- •2 Арнайы бөлім 37
- •3 Экономикалық бөлім 54
- •4 Еңбекті қорғау 59
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 66
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Мұнай қоймасының орналасуы
- •1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер
- •1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу
- •1.5 Резервуар элементтерінің металының қалыңдығын өлшеу
- •1.4 Резервуардың техникалық диагноcтикаға дайындау
- •1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру
- •1.5.2 Аэ бақылау технологиясы
- •1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы
- •1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары
- •1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
- •1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
- •1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
- •1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
- •1.6 .1 Дайындық жұмыстары
- •1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері
- •1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
- •1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
- •1.7.3 Резервуарды сынау
- •1.8 Технологиялық шешімдер
- •1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
- •1.9 Ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сорабы
- •1.9.1 Вагон цистерналарға арналған құю эстакадасы
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Патенттік шолу
- •2.2 Резервуарлы парктегі өрт қауіпсіздігі
- •2.2.1 Резервуарға қажетті өрт сөндіру құралдарының санын есептеу
- •2.3 №1 Резервуарлы паркіне арналған есептеулер:
- •2.4 Автоқұю бағытының есептелуі
- •2.5 Қыздырудың ықтимал температурасын есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1.1Еңбек ақыны есептеу
- •3.2 Амортизациялық аудару
- •3.3 Эксплуатациялық шығындар
- •3.4 Энергияға жұмсалған қаражаттар
- •3.5 Басқада шығындар
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Объектідегі зиянды және қауіпті факторлер анализі
- •4.2 Объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар
- •4.2.1 Желдету
- •4.2.2 Электроқамтамасыз және электрқұралдары
- •4.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •4.2.4 Шу деңгейін төмендету және вибрациядан құтылу шаралары
- •4.3 Өрт және газдануды анықтау жүйелері
- •4.4 Дабыл және апатты белгілеу жүйелері
- •4.4.1 Газдарды анықтаушы датчиктерді орналастыру және кабелді коммуникациялар
- •4.5 Найзағайдан қорғану, стантикалық электрден қорғану, жерлендіру
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Технологиялық процестің қоршалған ортаның компоненттеріне әсерін талдау
- •5.1.1 Атмосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
- •5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
- •5.4 Атмосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •5.4.1 Гидросфераны қорғау жөніндегі шаралар.
- •5.4.2 Литосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
1.8 Технологиялық шешімдер
Өндірістің қысқаша мінездемесі
Жобалаушы Талдықорған қаласының мұнай қоймасы жүргізілетін операциялардың мінездемелері бойынша таратушы, транспорттык байланысы бойынша-темір жолды, номенклатурасы бойынша түсуші, сақталынатын мұнай өнімдері бойынша жалпы сақтауға мұнай қоймасы болып табылады. Жобаланушы мұнай қоймасын мұнай құбырөткізгішіне қосуға болатындай етіп жобалаған.
Мұнай өнімдерін түтынатын негізгі көздер болып қаласының жеке бөліктерін және өнекәсіптері, және жеке аудандары болып табылады.
Мұнай қоймасының орналасуы Талдықорған қаласының шығыс ауданында жобаланған.
Мұнай өнімдерін сақтау резервуарлық сыйымдылықтарының қосқандағы мәндері бойынша (21,4 мың м) жобаланушы мұнай қоймасы 2-категориядағы мұнай қоймасына жатады.
Жобаланушы мұнай қоймасында төмендегідей мұнай өнімдерінің түрлерін қабылдауға, сақтауға және жіберуге болады: автобезиндер А-76, Аи-93 этилдендірілген, А-76 этилдендірілмеген, дизельдік жанар май, жарықтандырушы және техникалық керосин, уайт-спирит, пештік отын, және май, сонымен қатар тарлық мұнай өнімдері. От қазанының қажеті үшін мазут қолданылады.
Мұнай қоймасында жүргізілетін негізгі операциялар:
- ашық және басқа да ашық түсті мұнай өнімдерін темір жол вагон цистерналарынан жер үсті резервуарларына қабылдау;
- ыдыстардағы мұнай өнімдерін темір жолмен келіп түскен қоймаларға қабылдау;
- жартылай автоматты құю станциясында ашық және басқада ашық түсті мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю;
құю стояктары арқылы майларды резервуарлардан автоцистерналарға құю;
- ыдыстағы мұнай өнімдерін автотранспортттарға жіберу;
- үш түрлі майларды жинап, темір жол арқылы ары қарай регенерацияға жіберу;
- темір жол арқылы мұнай өнімдерін қабылдау тәулік бойы жүргізілуі керек, ал жіберу бір сменада 8 сағаттық жүмыс уақытында болуы керек.
1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
Ашық түсті мұнай өнімдерінің резервуарлық паркі. Ашық түсті және майлардың сорабы. 10 вагон цистернаға арналған темір жол құю эстакадасы. Ашық түсті мұнай өнімдерін құюға арналған жартылай автоматты құю станциясы және жапсырылған құю қондырғыларымен майларды күю және оператолық бөлме. Майларды жинау пункті. 750 бочкаға арналған ыдыстык қойма. Өндірістік қызметтік корпус, түрмыстық бөлмелерімен бірге орналасқан. Темір жол вагон цистерналарының транспорттық механизмі.
Мұнай қоймасының жылдық жүк айналымы және резервуарлық парктің сыйымдылығы.
