Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы

«Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген.

Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған.

Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы да бір кездегі тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады.

«Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.)

«Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес жолдары арқылы көрінеді де, «Есею жылдары» атты үшінші кітапта тамырын тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды.

46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасының мазмұны мен идеясы. Мақсаты: а) білімділік: Поэманың мазмұнын қайталай отырып, жазылу тарихына, көтерген проблемасына тоқталу. Кейіпкерлеріне мінездеме беру, іс-әрекеттерін талдау ә) дамытушылық: Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бейнелеудегі айшықты сөз кестелеріне тоқталу, оқушыларды ой еркіндігіне баулу. б) тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Түрі: Аралас сабақ. Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-зерттеу әдісі, пікірталас (дебат), әдеби айтыс. Көрнекілігі: Суреттер (Абылай, Сәкен), плакаттар, қаттама кітапшалар, үнтаспа («Біржан-Сара» операсынан үзінді). Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Өткен материалдарды пысықтау. 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз өткен сабақта С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқып, таныстық. Енді сол поэманың мазмұнына жалпы шолу жасайық. «Табиғат - поэзияның қайнар көзі» десек, ендеше Көкшетау – Отан, туған жер туралы поэма. а) М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Біржанның әнін тыңдап көрелік. ә) Көкше сипаттары. «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің суреттеуі. б) Мағжан поэмасындағы Көкшенің сипаты. 2. «Көкшетау» поэмасындағы халық аңыздарына тоқталу, аңыздар, оның шығу тарихы. Плакатпен жұмыс жүргізіледі (ауызша) а) «Жеке батыр» /Не себептен аталған/. ә) «Бурабай», б) «Оқжетпес», в) «Жұмбақтас», г) Қыз бен жігіт, д) Адақ, е) Адақ мерген. III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау. 1. Поэмасының негізгі тараулары қандай? Ақын онда не туралы баяндаған? Мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу. а) Абылай батырларын алды жиып, Үлеске олжаларын салды жиып. Сол жерде бір сұлуға талас болды, Бере алмай біреуіне бірі қиып. Ал, балалар, поэма оқиғасы осылай басталды? Осындағы Абылай кім? (Оқушылар Абылай туралы, Абылай өмір сүрген орта туралы өз ойларын айтады) ә) Мағжанның «Батыр Баянындағы» Абылай бейнесі. (Салыстыру №2 плакат әрқайсысының тұсына оқушы өз ойын жазады). 3. Поэмадағы портрет жасаудағы ақын шеберлігі (қалмақ қызы; Сәкен, Мағжан суреттеулері, салыстыру, көркемдегіш құралдарды табу). Теңеу, портрет, баяндау (Абылай батырларын алды жиып... немесе: Қамалып сол сұлуға қарасыпты; немесе: Қарақұс пен кептер (қыз жұмбағы). 4. Күресте қалың қолды адақтаған... а) Адақ бейнесі (портрет). Адақ кім еді? ә) Адақ мерген. б) «Батыр Баян». Баян бейнесі ( Тақтаға салыстыра талдау). Адақ: адал, батыр, қайырымды, ержүрек, ер мінезді. Баян: басшы, кішіпейіл, намысқой, ержүрек, кейіпкер. Адақ – халық өкілі, әділдікті жақтаушы. Баян - өз жерін жаудан қорғау, алаш атын ардақтау. 5. Баян өз інісі Ноянды неге өлтірді? Баян әрекеті дұрыс па? Пікірталас: Ноян сатқын ба? (Әр оқушы өз ойын айтады) Ойламай белді бекем будым неге? Қозымды қас дұшпандай қудым неге? Майысып Ноян қалқам, ерке марқам, Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?... 6. Әдеби айтыс. а) Қай ақын суреткер, шебер? Көңіліңе қай Көкше жақын? ә) Қазақтың екі ақыны да неге жау қызын өз халқының ұлдары мен батырларынан жоғары қояды? б) Қай Абылай шындыққа жақын? в) Батырлық, ерлік, адамдық кімде басым? Адақта ма, Баянда ма? IV. Сабақты қорыту 1. Көкшетау – Отан туралы, туған жер туралы поэма. (ой толғау). Оқушылар сабақты өздері қорытады. Тақтадағы кестенің қорытындысын шығарады. 2.Мұғалімнің қорытынды сөзі, оқушылардың білімін бағалау. V. Үйге тапсырма а) Салыстыру жұмысының қорытындысын жасау. б) Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу, талдау.