- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 9
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •Билет № 19
- •Билет № 20
- •Билет № 21
- •Билет № 22
- •Билет № 23
- •Билет № 24
- •Сұрақтары:
- •Билет № 25
- •Сұрақтары:
- •Билет № 26
- •Билет № 27
- •Билет № 28
- •Билет № 29
- •Билет № 30
Сұрақтары:
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Тексеру жоспарына тағы не қосу керек.
3. Емі.
Билет № 25
1.Каллагеноздар: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас 25 жаста; ауруханаға тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағының кеш, аш қарынға ауыруы, қышқыл құрамды құсу, кекіру, қыжылдауға шағымданып келіп түсті.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас астеникалық дене бітімде. Тері жабындары қалыпты түсте. АҚ 90/60 мм с.б.б. Тілі таза. Ішті пальпациялағанда – қорғаныстық қатаюы, эпигастрий аймағында және пилородуоденалды зонада ауырсыну.
Тексергенде:
1. ЖҚА: Hв - 120 г/л; Эр - 4,5x1012/л; ТК - 1,0; ЭТЖ - 8 мм/сағ; L - 8х109/л.
2. Қан тобы 0(I). Асқазан денесі PH = 1,0. Жасырын қанға нәжіс теріс нәтижелі.
3. ФГДС: асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Ұлтабардың алдыңғы қабырғасында диаметрі 8х10 мм дефект бар, кратерео-түрлі, айналасы қабынған, қырлары ісінген және қатпарлары конвергенцияланған. Ұлтабар деформацияланған, оның қуысы тарылған. Асқазан қуысында жасыл түсті бұлыңғыр құрамды сөл анықталады. Шырышты қабаты эндоскоппен контактіде оңай қанайды.
4. Гистология. Айқын белсенді антралды гастродуоденит, ішектік метаплазия ошақтары. Көптеген Н.Р.
Сұрақтары:
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Негізгі синдромды айқындаңыз.
3. Ажыратпалы диагноз жүргізіңіз.
4. Емдеу тактикасы.
Билет № 26
1.Миокард инфарктісі: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас Ж., 28 жаста айқын жүрек қағуына, тершеңдікке, дене салмағының тқмендеуіне, ұйқысыздыққа, тітіркенгіштікке, жылағыштыққа шағымданады. Анамнезінде жиі стрестік жағдайлар, пациенттің анасы қалқанша безінің ауруымен ота жасатқан.
Объективті: жүдеу, facies basedovica, тері жамылғысы ыстық, бархат тәрізді, алақан гипергидрозы байқалады. Қарағанда мойында – «жуан мойын» симптомы. Грефе, Мебиус, Краус симптомдары оң мәнді.
1. Қандай ауру туралы мәселе қозғалуда?
2. facies basedovica сипаттаңыз?
3. Осы пациентте қалқанша безінің ұлғаю деңгейі қандай?
4. Аталған көз симптомдарына сипаттама беріңіз?
5. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша әдістер қажет?
Билет № 27
1.Артериалық гипертония: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем көрсету көлігімен 35 жастағы әйел кісіні алып келді, науқастың шағымдары жалпы әлсіздік, бас айналу, жиі және көп көлемдегі мұрыннан тәулігіне 5-6 рет қан кетулер.
Анамнезінде: соңғы 3 жыл бойы жиі мұрыннан қан кетулерді, тері астында кезеңді көгерулердің пайда болуын байқайды. Етеккірі көп көлемде және ұзақ уақыт келеді. Науқас өзін қанағаттанарлық сезінген сондықтан дәрігерге қаралмаған.
Объективті: қарағанда: науқас бозарған, көкірек, аяқ терілерінде ірі петехиалды геморрагиялық бөртпелер және бірен-саран көлемді экхимоздар. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары аздап тұйықталған, дұрыс ырғақты. АҚ 90/60 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. Соққылау симптомы теріс екі жақтан. Капиллярлардың сынғыштығының сынамасы (жгут немесе шымшу симптомы) оң.
Сұрақтары:
1 . Болжам диагноз қойыңыз.
2. Негізгі клиникалық синдромды белгілеңіз.
3. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
№2 есепке қосымша тексеру нәтижелері
1.ЖҚА НВ 100г/л; Эр 4,2х10*12/л; ТК 0,8; лейкоциттер 6,2x109/л; т/яд. 3%; с/яд 67%; эозинофилдер 2%; лимфоциттер 23%; тромбоциттер 10х10*9/л; моноциттер 5%; ЭТЖ 10 мм/сағ.
2. Қан кету уақыты 8 мин (Дюке бойынша)
3. Қанның ұю уақыты 15 мин (ЛИ, Уайт бойынша)
4. Коагулограмма: протромбинді индекс 60%
Протромбинді уақыт - 7 мин
