- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 9
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •Билет № 19
- •Билет № 20
- •Билет № 21
- •Билет № 22
- •Билет № 23
- •Билет № 24
- •Сұрақтары:
- •Билет № 25
- •Сұрақтары:
- •Билет № 26
- •Билет № 27
- •Билет № 28
- •Билет № 29
- •Билет № 30
Билет № 9
1.ЖРВИ: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2.Науқас К., 38 жаста, ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауырады, босанар алдында тұншығу ұстамасы болған.
Объективті: ортопноэ қалпында, суық тер, еріндердің цианозы. Мойын көктамырлары 1/3 ұзындығы бойында ісінген. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 28 рет 1 мин. РS-142 соққы 1 мин. ЖСЖ-170 соққы 1 мин, пульс тапшылығы 28. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырынан 1 см тысқары, сол бұғана ортаңғы сызықтан 0,5 см ішкері, жоғарғы ІІ қабырғааралықта орналасқан. Соr I тон - жүрек ұшында мезодиастолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар.
Сұрақтары:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз
2. Тексеру жоспары.
3. Шұғыл көмек.
Билет № 10
1.Асқазан ойық жарасы: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас М., 42 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын тұйық, сыздап ауырсыну, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құсу, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті.
Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында, әсіресе ортаңғы сызықтың оң жағына таман ауырсынады. Нәжісі – іш қатуға бейім.
Тексергенде:
1. ЖҚА: НВ-98г/л; ЭР - 2,3х1012/л; ТК - 0,85; ЭТЖ - 10 мм/сағ; L - 9х109/л.
2. ФГДС қорытындысы. Шырышты қабаты бозарған, сұрғыш түсті. Қатпарлары жұқарған, өлшемі кішірейген, шырыш асты тамырлар өте жақсы көрінеді. Асқазан қуысында көп көлемде бұлыңғыр түсті құрамдас сөл байқалады. Кіші иінінде шырышты қабаттың дефекті 0-5x6 см орналасқан, оның терең түбі сарғыш түсті фибринозды жабынмен қапталған және қырлары жұлдызша тәрізді сүйелденген. Қабыну белгілері айқын байқалмайды.
3. Гистология: өзіндік пластинкалар және лимфоцит эпителийлерімен инфильтрацияланған, ішектік метаплазия ошақтары. НР+3; РН=1,54.
Қан тобы 0(I)
Сұрақтары:
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Тексеру жоспарына тағы не қосу керек.
3. Емі.
Билет № 11
1.Туберкулез: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас 25 жаста; ауруханаға тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағының кеш, аш қарынға ауыруы, қышқыл құрамды құсу, кекіру, қыжылдауға шағымданып келіп түсті.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас астеникалық дене бітімде. Тері жабындары қалыпты түсте. АҚ 90/60 мм с.б.б. Тілі таза. Ішті пальпациялағанда – қорғаныстық қатаюы, эпигастрий аймағында және пилородуоденалды зонада ауырсыну.
Тексергенде:
1. ЖҚА: Hв - 120 г/л; Эр - 4,5x1012/л; ТК - 1,0; ЭТЖ - 8 мм/сағ; L - 8х109/л.
2. Қан тобы 0(I). Асқазан денесі PH = 1,0. Жасырын қанға нәжіс теріс нәтижелі.
3. ФГДС: асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Ұлтабардың алдыңғы қабырғасында диаметрі 8х10 мм дефект бар, кратерео-түрлі, айналасы қабынған, қырлары ісінген және қатпарлары конвергенцияланған. Ұлтабар деформацияланған, оның қуысы тарылған. Асқазан қуысында жасыл түсті бұлыңғыр құрамды сөл анықталады. Шырышты қабаты эндоскоппен контактіде оңай қанайды.
4. Гистология. Айқын белсенді антралды гастродуоденит, ішектік метаплазия ошақтары. Көптеген Н.Р.
Сұрақтары:
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Негізгі синдромды айқындаңыз.
3. Ажыратпалы диагноз жүргізіңіз.
4. Емдеу тактикасы.
