Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ержан Сарсенбиев ))).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер

Стационарлы жабынды тік болат цилиндрлік резервуарлар өлшемдері 1,5х6,0 м және қалыңдығы 4-25 мм болатын дәнекерленген болат беттерден және сфералық шатыры бар цилиндр болып келеді.

Әрбір болат бет көлденеңінен орналамтырылады. Беттердің бір қатары белдеу деп аталады. Резервуар шатыры шеттерінен фермаларға ортасына орталық тірекке тіреледі.Резервуардың дәнекерленген түбі құмды жастыққа орналасқан және ортасынан шеттеріне қарай көлбеу. Артық қысым 2000 Па дейін, вакуум 200 Па дейін жетуі мүмкін.

Резервуардың толық көлемін пайдалану мүмкін емес екенін ескеру қажет. Резервуардың төменгі жағында су (тауар асты) және механикалық тұнбалар қабаты жиналады.

Резервуардың пайдалы көлемеі осы резервуардан айдау болатын мұнайдың максималды көлемі арқылы анықталады. Бұл көлем келесі формула (1.1) бойынша анықталады:

(1.1)

мұнадағы: Vо.р – резервуардың геометриялық көлемі;

ηэ – резервуардың көлемі мен конструкциясына байланысты пайдалану коэффициенті;

Қарастырылып отырған №33 РВС-1500 м3 резервуар су қойма паркінде орналасқан.

Резервуардың негізгі техникалық көрсеткіштері:

Ішкі диаметрі, мм – 15180 /22774/

Қабырғасының биіктігі, мм – 8940 /11800/

Сыйымдылығы, м3 – 1500

Толтыру биіктігі, мм – 7800

Пайдалануға берілген жылы: – 1976 ж.

Белдеудің биіктігі, мм – 1490

Белдеулер саны – 6

1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу

Резервуар констукциясында кездесетін ақауларды шартты түрде келесі алты топқа бөлуге болады:

- металлургялық – прокатты дайындау кезінде пайда болған (қабаттардың бұзылуы, біркелкісіз легирлеу, микрожарылымдар, прокат геометриясының бұзылуы);

- жобалық – жобаның жетілмегенінен пайда болған;

- зауыттық – орамалық дайындамаларды жасау барысында пайда болған (жинау және пісіру ақаулары);

- транспорттық – бөлшектерді монтаждау алаңына дейін тасымалдау кезінде пайда болған (майысулар, жырықтар);

- монтаждық – резервуарды монтаждау кезінде пайда болған (металл конструкцияларын пісіру мен монтаждауда пайда болған ақаулар);

- пайдалану – резервуарды пайдалану барысында пайда болған (орнықтылықтың жоғалуы, коррозия және т.б.);

Ақаулардың қауіптілігіне және оның резервуардың немесе онық бөлшегінің пайдалану сенімділігіне әсеріне байланысты жөндеулер үшке бөлінеді:

- конструкция элементтерінің жобалық сипаттамаларын қата қалпына келтіру (майысуларды, геометриялық жағдайларды түзеу)

- қосымша қаттылық элементтерін орнату (қаттылық қабыртқаларын орнату, түптік жамаулар жасау және т.б.)

- резервуар конструкциясының элементтерін алмастыру (түбін толықтай ауыстыру, бірінші белдеудің бөлігін ауыстыру және т.б.)

Жөндеу жұмыстарын техникалық диагностиканың периодтылығын ескере отырып, график бойынша жүргізеді. Әрбір жөндеу түрінің периодтылығы пайдалану ерекшелігін ескеріп, конструкция элементтерінің және қондырғылардың тозу жылдамдығына байланысты.

Жөндеу түрі толық диагностика және экономикалық тиімділік есебінің нәтижелері бойынша ақаулар түріне және олардың геометриялық сипаттамаларына байланысты таңдалады.

Күрделі жөндеу кезіндегі жұмыстар келесі тәртіппен жүргізілуі тиіс:

- дайындық жұмыстары;

- техникалық диагностика;

- жөндеу жобасын жасау;

- жұмыстардың жобасын жасау;

- жөндеу жұмыстарын жүргізу;

а) конструкция элементтерін ауыстыруды қажет етпейтін ақауларды жою;

ә) қосымша қаттылық элементтерін орнату

б) ауыстыруды қажет ететін конструкция элементтерін ауыстыру;

в) геометриялық жағдайларын түзеу;

- коррозияға қарсы жұмыстар;

- жасалған жөндеу жұмыстардың сапасын бақылау контроль;

- орнықтылыққа, герметикалыққа, қаттылыққа гидравликалық байқаулар;

- пайдалануға қабылдау құжаттарын жасау;