Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ishki_aurulardan_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Билет № 5

1. Жедел гастрит: этиологиясы, потогенезі, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас Ю. 81 жаста ревматологиялық бөлімшеге келесі шағымдармен мойынның, иықтардың, жамбас аймағының құрысуы мен ауырсынуы, бұлшықеттердің әлсіреуі, субфебрильді температураға шағымданып келді. 2-3 ай бойы ауырады.

Объективті: пальпацияда мойынның, иықтардың, жамбас аймағының ауырсынуы, қозғалысының айқын шектелуі.

Зерттеулері: ЖҚА – ЭТЖ 70 мм/сағ және креатинфосфокиназа деңгейі 7 есеге артқан. Науқастың айтуы бойынша 1 не 2 таблетка преднизолон ішкенде жағдайы бірден жақсара түседі. Рентгенологиялық сүйек-буын жүйесінде патологиялар анықталған жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз.

Билет № 6

1.Бронх демікпесі: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас И., 58 жаста, 3 жыл алдын жіті миокард инфарктін бастан кешкен, гипертониялық аурумен 5 жыл бойыауырады.

Обьективті жағдайы орта ауырлықта, терісі бозарған, жүрек шекаралары – сол жағы бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 110 соққы минутына. ЭКГ-синустық тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы.

Сұрақтары:

Диагноз қойыңыз.

Қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

Емдеу принциптері.

Интерпретациялаңыз: Қан анализінде Эритроциттер- 4.0х10 12/л, лейкоциттер-6.4 х109/л; с-62.5; П-3-4; ЭТЖ-20 мм/сағ.

Билет № 7

1. Плеврит: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас М., 60 жаста. Тыныштық күйдегі ентігуге, тізелерінің ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Анамнезінде бірнеше жылдардан бері Гипертониялық аурумен ауырады және 50 жасында трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен.

Объективті: Толық денелі. Акроцианоз. Мойын көктамырлары ұзына бойы ұлғайып, ісінген. АҚ 140/100 мм с.б.б., төстің сол жағынан ІІІ қабарғааралықта пульсация байқалады. Салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырымен, сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары орналасқан. Аускультацияда І тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ТЖ - 26 рет/мин. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға асты доғадан 3-4 см шығыңқы. Бел аймағы мен аяқтарда ісіну байқалады. Диурез 800 мл/тәул.

Сұрақтары:

Сіздің болжам диагнозыңыз.

Тексеру жоспары.

Емдеу принциптері.

Билет № 8

1.Пневмония: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. 45 жастағы ер кісі, ангинозды ұстамадан кейін 4 сағаттан соң қарқынды терапия палатасына түсті. Шағымдары төс артының қатты басыр ауыруы, ол сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа таралуы, өлімнен қорқу сезімі. Нитроглицеринді қабылдаудан кейін жеңілдік тумайды.

Объективті: жағдайы ауыр. Тері беткейі бозарған, салқан тер, еріндері көгерген. АҚ 80/60 мм с.б.б., РS-110/соққы мин. Аритмиялық. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 16 рет минутына.

Сұрақтары:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз

2. Тексеру жоспары

3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]