Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым

Әдебиеттанушы, ғалым, ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 23 мамырда қазіргі Қарағанды облысы, Нілді болысының Қарашілік мекенінде дүниеге келген. Өзінің замандастары М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтар сияқты С.Сейфуллин де ауыл молдасы Ағаш аяқ дейтін кісіден білім алған. Әрі қарай оқуын Ақмола приход мектебінде, Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқыған. С.Сейфуллин көп оқыған, жан - жақты терең білімді, өз ісінің білгірі, білікті ұстаз, парасат - пайымы биік, адамгершілігі зор адам болған. Бұл сөзімізге нақты дәлел ол Галина Серебрякованың төмендегі сөзі: “Сәкен – адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы болатын...”. “...Сәкен жаңа әдебиет, жаңа мәдениет дегеннің бағытын жапа – жалғыз белгілеген адамымыз. Сәкенді біз жаңа әдебиеттің негізін салушы десек, Сәкен сол майданды жалғыз басқарып, жаңа заман ұранын жалғыз көтерді. Сәкеннің өзі – үлкен ақын... жазғанынан ғана емес, өзінің жаны үлкен ақын болатын... тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған жан еді. Сәкеннің кісілік жаратылысында бір кемшілік жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, мен Сәкенді басқалардан ерекше бағалаймын”, - дейді сырбаз сөз зергері Ғабит Мүсірепов. Сәкен әдебиеттанушы ретінде көп еңбек сіңірген. Оның зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шыққан кітаптар: «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» атты жинақ (1931), «Батырлар жыры» (1938), Ы.Алтынсарин өлеңдер жинағын құрастырған (1934). Ақан сері, Ақмола ақындардың өлеңдерін (1935), «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасын құрастырып шығарғаны мәлім. Сәкеннің негізгі еңбегі: «Қазақ әдебиеті» 1932 жылы баспадан шықты. Сәкен – үлкен лирик ақын [1, 20]. Бала күнінен - ақ ұқыпты, тиянақты, таза, анасы Жамалдың қолғанаты болып өскен Сәкеннің ойлы да тұнық қара көзінен - ақ келешекте қандай адам болатынын болжайтындай - ақ бір сұлулық көрінеді екен. Әкесі Сейфолланың өзі он саусағынан өнер тамған, домбырашы, халық әндерін орындаушы болған - деп айтып отыратын атамыз. Сәкен өлең жазуды ерте бастады. Жиырма жасының өзінде - ақ “Өткен күндер” деген өлең жинағы кітап болып басылып, халық сүйсіне оқыпты. Сәкен сұлу да мазмұнды лирикаларында алғаш: аналық - балалық махаббаттың, жастардың, қауымның арман - мұңын, жан сезіміңді елжіретер, жүрек қылын шертер талай - талай сыр сандықты, қазақтың кең даласын, сұлу табиғаттың көріністерін суреттеді.

27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.