Қазақстан шаруашылығының болашақтағы жоспарларын өркендету максаттарына сәйкес жобаланушы Талдықорған қаласының мұнай қоймасының 2005 жылға дейінгі жылдық жүк айналымы 255,5 мың.т жылына мұнай өнімдерін құрайды, соның ішінде:
Ашық түсті мұнай өнімдер:
1) автобензин А-76 25,00 мың.т;
2) автобензин А-76-э 65,79 мың.т;
3) автобензин Аи-93-э 10,00 мың.т;
4) "қысқы" дизельдік жанар май 36,00 мың.т;
5) "жазғы" дизельдік жанар май 93,70 мың.т;
Барлығы: 230,00 мың.т;
6) техникалық керосин 2,00 мың.т;
7) жарықтандырғыш керосин 1,00 мың.т;
8) пештік отын 10,00 мың.т;
9) уайт-спирит 0,16 мың.т;
Барлығы: 13,16 мың.т;
10) Моторлық отын 3,00 мың.т.
Дизельдік майлар:
1) Дизельдік май М-8В2 0,2 мың.т;
2) Дизельдік май М-8Г2 0,2 мың.т;
3) Дизельдік май М-8Г2К 0,2 мың.т;
4) дизельдік май М-12ВУ 0,2 мың.т;
5) дизельдік май М-10Г2 1,2 мың.т;
6) дизельдік май М-10Г2 (жазғы) 0,6 мың.т;
7) дизельдік май Дп-Пу 0,2 мың.т;
8) дизельдік май МТ-16Б 0,2 мың.т;
9) дизельдік май МТ-14Б 0,2 мың.т;
10) дизельдік май М-8Г2 (қысқы) 0,2 мың.т;
11) авиа май 0,1 мың.т.
Трансмиссиялық майлар:
12) ТАП-15 0,2 мың.т;
13) ТЭП-15 0,2 мың.т;
14) ТСП-15и 0,2 мың.т;
15) нигрол 0,2 мың.т.
Индустриалдық майлар;
16) И-30 0,2 мың.т;
17) И-40 0,1 мың.т;
18) И-50 0,1 мың.т;
19) Компрессорлық КС-19 0,1 мың.т.
Автолдар:
20) АС-10 0,2 мың.т:
21) М-8В1 1,4мың.т;
22) М-8А 0,5мың.т;
23) М-8Г 0,35мың.т;
24) Трансформаторлық б/м 750 0,2 мың.т;
25) Трансформаторлық см 1500 0,2 мың.т;
26) Өңделген май 0,5 мың.т;
Сонымен: 9,35 мың.т;
Барлығы: 255,5 мың.т.
Ашық түсті мұнай өнімдерінің резервуарлық паркі тек 16 болат резервуарлардан тұрады, жалпы сыйымдылығы 24,6 мың м3, соның ішінде:
- 3 резервуар сыйымдылығы 5000 м3;
- 1 резервуар сыйымдылығы 3000 м3;
- 4 резервуар сыйымдылығы 1000 м3;
- 1 резервуар сыйымдылығы 700 м3;
- 4 резервуар сыйымдылығы 400 м ;
- 3 резервуар сыйымдылығы 100 м3
Ашық тусті мұнай өнімдерінің резервуарлық паркінде мұнай өнімдеріне арналып резервуарлар былайша бекітілген:
1) 3 резервуар сыйымдылығы 5000 м3 понтонмен (ТБР-5000 №1,2,3) автобензин А-80Э;
2) 2 резервуар сыйымдылығы 400 м3 понтонмен (ТБР-400 №10, 11) автобензин Аи-92Э;
3) 1 резервуар сыйымдылығы 3000 м3 понтонсыз (ТБР-3000 №4) "жазғы" дизельдік жанар май;
4) 2 резервуар сыйымдылығы 1000 м3 понтонсыз (ТБР-1000 №5, 6) "қысқы" дизельдік жанар май;
5) 2 резервуар сыйымдылығы 1000 м3 понтонмен (ТБР-1000 №7, 8) автобензин А-80;
6) 1 резервуар сыйымдылығы 700 м3 понтонсыз (ТБР-700 №9) пештік отын;
7) 2 резервуар сыйымдылығы 400 м3 понтонсыз (ТБР-400 № 13, 14) техникалық керосин;
9) 2 резервуар сыйымдылығы 100 м3 понтонсыз (ТБР-100 №15, 16) жарықтандырғыш керосин;
10) 1 резервуар сыйымдылығы 100 м3 понтонмен (ТБР-100 №17) уайт-спирит.
Барлық қондырылған резервуарлар мынадай құрал жабдықтармен жабдықталған:
1) тығыздағыш арматурасы бар көтеріп-таратушы құбыршасымен;
2) тыныс және сақтандырғыш аппаратураларымен;
3) бақылап-өлшегіш приборларымен;
4) резервуарларда қондырылған құрал-жабдықтар оларды пайдалану кезінде дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Майлардың резервуарлық паркі көлденең 40 резервуардан тұрады, жалпы көлемі 36 мың м3 резервуарлардың барлығы секциялық қыздырғыштармен жабдықталған.
Болат көлденең резервуалар жер үстінде орналасқан, сыйымдылығы 75 м3.
Барлық орналастырылған көлденең болат резервуарлар қажетті аппаратуралармен көтеріп-тартушы құбыршаларымен, тыныс қондырғыларымен, бақылап-өлшегіш приборларымен жабдықталған. Мұның барлығының резервуарларды пайдалану кезінде дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасауда атқаратын рольдері зор.
Майлардың резервуарлық паркі көлденең 40 резервуардан тұрады, жалпы көлемі 30 мың м3 резервуарлардың барлығы секциялық қыздырғыштармен жабдықталған.
Болат көлденең резервуалар жер үстінде орналасқан, сыйымдылығы 75 м3.
Барлық орналастырылған көлденең болат резервуарлар қажетті аппаратуралармен көтеріп-тартушы құбыршаларымен, тыныс
қондырғыларымен, бақылап-өлшегіш приборларымен жабдықталған. Мұның барлығының резервуарларды пайдалану кезінде дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасауда атқаратын рольдері зор.
