Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар

Аммоний селитрасы NH4NO3. Құрамында 34-35% азот бар, ақ түсті түйіршік түрінде өндіріледі. Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады: HNO3 + NH3=NH4NO3 Ақ түсті ұсақ түйіршік түрінде шығарылады. Тыңайтқышты битум, автол қоспасымен өңделген, целлофанды қапшықтарға салып шығарады. 139 Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген зерттеу жұ- мыстарының нәтижесінде аммоний селитрасын физиологиялық қышқыл тыңайтқыш тобына жатқызады. Алайда оның физио- логиялық қышқылдылығы аммоний сульфатынан едәір төмен. Қүрамындағы азоттың жартысы аммоний, бір бөлігі нитрат түрінде болады. Мұның өзі топырақ қасиетіне, климатқа және тыңай- тылатын дақыл түріне қарай, оны қолданудың әдістерін, мөлшерін, пайдалану мерзімдерін өзгертіп отыруды қажет етеді. Аммоний селитрасы тиімділігі жағынан басқа азот тыңайтқыштарының арас- ында бірінші орын алады, оны барлық топырақта өсірілетін алуан түрлі дақылдарға қолдануға болады. Бұл тыңайтқышты ылғалы өте көп аудандарда және суармалы егіске күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді. Аммоний селит- расын күздікті ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін, басқа дақыл- дарды вегетациялық кезеңінде қоректендіру үшін пайдаланады.

Қос суперфосфат өндіру технологиясы екі сатыдан тұрады. Ең алдымен фосфорит концентратын күкірт қышқылымен өңдейді: 159 [Ca3(PO4)2]3 •CaF2 + 10H2SO4 + 10H2O = 6H3PO4+10CaSO4 •2H2O + 2HF Фосфор қышқылын гипстен сүзу арқылы бөліп алып, оны фосфат шикі затын өңдеуге пайдаланады: [Ca3(PO4)2]3•CaF2 + 14H3PO4 + 10H2O = 10Ca(H2PO4)2•H2O + 2HF Кәзіргі кезде фосфат рудасын 14000С - 16000С температурада қыздырудан түзілген P2O5 суда ерітіп фосфорқышқылын алады. Осы қышқылды фосфорит концентратынан қос суперфосфат алу үшін пайдаланады. Қос суперфосфат құрамында 45-50% P2O5 бар, суда жақсы еритін түйіршікті тыңайтқыш. Қос суперфосфат тыңайтқышы Қа- зақстанның суармалы, далалық және қуаң далалық аймақтардың карбонатты топырағында кең қолданылады. Суда еритін P2O5 мөл- шерімен есептесек, тиімділігі жай суперфосфатпен бірдей

Жай суперфосфат өндіруде 1 тонна шикі затқа 1 тонна күкірт қышқылы жұмсалады да, 2 тонна дайын өнім (тыңайтқыш) алады. Дайын өнім құрамындағы фосфордың 70-85 пайызы монофосфат, 5-5,5 пайызы фосфор қышқылы, 10-15 пайызы дифосфат түрінде кездеседі. Суперфосфат құрамында 40 пайыз гипс (CaSO4) болады. Жай суперфосфат суда жақсы еритін күңгірт-сұр немесе ашық - сұр түсті, құрамында 14-19 пайыз сіңімді фосфор бар тыңайтқыш. Ұнтақ түріндегі жай суперфосфаттың физикалық қасиеттерін жақсарту үшін оны айналмалы барабандарда түйіршіктейді. Түйіршіктелген жай суперфосфат сақтағанда құрт кесек болып қатып қалмайды, бұл жағдай оны топыраққа механизммен еңгізуге бөгет жасамайды. Түйірлі суперфосфат кең көлемде топырақ массасымен жанаспайды, сондықтан ондағы фосфорды өсімдік өзіне көбірек сіңіреді. Түйірлі суперфосфаттың тағы бір артықшылығы оның құрамында 19,5-22 пайыз сіңімді фосфор болады (ұнтақталған жай суперфосфатта 14-19% P2O5). Сонымен бірге түйірлі суперфосфат шамалы қышқылдығымен (1- 2,5%) ерекшеленеді. Түйіршіктелген суперфосфат көбінесе дақылдарды егу кезінде, 10-20 кг фосфор есебінен қатар аралықтарға беруге, суарма- лы және ылғалы мол аймақтарға қолдануға ыңғайлы. Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында 1 центнер түйір- шікті суперфосфат, гектарынан 4 центнер қосымша астық жинауды қамтамасыз етеді.

Калий хлориді негізгі калий тыңайтқышы болып саналады. Құрамында 53,7-60,0% К2О бар, суда толық еритін, қызғылт немесе ақшыл-сұр түсті кристаллды тұз. Бұл тыңайтқышты табиғатта кездесетін сильвинит минералынан флотациялық және галургия- лық тәсілдермен өңдеу арқылы алады. Флотациялық әдіспен калий хлоридін өндіру үшін, алдын ала ұнтақталған сильвинит рудасын майлы амин қосылған суға салып араластыра отырып шайқайды да ауа үрлейді. Сол уақытта руда құрамындағы сильвинит ауа көбігіне 170 жабысады. Көбікті қалқып алып, сыртқа тепкіш күш арқылы ажырататын аппаратта құрғатып, кептіргішке көшіреді. Бұл әдістің артықшылығы - бүкіл процесс төменгі температура жағдайында орындалатындықтан энергия аз жұмсалады және физикалық қасиеті жақсы тыңайтқыш алуға болады. Галургиялық әдіспен калий хло- ридін өндіру сильвинит рудасының құрамындағы KСl және NaCl қосылыстарының суда түрліше ерігіштігіне негізделген. Ол үшін ұнтақ сильвинитті NaCl тұзының ерітіндісіне қосып, температураны 1100С жеткізеді. Бұл жағдайда руда құрамындағы КСI толық ериді, ал NаСI тұнбаға түседі. Тұнба бетіндегі ерітіндіні бөліп алып 20- 250С салқындатады. Сонда калий хлоридінің кристаллды тұнбасы пайда болады. Осы тұнбаны құрғатып кептіреді. Калий хлоридін ауыл шаруашылық дақылдарына күзде сүдігер жыртар алдында қолданады. Ал картоп, темекі, қант қызылшасы сияқты хлор элементінен зиян шегетін өсімдіктерге қолдануға болмайды.