Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Еңбек қызметінің түрлері?

2. Еңбек аурлығы мен кернеулігі бойынша жіктелуі?

3. Психикалық жарақаттың себептерін атаңыз?

4. Жұмыс әдістері адам денсаулығына қалай әсер етеді?

5. Басқару мүшесіне тым аса күш салу неге алып кеп соғады?

6. Кәсіби жарамдылыққа, кәсіби сынама және әдістемелік баға беру.

7. «Профессиограмма», «психограмма» түсініктемесі .

8. Тұлғаның кәсіби мәні бар психологиялық қасиеті.

9. Операторлық қызметтің негізгі психологиялық ерекшеліктері.

10. Ағзаның физиологиялық қызметіне әсер ететін өндірістік жағдайдың кейбір факторының бағамы.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Безопасность и охрана труда. Под ред. Русака О.М. С.-П.,2001г.

  2. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. Белова С.В. М., 2001г.

  3. В.А. Девисилов. Охрана труда. - М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007г.

  4. Климов Е.А. Психология профессионала. М., 1996.

  5. Никифорова Г.С., Дмитриева М.А., Снеткова В.М. Практикум по психологии менеджмента и профессиональной деятельности. С-Пб., 2001.

  6. Зеер Э. Психология профессий. М.: Академический проект, 2003.

6 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

6.1 Адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан сақтандыру

Студент міндетті:

Білуі қажет: кәсіптік қызмет саласындағы туатын физикалық және кемшілік факторларынан адамды қорғаудың тәсілдері мен құралдарын; дірілден, шудан, инфра және ультрадыбыстардан сақтануды; электромагниттік сәулелерден сақтануды; ұдайы электрлік және магниттік өрістерден сақтануды, лазерлік сәулеленуден, инфрақызыл (жылу) и ультракүлгіннен; радиациядан сақтануды.

Орындай алу қажет: еңбек жағдайын жақсарту бойынша инженерлік есепті жүргізуге.

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Шу адам ағзасының барлығына әсер етеді. Ол орталық жүйке жүйесіне қысым жасайды, демалу мен пульс жылдамдығын өзгеруіне әкеп соқтырады, зат алмасудың бұзылуына және жүрек қан тамырларының қабынуы ауруларының пайда болуын ықпал етеді, асқазан жарасына, гипертониялық ауруларға шалдықтырады, кәсіптік ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Шу адам иммунитетін және сыртқы әсерлерге деген тұрақтылығын төмендетеді.

Церебралды және перифериялық діріл аурулары кезінде вестебулярлық аппараттың, ішкі секреция мүшелерінің жанама патологиялық өзгерістері туындайды және т.б.

Діріл ауруы ұзақ уақыт бойы аурудың асқынбауын компенсациялауы мүмкін (адамға білінбей). Діріл ауруының үш сатысын ажыратады.

    1. Адамды химиялық және биологиялық жағымысыз факторлардан сақтандыру

Студент міндетті:

Білуі қажет: ауа және су кеңістігінің ластануынан сақтау тәсілдерін,

адамды химиялық және биологиялық жағымсыз факторлардан жеке сақтандыру құралдарын.

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Меншікті науаларынан (ағын) сапалы тазартуға кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында өзен ағысынан төмен технологиялық қажеттілігіне сай, сарқынды суды ағызудан гөрі, су бөгетін ұйымдастырған жөн. Егер де технологиялық қажеттіліктер үшін таза су талап етілсе, кәсіпорын меншікті науаларын өте тиімді тазартуды еріксіз жүзеге асыратын болады. Науаларды бытыратып шығару құбырлар арқылы жүзеге асырылады, сұйылту еселігін және араластыру қарқындылығын ұлғайта отырып, өзен арнасын кесе көлденең қию.

Су кеңістігін ластанудан сақтау: желдету мен желдету жүйелерін, ауаны зиянды заттардан тазартудың негізгі әдістері мен құралдары. Су кеңістігін ластанудан сақтау: суды тазартудың негізгі әдістері мен құралдары, ішетін судың сапасын көтеруді қамтамасыз ету.

Адамды химиялық және биологиялық жағымсыз факторлардан жеке сақтандыру құралдары. Экобиосақтандыру техникасы.

