Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.

Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.

Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді: Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.

  1. Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын

Романтизм – көркемдік, творчестволық әдіс. Егер реализмнің басты белгісі типтік жағдайда типтік образ жасау болса, романтизм өмірді, болмысты типтік бейнелеуге ұмтылмайды. Ол өмірді , болмысты не тым құлдыратып, не мүлде өсіріп, әсірелеп көрсетеді. Қиял дүниесіне бой алдырады. Писарев қиялдаудың екі түрлі формасын айта келіп, оның бірін азаматқа пайдалы қиял, ал екіншісін зиянды қиял дейді. Ал М. Горький романтизмді  пассивтік, активтік романтизм деп екіге бөледі. Қазақ әдебиеті тарихында  осындай екі бағытты ұстанған ақын-жазушылар болды. Шортанбай, Дулат сияқты ақындар ескілікке жармасты, артқа бет бұрды, хандық, феодалдық заманды көксеп жыр төкті, жаңалық атаулыға қарсы болды, келешектен күдер үзді. Сондықтан оларды біз керітартпа романтизм өкілдері дейміз, ал Махамбет болса  алдан үміт күтті, жақсылық өмірді аңсады, белсенді күрес жүргізді, елді ертеңге бастады.Сондықтан да Махамбетті прогресшіл романтизм өкілі дейміз.Оның өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі. Бірақ бұл – көпшілікті күреске шақырған оптимистік, прогресшіл романтизм. Махамбет романтизмінің негізі – сол кездегі қанаушылыққа қарсы наразылық білдірген айналасына риза болмай, алға ұмтылған, алдағы күннен жақсылық күткен, сол жақсылыққа күреспен ғана жетпек болып, қарулы күреске шыққан шаруалар көтерілісі еді. Махамбет өлеңдеріндегі романтизм – сол мақсаттың көрінісі.Махамбет өлеңдеріндегі романтизм басынан аяғына дейін жұртшылықты күреске шақырған, жақсылықты алдағы күннен күткен прогрестік, оптимистік романтизм. Күреске шақыру идеясы көтерілістің тек қана алғашқы кезеңіндегі сөздерінде емес, барлық өлеңдерінің де өзегі болып отырады. Исатай өліп, көтеріліс ыдырап, бірен-саран жолдастарымен қашып жүрген кезінде шығарған өлеңдерінде де сол сарыннан таймай, сары уайымға салынбай,болашаққа сенеді.