Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ishki_aurulardan_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Билет № 22

1.Подагра: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас Т. 62 жаста жіті миокард инфарктісін 4 жыл алдын өткерген, гипертониялық аурумен 12 жыл бойы ауырады.

Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, тері беткейлерінің бозаруы байқалады, жүрек шекаралары – сол сол жақтағы бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 200/110 мм с.б.б., ырғағы дұрыс, ЖСЖ 118 рет 1 мин. ЭКГ - синустық тахикардия, ЖСЖ 125 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

Сұрақтары:

  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Тағы қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

  3. Емдеу принциптері.

  4. Интерпретациялаңыз.

Қан анализінде: Эритроциттер-3,8х1012/л, лейкоциттер-7,9 х109/л; с/я-63.7; Т/я-3-4; ЭТЖ-23 мм/час.

Билет № 23

1.Аллергоздар: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас К. 38 жаста ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауыратын әйел кісі босану алдында тұншығу ұстамасы байқалды.

Объективті: Қалпы ортопноэ суық тер, еріндері көгерген. Мойын көктамырлары ісінген ұзына бойының 1/3 бөлігінде. Тыныс алуы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 29 рет 1 мин. АҚ 220/110 мм с.б.б., РS - 151 соққы 1 мин, ЖСЖ - 183 соққы 1 мин пульс тапшылығы 32. Жүректің салыстырмалы шегі төстің оң жақ қырынан 1,5 см оңға қарай, жоғарғы II қабырғааралықта, сол бұғанаорта сызығынан 1,0 см ішке. Соr тондары: I тон - әркелкі дыбысты, мезодиастолалық шу жүрек ұшында, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпенің төменгі бөлімдерінде іркілістік құрғақ сырылдар естіледі.

Сұрақтары:

1. Негізгі синдромын анықтаңыз.

3. Тексеру жоспары.

4. Жедел жәрдем.

Билет № 24

1.Квинке ісігі: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?

2. Науқас М., 42 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын тұйық, сыздап ауырсыну, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құсу, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті.

Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында, әсіресе ортаңғы сызықтың оң жағына таман ауырсынады. Нәжісі – іш қатуға бейім.

Тексергенде:

1. ЖҚА: НВ-98г/л; ЭР - 2,3х1012/л; ТК - 0,85; ЭТЖ - 10 мм/сағ; L - 9х109/л.

2. ФГДС қорытындысы. Шырышты қабаты бозарған, сұрғыш түсті. Қатпарлары жұқарған, өлшемі кішірейген, шырыш асты тамырлар өте жақсы көрінеді. Асқазан қуысында көп көлемде бұлыңғыр түсті құрамдас сөл байқалады. Кіші иінінде шырышты қабаттың де­фекті 0-5x6 см орналасқан, оның терең түбі сарғыш түсті фибринозды жабынмен қапталған және қырлары жұлдызша тәрізді сүйелденген. Қабыну белгілері айқын байқалмайды.

3. Гистология: өзіндік пластинкалар және лимфоцит эпителийлерімен инфильтрацияланған, ішектік метаплазия ошақтары. НР+3; РН=1,54.

Қан тобы 0(I)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]