Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.

Қорқыт Ата[1] – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[|Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.

58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.

Сырбай  Мәуленов 1922 жылдың 17 қыркүйегінде Қостанай облысының, Жангелдин ауданының, Торғай кентінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. лдыз" журналының, 1955-1957, 1971-1977 жж. "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш  өлеңі   Жамбыл облысының "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланса, "Өлеңдер" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. "Тандаулы өлеңдер" атты тандамалысы (1958 ), "Шаңқай түс" жинағы (1966), "Тандамалылары" (2 томдығы, 1972), 1982-1984 жж. үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972) атты өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тір­шілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жарадар болып қайтса да ақын 58 кітап жазған екен. Тәні ғана емес, жаны да мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық оты­нан, жан сұлулығынан ажыратпаған. Әсіре­се, соғыс тақырыбында жан сарайың­ды өртеп өтер өлмес, өшпес өнеге үлгіле­рін жасап қалдырды. Бұл тақырыптағы қазақ поэзиясының алтын қорын байытқан «Түбірлер», «Соғыстан қайт­қан солдаттар» өлеңдерін ауызға ал­сақ та жетіп жатыр. Қасиет пен киеге суа­рылған мұндай өлеңдер ақынның жыр кітаптарында молынан ұшыра­сады. Сырбай − қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Өлеңдерінің ерекше бір қасиеті: ол ойын лирикалық герой арқылы, көбінесе өз атынан сөйлейді, өз қатынасын, өз көзқарасын, өз сезімін толғайды. Өз атынан сөйлеу, «мен» деп айту сәтті шыққан жағдайда ақын жырын оқушыға жақындата түседі. Ал сәтсіз болса, оқушы ақын пікірін, ақын сезімін қабылдамайды.

Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. "Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар. "Оралдағы отты кун" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы"(1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан" (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. "Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.

Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы - 10 қазан 2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны.

  • Тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды.

  • Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.

Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды.

  • "Кәмила" (1960)

  • "Көктем таңы" (1961)

  • "Алатау қызы" (1963)

  • "Ферюза туралы жыр" (1964)

  • "Зулайды күндер" (1965)

  • "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.

  • 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968).

  • "Ескерткіш" (1969)

  • "Шақырады жаз мені" (1970)

  • "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.

  • "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971)

  • "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.

  • Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962)

  • "Первая встреча" (1968)

  • "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

  • Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;

  • Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

  • Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

  • Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

  • Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

  • Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;

  • Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;

  • Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;

  • Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;

  • Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;

  • Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;

  • Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;

  • Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;

  • Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;

  • Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;

  • Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;

  • Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;

  • Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;

  • Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;

  • 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.