- •2 Арнайы бөлім 37
- •3 Экономикалық бөлім 54
- •4 Еңбекті қорғау 59
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 66
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Мұнай қоймасының орналасуы
- •1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер
- •1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу
- •1.5 Резервуар элементтерінің металының қалыңдығын өлшеу
- •1.4 Резервуардың техникалық диагноcтикаға дайындау
- •1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру
- •1.5.2 Аэ бақылау технологиясы
- •1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы
- •1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары
- •1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
- •1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
- •1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
- •1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
- •1.6 .1 Дайындық жұмыстары
- •1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері
- •1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
- •1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
- •1.7.3 Резервуарды сынау
- •1.8 Технологиялық шешімдер
- •1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
- •1.9 Ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сорабы
- •1.9.1 Вагон цистерналарға арналған құю эстакадасы
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Патенттік шолу
- •2.2 Резервуарлы парктегі өрт қауіпсіздігі
- •2.2.1 Резервуарға қажетті өрт сөндіру құралдарының санын есептеу
- •2.3 №1 Резервуарлы паркіне арналған есептеулер:
- •2.4 Автоқұю бағытының есептелуі
- •2.5 Қыздырудың ықтимал температурасын есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1.1Еңбек ақыны есептеу
- •3.2 Амортизациялық аудару
- •3.3 Эксплуатациялық шығындар
- •3.4 Энергияға жұмсалған қаражаттар
- •3.5 Басқада шығындар
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Объектідегі зиянды және қауіпті факторлер анализі
- •4.2 Объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар
- •4.2.1 Желдету
- •4.2.2 Электроқамтамасыз және электрқұралдары
- •4.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •4.2.4 Шу деңгейін төмендету және вибрациядан құтылу шаралары
- •4.3 Өрт және газдануды анықтау жүйелері
- •4.4 Дабыл және апатты белгілеу жүйелері
- •4.4.1 Газдарды анықтаушы датчиктерді орналастыру және кабелді коммуникациялар
- •4.5 Найзағайдан қорғану, стантикалық электрден қорғану, жерлендіру
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Технологиялық процестің қоршалған ортаның компоненттеріне әсерін талдау
- •5.1.1 Атмосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
- •5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
- •5.4 Атмосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •5.4.1 Гидросфераны қорғау жөніндегі шаралар.
- •5.4.2 Литосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
Негізгі жұмыстардың орындау реті келесідей: маериалдарды дайындау; ораманы жасау; резервуар қабырғасындағы кесіп алынатын учаскені белгілеп алу; резервуар ішіне ораманы қою үшін резервуар жабынынан монтаждық терезе жасау; ораманы поддонымен бірге орнату; ауыстырылатын кчаскені кесіп алу; ораманы ашу.
Жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын, резервуар ішінен монтаждық баспалдақтарды орнату қажет. Резервуардың тік жағадайын ұстаптұру үшін резервуар қабырғасындағы монтаждық саңылауға қаттылық қабыртқаларын орнатады.
Орамалы дайындаманы резервуар ішіне тігінен поддонға орнатады. Әкету блогын орамадан 8 м көп емес қашықтықта резервуар түбіне орнатылады. Ораманы ашу барысында әкету блогының орнын ауыстырып жаңа орынға қойылады.
Қабырғаның дефектілі белдеулерін жаңаларына 6 м учаскелермен ауыстырылады.
Ораманың төменгі шеті алдын ала дайындалған тіреулерге, үстінгі шеті резервуар қабырғасына дәнекерленеді. Осылайша екі мәселе шешіледі: біріншіден, белдеуді бөліктіермен кесіп алу резервуар қабырғасының орнықтылығын басқа көмекші тіреулерсіз қамтамасыз етеді; екіншіден, орама шетін ұстату арқылы қабырғаның ауыстырылатын бөлігі жасалады.
Дефектілік учаскелерді кесіп алу келесі ретпен жүргізіледі: алдымен төменгі горизонтальды, кейін тік, содан соң жоғарғы горизонтальды тігістер кесіледі.
1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
Монтаждық және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін резервуарды коррозиядан қорғау жұмыстарын жүргізеді. Резервуарды коррозиядан қорғау пассивті және активті әдістермен жүргізеді. Пассивті әдістерге резервуар бетін агрессивті ортадан оқшаулайтын қорғаушы жабындарды қолдану жатады.
Резервуардың ішкі бетін пассивті корғауды лакты, полимерлі, цинкті және т.б. негізінде жасалған жабындар арқылы жүргізеді. Резервуарларды сырлауда эпоксидті материалдарды пайдалану кеңінен қолданады. Олардың қолдану технологиясы өте қарапайым.
Шпатлевканы (аралық қабат) алдын ала өңделген бетке жағады. Оның мақсаты - жабын қабатының өткізбеу қабілеті мен қалыңдығын көбейту. Қазіргі кезде ЭП - 0010 және ЭП - 4022 типті шпатлевкалар қолданылады. Оларды 90 - 140 мкм қалыңдықпен жағады. Қату температурасы 24 сағат (18-20 С температурада).
