Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері

Калий тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді. Топыраққа енгізілгенде олардың құрамындағы калий ионы топырақтың коллоидты бөлшектерімен физика-химиялық (алмаса) жолмен және алмаспайтын түрде сіңіріледі. Калий ионының алмаспай күйге ауысуы калий тыңайтқыштарын енгізілгеннен кейін шамамен бір тәулікте аяқталады.

Калий катионы топырақта алмасып сіңірілгенде, топырақтың сіңіру кешеніндегі басқа катиондарды (сутек, алюминий, кальций, магний, марганец т.б.) эквивалентті мөлшерде топырақ ерітіндісіне ығыстырады. Мұның өзі топырақ ерітіндісінің орта реакциясына, өсімдіктердің қоректенуіне әр түрлі жағдайлар туғызады. Сіңіру сыйымдылығы және буферлігі жоғары әлсіз қышқылды және бейтарап топырақтарда бұл процестің әсері шамалы. Ал ТСК құрамында сутек пен алюминий көп болатын қышқылды және күшті қышқылды (әсіресе механикалық құрамы жеңіл) топырақтарда, калий тыңайтқыштарын енгізгенде топырақ ерітіндісі күшті қышқылданады. Сондықтан осындай топырақтарда калий тыңайтқыштарының тиімділігі төмендейді.

Сонымен бірге калий тыңайтқыштары физиологиялық қышқылды болғандықтан да топырақ ерітіндісі қышқылданады. Осыған байланысты оларды бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға енгізген тиімді. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарда калий тыңайтқыштарының тиімділігі төмендейді. Сондықтан олардың тиімділігін арттыру үшін, қышқылды топырақтарды әктеу қажет. Бірақ калий тыңайтқыштарының қышқылдылығы аммонийлі азот тыңайтқыштарымен салыстырғанда төмен.

Алмаспай сіңірілген (бекітілген) калийдің жылжымалығы алмасып сіңірілген калийге қарағанда өте әлсіз болады. Оның өсімдіктерге сіңімділігі өте нашар.

Топырақтың минералогиялық құрамы мен тыңайтқыштардың мөлшеріне байланысты калийдің 14-82% алмаспайтын күйге ауысады. Егер топырақта монтмориллонит, гидрослюда типтес минералдар көп болса, алмаспайтын калий мөлшері көбейеді.

Ірі кристалды немесе түйіршікті калий тыңайтқыштарын енгізгенде, калий катиондарының топырақта алмаспайтын күйге ауысуы төмен болады (шамамен 20-30%-ға). Сонымен бірге тыңайтқышты жоғары мөлшерде енгізу, алмаспайтын калий шамасының жоғарлауына ықпал етеді. Ал барлық калий тыңайтқыштарының катиондарының алмаспайтын күйге ауысуы бірдей. Қара шіріндісі жоғары топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының алмаспайтын түрге көшуі баяу жүреді.

С олтүстік Қазақстан топырақтарында калий мөлшері жоғары болғандықтан, калий тыңайтқыштарының тиімділігі төмен. Калий тыңайтқыштарына қажеттілігі, механикалық құрамы жеңіл топырақтарда және калий сүйгіш көкөніс, отамалы дақылдар үшін бола алады.

61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.

Төсенішті көңді тиімді қолданудың негізгі әдісі – оны топырақты жыртқанда ылғалды қабатына еңгізу. Бір гектарға арналған көң мөлшері оның ыдырау дәрежесіне‚ тыңайтқыш қолданатын дақыл ерекшелігіне‚ топырақ және климат жағдайларына байланысты 20 тоннадан 50 тонна аралығында бола-ды. Сүрлемдік‚ көкөніс‚ картоп‚ отамалы дақылдар мен тамыр-жемістілерге, масақты астық дақылдарына қарағанда көңді мол қолданады. Гумус пен қоректік заттардың жылжымалы түрлері аз топырақтарға көң қолдану қажет. Нашар топырақтың құнарлылығын тезірек көтеру мақса-тында әрі мүмкіндігінше мол өнім жинау үшін көңнің жоғары мөлшерін қолданған тиімді. Ауыспалы егісте көң берілетін танапты жеке дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен олардыңэкономикалық маңызын ескере отырып белгілейді. Далалық ауыспалы егісте көңді күздік немесе отамалы дақылдарға берген пайдалы. Көң топырақ ерітіндісіндегі тұздардың жоғары концентрациясына төзбейтін және вегетациялық кезеңі ұзақ дақыл-дар үшін бағалы тыңайтқыш болып саналады. Мысалы‚ көкөніс ауыспалы егісте, көң қияр дақылы орналасқан танапқа берілуі тиіс. Вегетациялық кезеңі қысқы дақылдарға (капуста мен картоптың ерте пісетін сорттары т.б.) толық шіріген‚ ал кеш жиналатын (қант қызылшасы т.б.) және күздік дәнді дақылдарға жартылай шіріген көң қолдану керек. Шаруашылықта көңді топыраққа еңгізу тереңдігіне көңіл бөлген жөн. Мұнда, көңді құрғақшылық аймақтарда және құм‚ құмайт топырақтарға 20-22 см‚ ал ылғал мөлшері жеткілікті және саз‚ сазды топырақтарға 12-14 см

тереңдікке еңгізеді.