Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.4 Сурет

OR және NOR элементтерінің жұмыс принциптерін зерттеуге арналған алдыңғыларға ұқсас сұлбалар мен сәйкесті нәтижелер 1.5 және 1.6 суреттерде көрсетілген. Жүргізілген зерттемелердің Description терезесінде келтірілген нәтижелері OR элементінің кіріс сигналдарын логикалық қосу (дизъюнкциялау) қызметін орындайтындығын (осыған байланысты, бұл элемент көбіне НЕМЕСЕ элементі немесе дизъюнктор деп аталады), ал NOR элементінің НЕМЕСЕ функциясының терістемесі түріндегі Пирс функциясын (НЕМЕСЕ-ЕМЕС) жүзеге асыратындығын көрсетеді.

1.5 Сурет

1.6 Сурет

XOR және XNOR элементтерінің жұмыс принциптерін зерттеуге арналған алдыңғыларға ұқсас сұлбалар мен сәйкесті нәтижелер 1.7 және 1.8 суреттерде көрсетілген. Жүргізілген зерттемелердің Description терезесінде келтірілген нәтижелері XOR элементінің кіріс сигналдарын екілік модуль бойынша қосу қызметін орындайтындығын (біз оны арифметикалық қосу элементі деп атаймыз), ал XNOR элементінің баламалылық (эквиваленттілік) қызметін жүзеге асыратындығын көрсетеді.

1.7 Сурет

Динамикалық режимдегі тәжірибе нәтижелері XOR элементінің ақпараттың тура немесе теріс түрінде жіберілуін басқару сигналының деңгейіне байланысты басқарушы кілт ретінде пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді: тура түрінде жіберілу басқару сигналының нөлдік деңгейінде, ал теріс түрінде жіберілу оның бірлік деңгейінде жүзеге асырылады. XNOR элементінің ақиқаттық кестесіне көңіл аударып, бұндай элементтердің екі сандық деректердің теңдігін анықтау үшін пайдаланылу мүмкіндігін түсіну қиын емес.

1.8 Сурет

Цифрлық құрылғыларды құру кезінде (оларды моделдеу кезінде де) берілген алгоритмді жүзеге асырушы құрылымды логикалық жағынан құру мәселелерімен қатар, жалпы сипатты сұлбақұралым мәселелері де туады. Бұндай мәселелерге, мысалы, құрылушы құрылғының жұмыс логикасына сұлбада пайдаланылатын элементтердің уақыттық параметрлерінің әсері жатады.

1.9 Сурет

Логикалық элементтердің жағдайының өзгеріс ұзақтығы нақтылы тез әрекеттілігімен сипатталады. 1.9 суретте NOT элементінің уақыттық сипаттамаларын зерттеу сұлбасы мен сигналдың осы элемент арқылы өту процесінің уақыттық диаграммасы келтірілген. Бұнда шығыс сигналының өзгеріс мезетінің кіріс сигналының өзгеріс мезетіне байланысты нақтылы уақытқа кідіретіндігі және айқын көрініп тұр. Electronics Workbench моделдеу жүйесінде жүргізілген өлшенімдер бойынша, шығыс сигналының кідірісінің ұзақтығы 10 ns шамасында болады, ал бұл ТТЛ технологиясымен жасалған элементтердің сондай параметріне сәйкес келеді. Бұндай кідіріс статикалық сигналдармен істеуші құрылғыларға онша әсер етпейді, бірақ кейбір жағдайларда (мысалы, тізбектеме құрылғыларда) сигнал өтуінің кідірісінің құрылғы жұмысына біраз әсер етуі мүмкін, сондықтан оны ескеру керек.

Элементтердегі сигнал кідірісінің іс-әрекетін көрсету мақсатында екі OR элементінің кірістеріне параллель берілген екі сигналдың логикалық қосылымын қарастыралық (1.10 сурет). Суретте көрсетілгендей, сигналдардың біреуі екінші элементтің кірісіне екі NOT элементі арқылы беріледі.