Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

3) Нитратты тыңайтқыштар.

Бұл топқа натрий селитрасы мен кальций селитрасы жатады Нитрат селитрасы NaNO3. Тыңайтқыш құрамында 15-16% азот бар. Аммиактан азот қышқылын алғанда бөлініп шыққан нитроз газдарын (NO және NO2) сүзгі мұнара ішіндегі сода немесе натрий сілтісінің ерітіндісінен өткізу арқылы алады: Na2CO3 + 2NO2 = NaNO3 + NaNO2+CO2 Натрий нитритін нитратқа ауыстыру үшін қоспаға әлсіз азот қышқылын қосады: 2NaNO2 + 2HNO3 = 3NaNO3 + 2NO + H2O Түзілген NO тотықтырғыш мұнараға қайтарылып NO2 дейін толықтырылады. Натрий селитрасы суда жақсы еритін‚ ақ немесе ақшыл- сұрғылт түсті‚ майда кристаллды‚ едәуір ылғал сіңіргіш‚ физиологиялық сілтілі тұз

4) Амидті тыңайтқыштар тобына мочевина, кальций цианами- ді, уреаформ немесе мочевинді-формальдегидті тыңайтқыштар жатады Мочевина СО(NH2)2. Қүрамында 46% азот болады. Оны газ күйіндегі немесе сұйық аммиакты көмірқышқыл газымен әрекеттестіру арқылы алады: 2NH3 + CO2 = СО(NH2)2 + H2O 147 Мочевина ақ түсті‚ ылғалды өзіне тартатын‚ түйіршікті (түйіршік көлемі 1-3 мм)‚ суда жақсы еритін‚ түйіршіктері бір- біріне жабыспайтын тыңайтқыш. Кристалды мочевинаны түйіршіктегенде ыстық температураның әсерінен биурет пайда болады: 2СО(NH2)2 → (СОNH2)2HN + NH3 Егер биурет мөлшері 3 пайызға жетсе өсімдіктерді уландырады. Құрамында биурет көп мочевинаны тұқым себерден 2- 3 ай бұрын еңгізеді‚ өйткені биурет 10-15 күн ішінде толық ыдырап бітеді. Мочевинаны көбінесе жерді жыртар алдында негізгі тыңайтқыш ретінде көпшілік дақылдарға қолданады. Бұл тәсілмен мочевинаны пайдаланғанда, оның тиімділігі аммоний селитрасы мен аммоний сульфатынан кем болмайды. Суармалы боз топырақта егілген картоп‚ көкөніс‚ қант қызылшасына аммоний селитрасымен салыстырғанда мочевина қолдану жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Мұның себебі мочевинаның құрамындағы амидті формадағы азот аммиакты түрге жылдам ауысып, топырақтың сіңіру кешеніне өтеді де оның төменгі қабатына да аз шайылады. Мочевинаны отамалы және көкөніс дақылдарын үстеп қоректендіруде пайдаланады. Үстеп қоректендірген кезде мочевинаны топыраққа сіңіру жұмысын кешіктірсе (келесі күнге қалдырса) оның біраз бөлігі аммиакқа айналып ауаға ұшіп кетеді. Соңғы кезде мочевинаның 10-20 пайызтік судағы ерітіндісін күздік бидай мен сүрлемдік жүгеріні тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін кеңінен пайдалануда. Күздік бидайға дән салу‚ сүрлемге арналған жүгеріге шашақтану алдында мочевинаның 20 пайызтік ерітіндісін бүріксе құрамындағы ақуыз шамамен 3 пайызға артады.

Аммиак және нитраттардың тотықсыздануынан топырақтан пайда болған аммиак, өсімдіктің анаэробты және аэробты тыныс алудың бастапқы сатысында пайда болған органикалық кетоқышқылдармен әрекеттеседі де алғашқы амин қышқылдарын түзеді. Д.Н.Прянишников пен оның шәкірті И.Г.Дикусардың ғылыми зерттеулері көрсеткендей, өсімдіктің азотты аммиак және нитрат түрінде қабылдауына түрлі факторлар әсер етеді. Өсімдіктің азотты аммиак түрінде, сыртқы орта реакциясы бейтарап болған жағдайда жақсы, қышқылдық болса нитратқа қарағанда нашар сіңіреді. Өсімдіктің нитратты немесе аммиакты азотты сіңіруіне, сыртқы 133 ортадағы катиондар мен аниондардың концентрациясының әсері үлкен. Субстратта кальций, магний, калийдің көбеюі аммиакты азоттың сіңірілуіне оң әсерін тигізеді. Нитратпен қоректенуде өсімдіктің фосфор, молибден сияқты элементтермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Топырақтағы азотты органикалық қосылыстардың аммиакқа дейін ыдырауын аммонификация құбылысы деп атайды. Мүнда 134 микроорганизмдер (анаэробты бактерия‚ актиномицет т.б.) бөліп шығаратын протеолиттік ферменттердің әсерінен, органикалық заттардан амин қышқылдары мен амидтер түзіледі.

29 Нитрат селитрасы NaNO3. Тыңайтқыш құрамында 15-16% азот бар. Аммиактан азот қышқылын алғанда бөлініп шыққан нитроз газдарын (NO және NO2) сүзгі мұнара ішіндегі сода немесе натрий сілтісінің ерітіндісінен өткізу арқылы алады: Na2CO3 + 2NO2 = NaNO3 + NaNO2+CO2 Натрий нитритін нитратқа ауыстыру үшін қоспаға әлсіз азот қышқылын қосады: 2NaNO2 + 2HNO3 = 3NaNO3 + 2NO + H2O Түзілген NO тотықтырғыш мұнараға қайтарылып NO2 дейін толықтырылады. Натрий селитрасы суда жақсы еритін‚ ақ немесе ақшыл- сұрғылт түсті‚ майда кристаллды‚ едәуір ылғал сіңіргіш‚ физиологиялық сілтілі тұз. Кальций селитрасы Са(NO3)2. Құрамында 13% азот болады. Бұл тыңайтқышты 40-48 пайызтік азот қышқылын әкпен бейтараптау арқылы алады: CaCO3 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O + CO2 146 Суда жақсы еритін‚ гигроскопиялығы өте жоғары‚ ақшыл- сары түсті‚ ірі кристалды немесе түйіршікті‚ физиологиялық сілтілі тыңайтқыш. Нитратты тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуі Нитратты тыңайтқыштар топырақ ерітіндісінде тез ериді де сіңіру кешеніндегі катиондармен алмасу реакциясына түседі: