Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)

Полифосфаттарды (жалпы формуласы Нn+2РnО3n+1),полифосфор қышқылдарының негізінде өндіреді.Полифосфор қышқылының құрамына HPO3 - метафосфор, Н4Р2О7 -

пирофосфор, Н5Р3О10 - үшполифосфор, Н6Р4О13 - тетраполифосфор

тағы басқа қышқылдар енеді.

Аммоний полифосфатын полифосфор қышқылдарынаммиакпен әрекеттестіру арқылы алады. Құрамында 15% азот, 60%фосфор бар, түйіршікті, суда нашар еритін тыңайтқыш.

Калий полифосфатын полифосфор қышқылдарын калийхлоридімен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында 48%фосфор, 26% калий бар.

Калий метафосфатын калий гидрооксидін метафосфорқышқылына қосу арқылы алады. Құрамында 60,13% фосфор және39,87% калий бар.

Аммоний метафосфатын аммиакты метафосфорқышқылына қосу арқылы алады. Оның құрамында 17% азот, 80%фосфор болады.

Кешенді тыңайтқыштарды пайдалануда олардыңтопырақпен әрекеттестіру реакциясының өзіндік ерекшіліктерінескеру керек. Олардың әрекеттесу реакциясының қарқыны мен

1. Топырақ құнарлылығы төмен болса кешенді тыңайтқыш-тар құрамындағы фосфордың қиын еритін формаға ауысуыжылдамырақ өтеді:

2. Саз, сазды топырақтарға еңгізілген кешенді тыңайтқыш-тар олардың құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшерін жоға-рылатады.

3. Егісті суару кешенді тыңайтқыштар фосфорының топы-рақта химиялық жолмен сіңірілуінің баяу жүруіне әсер етеді.

4. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеріске ұшырауына түйір-шік көлемі де әсер етеді. Түйіршік көлемі 1-4 мм кешенді тыңайт-қыштарды топыраққа еңгізгенде өсімдік үшін ең қолайлы фосфоррежимі пайда болады.

5. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеруіне олардың химиялыққұрамы әсер етеді. Мұнда, құрамында суда еритін фосфоры көптыңайтқыш беру топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін арттырады.

6. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеруі топырақтың генетикалық ерекшіліктеріне де байланысты бол

Жалпы кешенді тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығыдақылдарына әсерін, олардың құрамындағы суда еритін фосформөлшері, дақылдың түрі мен биологиялық ерекшіліктері, аймақтыңтопырақ-климат жағдайлары, тыңайтқыш қолданудың агрономия-лық технологиясы (мөлшері, мерзімі, әдісі), тыңайтқыш құрамын-дағы қоректік заттардың арақатынасы мен формасы, агротехника-лық шаралар айқындайды Бұл аталған факторлар бір-бірімен тығыз байланысты.

55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.

Аммоний полифосфатын полифосфор қышқылдарын аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады. Құрамында 15% азот, 60% фосфор бар, түйіршікті, суда нашар еритін тыңайтқыш. Калий полифосфатын полифосфор қышқылдарын калий хлоридімен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында 48% фосфор, 26% калий бар. Калий метафосфатын калий гидрооксидін метафосфор қышқылына қосу арқылы алады. Құрамында 60,13% фосфор және 39,87% калий бар.

Полифосфаттарды барлық дақылдарға күзде сүдігер жыртаралдында қолданады. Топыраққа ендіргенде полифосфаттар мынасхема бойынша гидролизденеді:

2HPO3 + H2O = H4P2O7;

H4P2O7 + H2O = 2H3PO4

H5P3O10 + 2H2O = 3H3PO4

Гидролиз процесінің жүруіне ең қолайлы температура 30-350С. Ал температура 7-120С төмендесе гидролиз баяулайды. Сондай-ақ, гидролиз процесінің қарқыны топырақтың биологиялық белсенділігіне, топырақ реакциясы мен оның минералогиялық құрамына байланысты болады.