- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 9
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •Билет № 19
- •Билет № 20
- •Билет № 21
- •Билет № 22
- •Билет № 23
- •Билет № 24
- •Сұрақтары:
- •Билет № 25
- •Сұрақтары:
- •Билет № 26
- •Билет № 27
- •Билет № 28
- •Билет № 29
- •Билет № 30
Билет № 17
1.Эндемиялық зоб: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.
а) Асқынуы қалай аталады?
б) Алғашқы медициналық көмек?
Билет № 18
1.Қантты диабет: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. 49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.
Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.
Билет № 19
1.Анемиялар: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. 49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.
Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.
Билет № 20
1.Лейкоздар: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.
Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.
Сұрақтары:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері.
Билет № 21
1.Ревматоидтық артрит: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас С, түнгі уақытта төс артының нитроглицеринге әрең басылатын ауырсыну ұстама болған. Физикалық жүктемені жеңіл көтереді. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде инфарктке ұқсас өзгеріс айқындалды, бірнеше минуттардан кейін ұстама басылғанда ЭКГ-дағы бұл өзгерістер ізсіз жоғалды.
Сұрақтары:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?
3. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаған жөн?
4. Болжамы қандай?