С:Т-ң бас – аяғы 5-6 поэмасы бар. Ол 1917 ж күзде «Жас жүрек» өлеңінде өмір бойы алдантып, адасудан көз ашпады, өмірім – адасқан өмір деп білді. Соның артынша 1918 ж «Адасқан өмір» поэм-нжазды. Оның кейіпкері бір – ақ кісі - әдебиеттік «мен», яғни лирикалық қаһарман. Ол өз өмірін 5 кезеңге: мен – бала, мен – жігіт, мен – тоқтадым, мен – кәрі, мен - өлік деген бөлімдерге бөліп адамның туғаннан өлгенге дейінгі қалпын, сезімін, ой- арманын жыр етеді. Лирикалық кейіпкер өмірден өнер, жол таңдайды. Әуелі байлықты, онан кейін әкімдікті, қолбасылықты, үшінші – ғылымдықты, өнер тапқыштықты таңдайды. Ақырында ол әділдікті таңдайды. 1919 ж адасып келіп, тапқаным осы, мен өле- өлгенше кедей табымен бірге боламын деп «Кедей» поэм-н жазды. Кедей әуелі ауылда бай-феодаодың қызметін істеген, отын жағып, күлін шығарған, суын әкеліп, асын пісірген, егін егіп, пішенін шапқан, баласына қарап, қысы – жазы малын баққан, сонда да жылы сөз естімеген, бүтін киім кимеген, тойып ас ішпеген. Сосын капиталист/ң жұмысын істеген: теміржолда, шахтада, завод-фабрикада 14-15 сағат өліп-талып жұмыс істеген, тепкі көрген. Сонда да алған ақысы пәтерге, тамағына, киіміне жетпеген. Сондықтан саудаген, өсімқордан несиеге мал, азық алып, қарызға батқан. Салыстырмалы, жарыстырыла бейнеленген екі бірдей қанаудан кедей күйзезіп, жабырқайды, ойланып – толғанады. Ақыры өз елінде азапқа щыдамай, шет елге бақыт іздеп кетеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы 1918 жылдың аяқ кезінде жазылған. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Сұлтанмахмұт бұл поэмасында жалпы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл капиталистік қоғамға тән әділетсіздік жайын толғайды. Азғындап бара жатқан қоғамның белгілерін танып, адам баласының теңдікке жетуін, өз еңбегімен күн көретін, өз өнерін халық игілігі жолына жұмсайтын кезін – бақытты өмірді аңсайды. «Адасқан өмір» поэмасы бес бөлімнен тұрады. Бұлардың бірі – адамның сәби шағын, екіншісі – жігіт шағын, үшіншісі – ұлғайған, тоқтаған кезін, төртіншісі – кәрілік кезін, бесіншісі – өлген мезгілін суреттейді. Адам өмірінің барлық кезеңін қамту арқылы ақын өзі өмір сүрген қоғамның шынайы бет-бейнесін танытады. Поэма лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер арқылы бұл өмірдегі әділдік пен әділетсіздіктің жауабын іздей отырып, философиялық ой түйеді. Адам өмірі жамандық атаулыдан бейхабар кіршіксіз таза сәбиліктен басталады. Сәби шақта алдау, арбау, қайғы, дос, қас, бай, кедей, күшті, әлсіз дегендердің ешқайсысын білмейді. Оның көзқарасын қалыптастырып, өмірге бейімдейтін орта – қоғам шындығы. Поэманың лирикалық кейіпкері жігіт болып ес жиған кезде өз ортасынан ыңғайлы кәсіп, өз мақсаты мен халық мүддесін қабыстыратын пайдалы еңбек жолын таба алмайды. Ол бай болуды да, әскер басы, ғалым болуды да таңдап, байқап көреді. Бірақ капиталистік қоғам жағдайында осының ешқайсысынан да өз басына қажет азаттық пен әділетті таппайды. Лирикалық кейіпкердің соңғы арманы – ғалым болу. Ол адам өмірі ұзақ болса, жастықтың құпиясын ашсам деп армандайды. Бірақ ол адамды адам қанайтын қоғамда ғылымның табысы халық игілігіне аспайтынын байқап, одан да безіп шығады. Лирикалық кейіпкер «негізгі іс» – әділдік іздеуге тоқталады. Бұған Сұлтанмахмұт «ар азығын» күшейту үшін ғылым мен білімді таратуды, елді ағартуды өзінің мақсат-мұраты деп жауап береді. Поэманың соңғы бөлімдерінде («Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік») ақын адам өмірінің осы кезеңдердегі ерекшеліктеріне, өмір ағымындағы орнына көңіл бөледі. Поэманың бұл бөлімдерінде Сұлтанмахмұт адамның қоғамнан «қартаймайтын, өлмейтін орын табуын» сөз етеді. Бұл адамның ғұмырын мағыналы кешуі, келешекке пайдалы іспен мұра қалдыру деген сөз. Ақын осы негізде қоғам мен адам арасындағы қайшылықты терең ашады. «Мен тоқтадым» деген бөлімінде адам өмірінің сан алуан тосқауылына жауап – әділет деп нақты қорытады. Жалпы алғанда, «Адасқан өмір» – ескі құрылыс жағдайында іздеген бақытын таппаған адамның трагедиялық күйін шебер суреттеген, жарқын болашақтың қалай қалыптасу қажеттігін ашып көрсеткен мағыналы туынды. Ақын осы орайда адам өмірінің адасушылық себептерін, оның өмір сүріп отырған қоғамымен бітіспес қайшылыққа ұшырасуын ерекше ұтымдылықпен суреттейді. Романның көркемдік жүйесі де реализмге негізделген. Автор шығарманы оқиға мен тартысқа құрып, сол дәуірдің сырын, оның адамдарын тәп-тәуір суреттейді.

«Кедей» өлеңінің негізгі идеясы -қазақ кедейінің сыры мен мұңы. Онда да лирикалық кейіпкер өз басынан кешкен өмір өткелдерін әңгімелеп, өз бақытын таба алмай қиналады. Ауыл кедейінің тағдырына әсер етіп жатқан әділетсіздіктің көріністерін ақын жан-жақты ашып суреттейді. Ол бай малын бағып, жалшылықта, қорлықта өткен өмір сүрді. Мұның бәрін ақын нақты сурет арқылы ашады. Кедей тағдыры, өмір қайшылықтары жайлы ой толғайды.