- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды. 1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.
“Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен соның ерлікке тең еңбегінің арқасында және соның қаражатына 1911 жылдың 10 қаңтарынан бастап Троицкі қаласында Х. Сосновскийдің “Энергия” баспаханасында шыға бастаған . Көлемі 4-5 баспа табақ , таралымы 900-1000 дана . 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Кей жылдары 12-14 , кей жылдары 24 нөмірге дейін шыққан . Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М. Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп қапы қалған істері көп . “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайықтап “Айқап” болды” — дейді . Журналға келіп түскен хаттарға қарағанда ол қазіргі Қазақстан , Қырғызстан территориясына түгел дерлік және Ресейдің біраз бөлігіне тараған .
“Айқап” журналын дерек көзі ретінде талдауда , ондағы мәліметтерді тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү. Субханбердина дайындаған “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар” атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінің алар орны ерекше екендігін айтуымыз керек . Ә. Марғұланның сөзімен айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға дейінгі мерзімді басылымның мазмұнымен танысып , бай да ерекше деректер әлеміне енуге көмектеседі” .
69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
«Көксерек» - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырын таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан.
Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .
Құрмаш - Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан.
Көксерек - күшік кезінде ауылға әкелінген. Көксерек ауыл иттерінен қорлық көреді. Иттер оны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді.
Қасен - Құрмаштың дұшпаны болып,көрген сайын мазақтап жүретін адам.
Аққасқа - Жұмаштың иті, Көксеректің баққасы. Онымен әрдайым күресіп, жарақат жасайтын ит.
Бейсембай жылқышы - Қолында шошайған сойылы бар,астында қатып қалған ақ бедеуі бар,жылқы бағып жүретін адам.
Құрмаштың әжесі - Құрмашты қолдап отырған адам. Соңында елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басынан қарғап тұрып , тепті.
Жұмаш - Құрмаштың ауылдасы, баққасы. Үнемі Құрмашпен ұстасып жүретін бала.