Мысал

АТП темір ұста цехындағы жұмыс орнындағы жылу сәулесінің көлемін 1200-1600 ккал/(ч∙м2) құрайды. Қондырғыдан х=2,5м арақашықтықта орналасқан1,5x1,5 м2 мөлшеріндегі жұмыс орнын душтау үшін қондырғыдан шығатын ауаның шығыны мен ағынының бастапқы жылдамдығын анықтау. Есепті жылдың жылы мезгіліне арналған және жұмыстың орташа ауыртпалығын жүргізу.

Шешуі

1) α = 0,12 турбулентті коэффиценті бар АхВ = 300х420 мм тікбұрышты кескіннің қондырғысын қабылдаймыз.

  1. Қондырманың эквивалентті диаметрін анықтаймыз:

мұндағы, Ажәне В – тікбұрышты кескіннің қондырғысының ұзындығы мен ені, м.

  1. Жұмыс орнындағы ауа ағымының қию диаметрін анықтаймыз:

(dХ = 6,8(α · х + 0,145dэ) = 6,8 · (0,12 · 2,5 + 0,145 · 0,35) = 2,4 м

мұндағы, х –м, жұмыс орнына дейінгі қондырғының төменгі кернеуімен ара-қашықтығы;

α – турбуленттік коэффициент, қондырғы конструкциясына байланысты таңдалып алынады:

тікбұрышты қию қондырғысы үшін α = 0,12;

қысқа диффузормен келте құбыр үшін α = 0,08;

цилиндрлік және конусты қондырғы үшін α = 0,06 - 0,08;

dэ - қондырғы диаметрі, м; тікбұрышты қию қондырғысын қолдану кезінде эквивалентті диаметрі формула бойынша анықталады және 0,35 м тең.

  1. Жұмыс орнының диаметрінің ағымды қию диаметріне қатынасын табамыз

Ауа ағымын қиюының өзгеруін сипаттайтын коэффицентті номограмма бойынша анықтаймыз b = 0,23.

Сурет. - Номограмма b коэффициентін анықтауға арналған.

  1. 1200-1600 ккал/(ч-м2) жылу сәулесі кезіндегі жылдың жылы мезгіліне арналған және жұмыс орнындағы ауа қозғалысының нормативтік жылдамдығын V = 2 м/с құрайды (кесте).

Кесте

Әуе душтау кезіндегі ауа қозғалысының жылдамдығы мен температуралардың нормасы

Жыл мезгілі

Жұмыс

категориясы

Температура°С, (жоғарғы баған) және жылдамдық, м/с (төменгі баған) ккал/(ч-м2) жылы сәулеленудің қарқындылығы кезінде

300-600

600-1200

1200-1800

1800-2400

>2400

Жылы

Жеңіл

22 - 24

0,5 -1

21-23

0,7-1,5

20-22

1-2

19-22

2-3

19-20

2,5-3,5

Орташа ауртпалық

21-23

0,7 -1,5

20-22

1,5 - 2

19-21

1,5-2,5

18-21

2-3,5

18-19

3-3,5

Ауыр

20-22

1 - 2

19-21

1,5-2,5

18-20

2-3

18-19

3-3,5

18-19

3-3,5

Суық және ауыспа-лы

Жеңіл

22-23

0,5 - 0,7

21-22

0,5-1

20-21

1-1,5

19-22

1,5-2

19-22

1,5-2

Орташа ауыртпалық

21-22

0,7 -1

20-21

1-1,5

19-20

1,5-2

19-21

2-2,5

19-21

2-2,5

Ауыр

20-21

1-1,5

19-20

1,5-2

18-19

2-2,5

18-19

2,5-3

18-19

2,5-3

  1. Қондырғыдан шығатын ауа ағымының бастапқы жылдамдығын формула бойынша анықтаймыз

мұндағы,Vр – жұмыс орнындағы ауа қозғалысының орташа жылдамдығы, м/с (кесте);

b – ауа ағымын қиюын өзгеруін сипаттайтын коэффициент, dр - жұмыс орнының диаметрі dх- ауа ағымының диаметріне тәуелді және жоғарыда келтірілген сурет бойынша анықталады.

  1. жұмыс орнында талап етілетін микроклиматты құру үшін қажетті ауа шығынын 5.57-формула бойынша анықтаймыз:

L = 3600 · Fо · Vo = 3600 · 0,3 · 0,42 · 8,7 = 3946 м3/ч

мұндағы, Fo – қондырғының шығу бөлігінің көлемі, м2.