте. Орындалатын жұмыстар
Орындалатын жұмыстардың атауы |
Жұмыс көлемі |
Материал атауы |
Өлшемдері |
МЕСТ |
Резервуардың түбі мен бірінші белдеуін ауыстыру |
528 м2 |
Болат
|
қалыңдығы 9мм қалыңдығы 8мм |
5681-57 5681-57
|
Метал бетіттерінің дайындамасын кесу және шеттерін дәнекерлеуге дайындау механикалық жолмен жүргізілуі керек. Электро доғалық кесуге рұқсат етілмейді. Газбен кесуден кейін метал беттерінің шеттері 1 мм-ден асатын кедір-бүдірліден тазалануы тиіс.
Резервуар бетінің тазалығы визуалды тексеріледі. Жуудан кейін резервуардың ішкі бетінде мұнай өнімінің пленкасы болмауы қажет. Қабырғылар құрғақ және майсыздандырулы болуы қажет.
Егер резервуарды тексеру барысында дұрыс жуылмаған жерлер несеме резервуар ішінде мұнай өнімдерінің буларының концентрациясы өрт қауіпсіздігінің нормаларынан жоғары екені анықталса, резервуарды МЛ ереітіндісімен жуу қайта жүргізіліеді.
Резервуар ішінде мұнай өнімдерінің буларының концентрациясы ПГФ- 11-54; ПГФ-2М - ИЗГ; Г-6-3; УГ-1; МБ-2; ВСГ; ИСВ-2; ВНИТБ типті газоанализаторлар көмегімен анықталады.
Жұмысшылар МЛ-2 ерітіндсімен күйіп қалмауы үшін жұмысшылар арнайы киіммен, қорғаныс көзілдірікпен және қышқылға тұрақты колғаптармен жабдықталуы керек. Жуу машинасына жуу сұйығы берілген кезде жұмысшыларға резервуар ішінде тұруына тыйым салынады.
