- •1 Цифрлық құрылғылардың құрылым негіздері
- •1.1 Логикалық элементтер
- •1.1 Сурет
- •1.2 Сурет
- •1.3 Сурет
- •1.8 Сурет
- •1.9 Сурет
- •1.4 Сурет
- •1.5 Сурет
- •1.6 Сурет
- •1.7 Сурет
- •1.10 Сурет
- •1.11 Сурет
- •1.12 Сурет
- •1.13 Сурет
- •1.2 Қиыстырма құрылғыларды құру
- •1.14 Сурет
- •1.15 Сурет
- •1.16 Сурет
- •1.3 Қалыпты қиыстырма буындар
- •1.3.1 Дешифраторлар.
- •1.17 Сурет
- •1.18 Сурет
- •1.19 Сурет
- •1.3.2 Шифраторлар.
- •1.20 Сурет
- •1.21 Сурет
- •1.22 Сурет
- •1.23 Сурет
- •1.24 Сурет
- •1.3.3 Мультиплексорлар.
- •1.25 Сурет
- •1.26 Сурет
- •1.27 Сурет
- •1.28 Сурет
- •1.29 Сурет
- •1.30 Сурет
- •1.31 Сурет
- •1.32 Сурет
- •1.33 Сурет
- •1.3.4 Демультиплексорлар.
- •1.4 Тізбектеме құрылғылар
- •1.4.1 Триггерлер.
- •1.34 Сурет
- •1.35 Сурет
- •1.36 Сурет
- •1.37 Сурет
- •1.38 Сурет
- •1.39 Сурет
- •1.40 Сурет
- •1.41 Сурет
- •1.4.2 Санауыштар.
- •1.42 Сурет
- •1.43 Сурет
- •1.4.2 Регистрлер.
- •1.44 Сурет
- •2 Цифрлық құрылғылардың моделдері
- •2.1 Қосуыштар
- •2.1 Сурет
- •2.1.1 Тізбекті тасымалды қосуыш.
- •2.2 Сурет
- •2.3 Сурет
- •2.4 Сурет
- •2.5 Сурет
- •2.1.2 Параллель тасымалды қосуыш.
- •2.6 Сурет
- •2.7 Сурет
- •2.1.3 Шартты тасымалды қосуыш.
- •2.8 Сурет
- •2.9 Сурет
- •2.10 Сурет
- •2.1.4 Жинақтаушы қосуыш.
- •2.11 Сурет
- •2.12 Сурет
- •2.13 Сурет
- •2.14 Сурет
- •2.1.6 Тізбекті операндтарға арналған қосуыш.
- •2.15 Сурет
- •2.16 Сурет
- •2.2 Тексеру құрылғылары
- •2.2.1 Мажоритарлы құрылғылар.
- •2.17 Сурет
- •2.18 Сурет
- •2.19 Сурет
- •2.20 Сурет
- •2.21 Сурет
- •2.2.2 Жұптығы бойынша бақылау құрылғылары.
- •2.22 Сурет
- •2.2.3 Хемминг кодына негізделген құрылғылар.
- •2.27 Сурет
- •2.28 Сурет
- •2.29 Сурет
- •2.30 Сурет
- •2.3 Жады құрылғыларымен жұмыс ұйымдастырылуы
- •2.3.1 Ұйымдастырылымы 16x4 жады құрылғылары.
- •2.3.2 Жадыға тура шығу арқылы дерек алмасу.
- •2.35 Сурет
- •2.31 Сурет
- •2.32 Сурет
- •2.33 Сурет
- •2.34 Сурет
- •2.36 Сурет
- •2.3.3 Стек жадысымен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
- •2.37 Сурет
- •3 Микропроцессорлық жүйенің моделі
- •3.1 Микропроцессорлық жүйенің моделінің құрылымы
- •3.1 Сурет
- •3.1.1 Mp4m микропроцессоры.
- •3.2 Сурет
- •3.3 Сурет
- •3.1.2 Микропроцессордың қызмет буындары.
- •3.4 Сурет
- •3.1.3 Микропроцессорлық жүйенің қызмет буындары.
- •3.2 Mp4m моделінің жұмыс режимдері мен командалар жүйесі
- •3.3 Mp4m моделінің жұмысын ұйымдастыру мысалдары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3 Микропроцессорлық жүйенің моделі
Бұл тарауда автор құрастырған, ерекше құрылымды және өзгертілмелі командалар жүйесімен қамтылған микропроцессорлық жүйенің сұлбалық моделі қарастырылады. Моделдің қарапайымдылығы мен оның жұмысының көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында, модель 4-разрядты деректермен (тетрадалармен) жұмыс атқаруға бағытталды.
Құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылу принциптеріне байланысты, бүкіл жүйенің құрылған моделінің құрылымдық және жұмыс негізін құратын микропроцессор моделі MP4M (Microprocessor, 4-digit, Modified) деп аталды. Бұдан әрі бүкіл жүйені де солай атаймыз.
