Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.27 Сурет

Бірнеше мультиплексорды параллель қосу арқылы, арналы мультиплексор деп аталатын, құрылым құруға болады. Бұндай құрылым ақпараттық сөздердің біреуін шығыс арнасына жіберуге қолданылады.

Мультиплексордың негізінде қиыстырма құрылғылардың жұмысын да жүзеге асыруға, яғни мультиплексорды аргументтер саны нақтылы кез келген функцияны жүзеге асыруға бағыттауға болады.

Жүзеге асырылатын функцияның аргументтерінің саны мен пайдаланылатын мультиплексордың адрестік кірістерінң санының ара қатынасына байланысты мультиплексорды функцияны жүзеге асыруға бағыттаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады.

Бірінші тәсіл аргументтерінің саны пайдаланылатын мультиплексордың адрестік кірістерінің санымен бірдей болатын функцияны жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл кезде мультиплексордың адрестік кірістеріне – аргумент мәндері, ал оның ақпараттық кірістеріне, аргументтердің нақтылы жинақтарындағы функция мәндеріне сәйкесті, анықтаушы сигналдар берілу керек. Бұл жағдайдағы бағыттау алфавиті {0,1} болады, яғни бағыттау 0 және 1 константаларымен жүзеге асырылады.

1.6 кесте

C

B

A

Y

0

0

0

1

0

0

1

0

0

1

0

1

0

1

1

1

1

0

0

0

1

0

1

1

1

1

0

0

1

1

1

0

1.6 кестеде келтірілген үш аргументті функцияның айтылған тәсілмен жүзеге асырылуы 1.28 суретте көрсетілген. Тәжірибеде пайдаланылатын сегіз ақпараттық кірісті мультиплексор (74151 микросұлбасы), жүргізілетін жалғанымдардың көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында, MUX_8 блогы түрінде бейнеленген (1.29, a сурет).

1.28 Сурет

Құрылғының жұмысын зерттеу нәтижесінде, оның жұмысы әрбір аргументтер жинағындағы кестеде берілген функция мәндеріне сәйкес келетініне көз жеткізуге болады.

Бағыттау кірістерінің саны үлкен болған кезде, олардың санын кеміту қажеттігі туады. Бұл мәселенің шешілуі бағыттау сигналдарының алфавитін ұлғайту арқылы жүзеге асырылады. Егер {0,1} алфавитінен {0,1, } алфавитіне көшсек (бұндағы – аргументтердің біреуінің литералы), онда аргумент кірістерінің саны бірге қысқарады, ал бағыттау кірісінің саны екі есе кемиді. Бұл кезде, константалармен бағыттауға қарағанда, аргументтер саны бірге жоғары функциялар жүзеге асырылады.

a

b

1.29 Сурет

Жаңа алфавит үшін бағыттау коды келесі жолмен анықталады. аргументінен басқа аргументтер мультиплексордың адрестік кірістеріне беріледі. Мультиплексордың адрестік кірістеріне берілетін нақтылы аргументтер жинақтарында функция жалғыз . аргументіне ғана тәуелді болады. Қалдық функция деп аталатын, осы функцияның мәндері мультиплексордың бағыттау сигналдары ретінде берілу керек.

Сонымен, 1.5 кестеде келтірілген функцияны төрт ақпараттық кірісті мультиплексор (74153 микросұлбасы) негізінде жүзеге асыру үшін бастапқы кестені түрлендіру арқылы сәйкесті қалдық функцияны шығару керек.

аргументі бағыттау сигналына ауыстырылғанда (бағыттау алфавиті –{0, 1, }) қалдық функцияның сәйкесті мәндері C және B айнымалыларымен анықталады. Бұл айнымалылардың әрбір қиыстырмасы бастапқы кестенің іргелес екі жолында орналасқан. Кесте жолдарын іргелес жұптары арқылы қарастырып, қалдық функциясының 1.7 кестесіне сәйкес келетінін көруге болады.

1.7 кесте

C

B

0

0

0

1

1

1

0

A

1

1

0

Берілген функцияның айтылған тәсілмен, яғни төрт ақпараттық кірісті мультиплексор (74153 микросұлбасы) негізінде жүзеге асырылуы 1.30 суретте келтірілген. Тәжірибеде пайдаланылатын мультиплексор MUX_4 блогы түрінде бейнеленген (1.29, b сурет).