Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.

Фосфор тыңайтқышын көкөніс дақылдарының шұңқырына, жүгерінің ұясына, астық дақылдары егісінің жиектеріне еңгізу фосфорды пайдалануды 5-8 пайызға жоғарылатады. Ауыл шаруашылық дақылдарына фосфор тыңайтқыштарын аз мөлшерде, қатар аралығына еңгізу тыңайтқышты үнемдеуге көмегін тигізеді. Барлық фосфор тыңайтқышын топырақтың қабатына терең еңгізген жөн, сонда оны өсімдік тамыры жақсырақ пайдаланады. Бұл жағдай фосфор тыңайтқышын еңгізу тәсілі мен мерзімінің ерекше мәні бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, фосфор тыңайтқышының еңгізу тәсілі мен мерзімін белгілеу үшін, оның топырақпен әрекеттесу заңдылығын ескеру керек.

45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.

Фосфор тыңайтқыштары топырақтың органикалық және минералдық бөліктерінің қосылыстарымен түрлі реакцияларға қатысатын болғандықтан олардың құрамындағы фосфор қышқылы өте баяу жылжиды. Сонымен қатар топыраққа еңгізілген жеңіл еритін және қиын еритін фосфор тыңайтқыштары өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістердің бағыты мен қарқыны топырақ пен тыңайтқыш қасиеттеріне байланысты өтеді. Мысалы, қышқыл топырақта, фосфорит ұны мен жай суперфосфаттың өзгеруі бір- біріне қарама-қарсы бағытта жүреді.

Мұнда топырақ қышқылдылығының әсерінен фосфорит ұны өсімдікке сіңімді күйге, ал суперфосфаттың фосфор қышқылы, керісінше, нашар еритін түрге ауысады. Тағы бір ескеретін жәй - фосфор тыңайтқыштарының өзгеруі топырақтағы биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық процестерге де тәуелді. Биологиялық процестер топырақтың фосфат режиміне екі жақты әсер етеді. Атап айтқанда, микроорганизмдер өсімдікке сіңімді фосфор қышқылын байланыстыруымен қатар қиын еритін қосылыстардың фосфорын өсімдікке сіңімді түрге ауысуына ықпал жасайды. Алайда фосфордың биологиялық жолмен сіңірілуі уақытша болатын құбылыс. Себебі микроорганизмдердің денесі ыдыраған соң бөлінген фосфор қышқылы химиялық және физикалық-химиялық процестерге қатысады. Топырақта фосфор қышқылының химиялық жолмен сіңірілуі басымырақ болады. Қышқыл топырақтарда (күлгін, шымды- күлгін) суда еритін фосфор тыңайтқыштары (монофосфаттар) темір мен алюминийдің гидрооксидтерімен химиялық реакцияға түсіп, нашар еритін тұздар түзеді:

Са(Н2РО4)2 + Fe(OH)3 = CaHPO4 + FePO4 + 3H2O 3 Са(Н2РО4)2 + 4Al(OH)3 = Ca3(PO4)2 + 4AlPO4 + 12H2O

Фосфордың екі, үш негізді тұздары (преципитат, фосфорит ұны) топырақтың құрамындағы қышқылдардың әсерінен азды-көпті еритін түрге өзгереді:

2CaHPO4 + 2H2CO3 = Са(Н2РО4)2 + Са(НCО3)2 Ca3(PO4)2 + 2H2CO3 = 2CaHPO3 + Са(НCО3)2

Сілтілі фосфор тыңайтқыштарын қышқыл топыраққа бергенде, құрамында су молекуласы бар үш негізді фосфор қосылы- сы түзіледі:

Ca4P2O9 + 2H2O = Ca3(PO4)2•H2O + Ca(OH)2 164

Жаңадан тұнған үш негізді фосфаттар өсімдікке сіңімді деп саналады. Суперфосфат тобына жататын тыңайтқыштарды (жай және қос суперфосфаттар) реакциясы бейтарап немесе сілтілік топы- рақтарға (қара, қара-қоңыр, боз) бергенде олар топырақ ерітінді- сінің бикарбонаттарымен әрекеттесіп, суда нашар және ерімейтін қосылыстар түзіледі:

Са(Н2РО4)2 + Са(НCО3)2 = 2CaHPO4 • 2H2O + СО2

Карбонаттар қатысында монофосфаттар әрі қарай аздап өзгеріске ұшырайды:

Са(Н2РО4)2 + 2Са(НCО3)2 = Ca3(PO4)2 + 4H2O + 4СО2 Топырақта фосфор тыңайтқыштарының химиялық жолмен сіңірілуін азайту үшін, олардың түйіршікті түрін қолданған дұрыс.