Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік нормативті талаптар

3.1 Өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықты құжаттар

Студент міндетті:

Білуі қажет: Өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықты және негізгі заңды құжаттар

Орындай алу қажет: профильдік пәндерді оқу барысында, курстық және жипломдық жобалар мен жұмыстарды орындау барысында нормативті-құқықты құжаттарды пайдалана білу.

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Еңбек Қауіпсіздіктерін Оқыту Ұйымы Мест 12.0.004-90. ҚР қауіпті өндіріс объектілеріндегі өндірістік қауіпсіздік туралы заңы. Еңбек жағдайлары бойынша өндіріс объектілерін Міндетті Аралық Аттестациядан өткізу ережелері. Аталған 01.01.2008 ж. Мемлекеттік стандарттар бойынша еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында әрекет ететін стандарттар тізімі.

Еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысшыларды оқыту, инструкция жүргізу және білімін тексеру туралы Ережелер. Жұмыс берушінің еңбек қорғау және қауіпсіздік шаралары бойынша инструкцияларды өңдеу мен бекіту Ережелері. Жеке шаруашылықтарды немесе жекеменшік ұйымдарда аса қауіпті жағдайларда орындалатын жұмыстарға қатар-рұқсат құжатын толтыру ережелері. Өндірістік жарақаттардың ауырлығын анықтау схемасы (әдістемелік бағдарлама).

Жұмыс беруші есебінен қызметкерлерге сүт пен емдік-профилактикалық өнімдерді беру ережелері мен нормалары туралы және қызметкерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен, ұжымдық қорғаныс құралдырымен қамтамасыз ету сондай-ақ санитарлы-тұрмыстық құралдар мен бөлмелерді жабдықтау туралы бекітулер. Өндірістер, цехтар, кәсіптер мен қызметтер пайдалану бойынша, ауыр жұмыстар тізімін, зиянды және қауіпті жұмыс жағдайлары бар жұмыстар тізімін және қосымша кезекті жылдық демалыстар мен жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жұмыс тізімдерін қолдана білу туралы нұсқаулықтар.

Әйелдердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар. Әйелдердің еңбек етуіне тыйым салынатын қызмет (жұмыс) тізімдері. Он сегіз (кәмелет) жасқа толмаған балалардың еңбек етуіне тыйым салынатын қызмет (жұмыс) тізімдері.

Мысал

Ауаның температурасы рұқсат етілмейтіндей төмен болған кезде жол дистанция қызметкерлерінің жұмысшыларының жұмыс қабілеттілігі болмай суық тиіп Qi =55 адам/күніне ауырды. 100 адамқа қайта есептеу бойынша qi =110 күнді құрады. Жол дистанциясында тексеру аралығындағы жалпы шығындар ΣQ=1640 адам/ күніне жұмысқа қабілетті емес. Сонымен қатар, норма бойынша рұқсат етілетін төменгі температурада жұмыс істеген қызметкерлердің ауыруы осы факторға лайық 100 адамға қайта есеппен qn = 26 күн рұқсат етілмейтін төменгі температуралар деңгейінің жол монтерларының денсаулығына әсер ету дәрежесін анықтаңыз.

Шешімі

Төменгі температуралар деңгейіне байланысты жұмыс қабілетінің болмайтын күндерін келесі формула бойынша анықтаймыз:

Осылайша, төменгі температуралардың әсері жол монтерларының сырқаттануының деңгейіне қатты әсерін тигізбейді, себебі қарастырылған аралықтағы жұмыс қабілеттіліктерінің жоғалған күндері, оның жалпы санының 2,56 % құраған.