- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 9
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •Билет № 19
- •Билет № 20
- •Билет № 21
- •Билет № 22
- •Билет № 23
- •Билет № 24
- •Сұрақтары:
- •Билет № 25
- •Сұрақтары:
- •Билет № 26
- •Билет № 27
- •Билет № 28
- •Билет № 29
- •Билет № 30
Билет № 12
1.Созылмалы гламерулонефрит: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас «аш қарынға», түнгі және кеш, сода немесе аз көлемдегі асты қабылдағаннан кейін бәсеңситін ауырсынуға, қыжылдауға, ауырсыну шыңындағы құсуға, ішқатуға шағымданады. 5 жылданбері ауырады, кеш күзде өршу болып тұрады. Өршулер арасында өзін жақсы сезінеді.
Объективті: іші аздап ширыққан және эпигастрий аймағының оң жақ бөлігі ауырсынады. Мендель симптомы орталық сызық бойында кіндіктен аздап жоғары оң жағында оң мәнді.
Аталған белгілер қай ауруларға тән?
Билет № 13
1.Жүйелі қызыл жегі: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас 56 жаста, ентігу, тобықтың ісінуі, көп көлемдегі қақырықты, көбіне азанға қарай және аздаған қан аралас қақырықты жөтелге шағымданып, госпитализацияланды. Қақырық таңғы уақытта бүйірге жатқанда не отырғанда шығады, соңғы 15 жылда дене температурасы қайта-қайта көтерілген, қақырық көлемі де ұлғайған. Жылына 1-2 рет ауруы өршіп отырады.
Соңғы 5-6 жылда физ.күш түскенде ентігетінін, бір жыл алдын аяқтарының ісінетінін байқаған. Дене температурасы көтерілген кезде тетрациклин қабылдайды, әдетте 2-3 күннен кейін температура түседі одан соң дәріні ішпей қояды. 50 жастан бері нағыз ауруы бойынша ІІ топтағы мүгедек. 30-дан 50 жасқа дейін темекі тартқан, күніне 10-15 сигареттен. Бір апта бұрын дене температурасы 39,50С-қа дейін көтерілген, қақырық көлемі артқан, оң жақ көкірек тұсында ауырсыну байқалды, демді терең алғанда ол күшейеді. 2 күн көлемінде тетрациклинді 100 мың 4 рет қабылдаған, тиімсіз, кейін госпитализацияланды.
Объективті: тәулігіне 100 мл іріңді, иіссіз қақырық тастайды, температурасы 37,80С. Перкуторлы: төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыстың күшеюі, аускультативті: екі жақтан да ылғалды сырылдар, оң жақтан көбірек, жөтелген соң, дене қалпын өзгерткенде жойылады, көбіне төменгі бөлімдерінде; шашыраған құрғақ сырылдар.
Сұрақтары:
1.Науқастағы негізгі клиникалық синдромды атаңыз?
2.Бастапқы синдромды белгілеңіз.
3. Тексеру жоспарын құрыңыз.
Билет № 14
1.Колиттер: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2.Науқас Ц., 42 жаста, терінің қышуына, сарғаюға, таңғы уақытта ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою қоңыр түске боялуына шағымданады. Қарағанда: тері қабаттары мен склерасы сарғайған,дене терісінде тырналған орындар бар.
Аталған белгілер қандай патологиялық үдерістерге тән?
Билет № 15
1.Гепатиттер: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас И., 30 жаста, тамақты ішкеннен соң 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрий аймағының ауырсынуына, кезеңді түрде қабылдаған аспен құсу, құсқаннан кейін басылатын ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады.
Сипатталған жағдайлар асқорыту жүйесінің қандай ауруларына тән?
Билет № 16
1.Циститтер: этиология, потогенез, клиникалық көрінісі, емі?
2. Науқас Б., 48 жаста, ентігу, температура байқалады. Қарағанда науқастың кеуде қуысының жартысының тыныс алуда қалуы анықталды. Дауыс дірілі күшейген, перкуторлы дыбыс зақымдалу ошағының үстінде тұйықталған, везикулярлы тыныс әлсіреген, бронхофония күшейген. ЖҚА лейкоцитоз -20,0*109/л. R-гомогенді қараю.
Қандай ауру туралы айтылған?
Емі
