Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.

Фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін анықтау үшін, егер Р2О5 мг/кг мөлшері белгілі болса, төмендегі формуланы пайдаланады.

Др = (Ропт - Рфакт)*К, мұнда [5]

ДР - фосфор тыңайтқышының енгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;

Ропт – дақылға қажетті топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың оңтайлы мөлшері, мг/кг;

Рфакт - топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың нақты мөлшері, мг/кг;

К - 10 кг-ға тең топырақтың 1 мг Р2О5 тыңайтқыш эквиваленті, атап айтқанда, бұл 1 кг топырақтағы Р2О5 мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін енгізілуге тиісті фосфор тыңайтқышының кг көлемі.

Мысалы, егер топырақтағы Р2О5 нақты мөлшері 14 мг/кг болса, онда Др = (35 - 14)*10 = 210 кг/га, ал егер 27 мг/кг, онда Др = 80кг/га.

Қоректік элементтердің мөлшерін оңтайлы деңгейге дейін жеткізу қалыптасып отырған ылғалдандыру жағдайында болуы мүмкін ең жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері

Калий хлориді негізгі калий тыңайтқышы болып саналады. Құрамында 53,7-60,0% К2О бар, суда толық еритін, қызғылт немесе ақшыл-сұр түсті кристаллды тұз. Бұл тыңайтқышты табиғатта кездесетін сильвинит минералынан флотациялық және галургиялық тәсілдермен өңдеу арқылы алады. Флотациялық әдіспен калий хлоридін өндіру үшін, алдын ала ұнтақталған сильвинит рудасын майлы амин қосылған суға салып араластыра отырып шайқайды да ауа үрлейді. Сол уақытта руда құрамындағы сильвинит ауа көбігіне жабысады. Көбікті қалқып алып, сыртқа тепкіш күш арқылы ажырататын аппаратта құрғатып, кептіргішке көшіреді. Бұл әдістің артықшылығы - бүкіл процесс төменгі температура жағдайында орындалатындықтан энергия аз жұмсалады және физикалық қасиеті жақсы тыңайтқыш алуға болады. Галургиялық әдіспен калий хлоридін өндіру сильвинит рудасының құрамындағы KСl және NaCl қосылыстарының суда түрліше ерігіштігіне негізделген. Ол үшін ұнтақ сильвинитті NaCl тұзының ерітіндісіне қосып, температураны 1100С жеткізеді. Бұл жағдайда руда құрамындағы КСI толық ериді, ал NаСI тұнбаға түседі. Тұнба бетіндегі ерітіндіні бөліп алып 20250С салқындатады. Сонда калий хлоридінің кристаллды тұнбасы пайда болады. Осы тұнбаны құрғатып кептіреді. Калий хлоридін ауыл шаруашылық дақылдарына күзде сүдігер жыртар алдында қолданады. Ал картоп, темекі, қант қызылшасы сияқты хлор элементінен зиян шегетін өсімдіктерге қолдануға болмайды.

48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері

Аралас калий тұзы құрамында 40-44% калий бар, қызғылт, ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, ірі кристалды тыңайтқыш. Оны калий хлоридін сильвинит немесе каинит сияқты рудалармен араластыру арқылы алады. Бұл тыңайтқыш құрамында калийден басқа 30-50% натрий болғандықтан, оны натрий элементін қажет ететін дақылдарға (сәбіз, қант қызылшасы) қолданған пайдалы. Калий тұзын күзде жер жыртар алдында қолданған тиімді.

49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері

Күкірт қышқыл калий - К2SO4, құрамында 45-52% калий бар, майда кристалды, ақ түсті, суда толық еритін тыңайтқыш. Күкірт қышқыл калийді шенит, лангбейнит рудаларынан өндіреді.

2КСI + 2MgSO4 = K2SO4•MgSO4 + MgCI2

K2SO4•MgSO4 + 2KСl = 2K2SO4 + MgCI2

2K2SO4•2MgSO4 + C = K2SO4 + 2MgO + 2SO2 + CO2

Бұл тыңайтқыш құрамында хлор элементі болмағандықтан және күкірттің пайдалы әсері тиетіндіктен көкөніс, картоп, жүзім сияқты дақылдардың өнімін біршама арттырады. Күкірт қышқыл калийді күзде және үстеп қоректендіру үшін қолданады.