3.1 Микропроцессорлық жүйенің моделінің құрылымы
Құрамына микропроцессор (MP4M), дерек енгізу құрылғысы (In), жады жүйесі (Mem) және жүйенің жұмыс режимін таңдау блогы (Regime) енгізілген, 4-разрядты микропроцессорлық жүйенің моделі 3.1 суретте келтірілген.
3.1 Сурет
3.1.1 Mp4m микропроцессоры.
Микропроцессор құрамына (3.2 сурет) сәйкесті блоктарға біріктірілген келесі блоктар кіреді:
арнайы қызметтік регистрлер жиынтығы (RGs, Registers);
арифметикалық-логикалық құрылғы (ALU, Arithmetic-LogicUnit);
команда регистрі (IR, Instruction Register);
команда дешифраторы (DC_16, Decoder 16-bit);
таймер (CLK, Clock);
микробағдарламалы құрылғы (Combi, Combinational Circuit.
3.2 Сурет
3.3 Сурет
Регистрлер жиынтығының (RGs) құрамына әрбіреуі нақтылы қызмет атқаруға арналған келесі регистрлер кіреді (3.3 сурет):
A регистрі аккумулятор (Accumulator) қызметін атқарады, онда арифметикалық және логикалық операцияларға қатысты операндтардың біреуі немесе операциялардың орындалу нәтижесі сақталады. Аккумуляторға дерек жадыдан (LD A командасы) немесе ALU-дан (кезекті арифметикалық немесе логикалық операция орындалғаннан кейін) енгізіледі;
A1 регистрі айналымды қосылымдардың ұйымдастырылуы кезінде туатын тасымалдарды жинауға арналған. Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде және аккумуляторға (A регистріне) LD A командасымен дерек енгізілуі кезінде тазартылады. Ондағы дерек Space түймесін қысқа уақытқа басу арқылы аккумулятор индикаторларына шығарылады;
B регистрі микропроцессордың ішкі регистрлері мен жады арасындағы дерек жіберілімдерінің адрес регистрінің қызметін атқарады (LD C, LD IP, LD SP, LD A командалары). LD C, LD SP, LD A командалары орындалғаннан кейін B регистріндегі сан ұлғайтылады (яғни, оған бір қосылады). Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде тазартылады. Бұл регистрге дерек LD B командасымен енгізіледі, оған адрес регистрі ретінде C регистрі пайдаланылады;
C регистрі арифметикалық және логикалық операцияларға қатысты екінші операндтың адрес регистрінің қызметін атқарады. Сәйкесті командалар орындалғаннан кейін С регистріндегі сан ұлғайтылады, бірақ оның бағытын (B регистрінен ерекше) өзгертуге болады, ол I түймесі арқылы қойылады және оның жағдайы (I) - Dcr/Inr көрсеткішінде көрсетіледі: I=0 кезінде – тура бағытта (Increment), ал I=1 кезінде – теріс бағытта (Decrement). Ондағы санды өзгермеген түрінде де қалдыруға болады, бұндай жағдай туралы жүйенің жұмыс режимдерін суреттеу кезінде айтылады. Бұл регистрге дерек LD C командасымен жүзеге асырылады. Бағдарламаның іске қосылуы кезінде бұл регистр 1111 жағдайына қойылады (XOR элементтері арқылы). Кез келген бағдарламаның құрамында дерек тарату командаларының болатындығынан, бағдарламаның бірінші командасы B регистріне дерек енгізу командасы (LD B) болу керек. C регистрінің сұлбасындағы төрткірісті OR элементі регистрдің нөлдік жағдайын анықтауға арналған, ол арқылы айналымды операциялардың ұйымдастырылуы кезінде шартты ауысу жүзеге асырылады;
SP регистрі стек көрсеткішінің (Stack Pointer) қызметін атқарады, яғни PUSH және POP командалуы кезінде адрес регистрінің рөлінде болады: ондағы адрес PUSH командасының орындалар алдында кемітіледі (Predecrement) және POP командасы орындалғаннан кейін ұлғайтылады (Postincrement). Бұл регистрге дерек енгізу LD SP командасымен жүзеге асырылады. Бағдарламаның іске қосылуы кезінде бұл регистр 1111 жағдайына қойылады;
IP регистрі команда көрсеткішінің (Instuction Pointer) қызметін атқарады. Кезекті команданың коды жадыдан шығарылып, команда регистріне сақталғаннан кейін ондағы адрес ұлғайтылады. Бұл регистрге дерек LD IP командасымен жүзеге асырылады. Ондағы адрес, жүйенің кейбір альтернативті жұмыс режимдерінде анықталатын, шартты ауысу кезінде де өзгертіледі. Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде тазартылады.
Барлық регистрдің кірістері – ішкі дерек желісіне, ал шығыстары (үш жағдайлы буферлік элементтер арқылы) атқаратын қызметіне сәйкесті дерек желісіне немесе адрес желісіне қосылған.
Қарастырылған регистрлердің деректерді параллель қабылдауымен қатар өз құрамын ұлғайта (немесе кеміте) алатын болуы үшін, олар аудармалы санауыш (74169 микросұлбасы) негізінде құрылған.