Жабынды қабаттар пайдалану барысында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында беттерді сырлау арқылы жүргізіледі. Сырлар ретінде ЭП - 56, ЭП - 255 және ЭП - 773 эпоксидті эмальдар қолданылады. Эмальдің қатуы ұзақтығы - 7 тәулік. Резервуар бетін сырлау валик көмегімен қолмен немесе пневматикалық шашушымен бірнеше қабат жүргізіледі.
Активті әдістерге резервуарлардың коррозиясымен катодты және протекторлы қорғаулар жатады.
1.7.3 Резервуарды сынау
Резервуардың дәнекерленген тігістерінің сапасын дәнекерлеу жұмыстары толығымен аяқтағаннан кейін жүргізеді. Резервуар түбінде бақылауға барлық тігістер жатады.
Резервуар түбі құмдық негізде орнатылғаннан дәнекерленген тігістерде бір жағынан қол жеткізуге болады. Сол себепті тығыздыққа тексеруді вакуум әдіспен немесе химиялық рекциялар әдісмен жасауға болады.
Химиялық рекциялар әдісін ерекше жағдайларда қолданғандықтан, вакуум әдіспен бақылау негізгі әдіс болып табылады.
Вакуум әдісі бойынша ұзындығы 1 м көп емес тігіске оө температура жағдайында сабын ерітіндісін, теріс температура кезінде хлорийлі натрийі бар ерітіндісінің қабатын жағады. Осы учаскеге вакуум-камераны орнатады. Вакуум-камеранадан ауа сорылады. Дефектілер тігістердегі саңылаулар арқылы өткен ауа көпіршіктері түрінде анықталады.
Корпустың сынауын барлық жұмыстарды аяқтаған соң жүргізеді. Бұл кезде барлық дәнекерленген тігістерді тексереді. Тығыздыққа сынауды керосинді сынама арқылы жүргізеді. Керосин арқылы сынау керосиннің тігістердегі кішігірім дефектілер – капиллярлар арқылы өтіп кету қабілетіне сүйенеді.
Резервуар қабырғасының сыртқы жағына бор жағып, ішкі жағына керосинді себеді. Егер оң температура кезінде 12 сағат өткеннен кейін немесе теріс температура жағадйында 24 сағат өткеннен кейін бормен жағылған тігістер бетінде керосин іздері көрінбесе тігістер дұрыс деп есептеледі.
Тігістердің дефектілерін қол электр доғалы дәнекерлеу арқылы дұрыстайды. Дәнекерленген тігістердің дефектілерін жойған соң тігістерді гамма сәулелену арқылы тексереді.
Тігістерді герметикаға тексергеннен кейін резервуарды беріктікке және орнықтылыққа гидравликалық сынау жасайды.
Резервуарды беріктікке, орнықтылыққа және тығыздыққа сынауды резервуарды есептік деңгейге дейін толтырыу арқылы жүргізеді.
Гидравликалық сынау кезінде қауіпті зонаның шекарасын анықтап алады. Бұл шекара ретінде сыналатын резервуардан осы резервуардың екі диаметріне тең қашықтық алынады. Қауіпті зона ішінде сынауға қатысы жоқ адамдардың тұруына тыйым салынады.
Артық қысым мен вакуумды гидравликалық манометр көмегімен өлшейді. Манометр мен артық қысым мен вакуумды реттеуге арналған ысырмаларды резервуардан жүргізген құбырларда орнатады.
Сынауды бастамас бұрын резервуардан уақытша қойылған баспалдақты, монтажды механизмдерді және құрылғыларды алып, түбін лас заттар мен құмнан тазартады.
Беріктікке сынау кезінде резервуар шатырындағы жарықтық люктерін ашық қалдырады. Резервуарды ақырындап сумен толтырады. Су толтыруды саты бойынша жүргізеді. Әрбір саты резервуардың белдеулерінің биіктігіне сәйкес келеді.
Су деңгейінің көтерілуі сайын резервуар қабырғасын және дәнекерленген тігістерді байқайды. Байқауды сынау басшылары тағайындаған адамдар жүргізеді.
Есептік деңгейге дейін толтырылған резервуарды осы жүктемемен 24 сағат бойы ұстайды. Егер резервуар корпусында және түбінде ағындылар пайда болмаса, резервуардағы су деңгейі өзгермесе резервуар гидравликалық сынау өтті деп есептеледі.
Егер резервуар қабырғасында немесе дәнекерленген тігістердеағындылар анықталса, сынауды дереу тоқтатып, су деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін азайтады.
Егер дефектілер I - VI дейінгі белдеулерде анықталса, су деңгейін дефект анықталған белдеуден төмен орналасқан белдеуге дейін азайтады. VII белдеуден жоғары орналасқан белдеуде дефект анықталса, су деңгейін V деңгейге дейін азайтды.
Дефектілі учаскелер жойылуға жатады. Оларды электрлі доғалы дәнекерлеу жөндейді. Жөнделген учаскелер қайтадан тығыздыққа тексеріледі. Резервуарды есептік деңгейге дейін сумен толтыру арқылы оның геометриялық өлшемдерін анықтайды. Жасалған өлшеулер нәтижелерін су құймай жасалған өлшеулермен салыстырады.
