- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисрлігі
- •Терминдер сөздігі
- •1 «Еңбек қорғау» пәнінің мақсаты мен міндеттері және оның оқу үрдісінде алатын орны
- •Сұрақтың қысқаша мазмұндамасы
- •Сұрақтардың қысқаша мазмұны
- •Рефераттар тақырыбы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2 Еңбек қорғаудың құқықтық негіздері
- •2.1 Еңбек қауіпсіздігінің заңды және нормативті-ұйымдастырушылық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Реферат тақырыптары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3 Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік нормативті талаптар
- •3.1 Өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықты құжаттар
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін –өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •4 Еңбек тәртібі мен еңбек қорғау талаптарын сақтау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен жауапкершіліктері
- •4.1. Еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысберуші мен жұмысшылардың құқұқтары мен міндеттері
- •Сұрақтың қысқаша мазмұндамасы
- •4.2 Еңбек қызметтері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •5 Еңбек психологиясы мен физиология негіздері
- •5. 1. Еңбек қауіпсіздігінің психофизиологиялық негіздері
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •5.2 Еңбек қауіпсіздігінің эргономикалық негіздері
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •6 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •6.1 Адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан сақтандыру
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Адамды химиялық және биологиялық жағымысыз факторлардан сақтандыру
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •7 Еңбек шарттары бойынша өндірістік обьектілерді аттестациялау
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •8 Өнеркәсіп қауіпсіздігін техникалық реттеу
- •Өрт профилактикасының негіздері өрттің пайда болу салдары
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •8.2 Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне толық талаптар»
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •9 Қауіпті өндірістік объектілер
- •9.1 Апаттық жұмыстар және қиындықтардағы еңбек қауіпсіздігі
- •Сұрақтардың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •10 Электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету
- •Сұрақтардың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •11 Өрт қауіпсіздігі туралы жалпылама түсінік
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •12 Өндірістік жарақаттану және кәсіби науқас
- •12.1 Өндірістегі кездейсоқ жағдайларды тергеу және тіркеу, жарақаттану анализі
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •13. Зардап шегушілерге колайсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек.
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •14. Өндірістегі еңбек күзетінің ұйым қызметі.
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •15 Өндірістегі еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру
- •Сұрақтың қысқаша мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Яковенко е.Г., Христолюбова н.Е., Мостова в.Д. Экономика труда: Учебное пособие для вузовэ Издательство: Юнити-Дана, 2012 г. Қолданылған әдебиеттер
- •Яковенко е.Г., Христолюбова н.Е., Мостова в.Д. Экономика труда: Учебное пособие для вузов. Издательство: Юнити-Дана, 2012 г.
5 Еңбек психологиясы мен физиология негіздері
5. 1. Еңбек қауіпсіздігінің психофизиологиялық негіздері
Студенттің білуі қажет: еңбек қызметінің түрлерін, ақыл-ой еңбегі мен қимыл еңбегінің ерекшелігінің жалпылығы, еңбек қызметінің әр қилы түрлеріндегі энергетикалық күш жұмсау шығыны, адамның шаршауының төмендететін әдістер мен жұмыс істеу қабілетін көтеру, еңбектің қиындығы мен ауырлығын бағалау әдістері, психикалық процесстер, еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін қасиеті мен жағдайы, негізгі психикалық жарақаттың себептері.
Сұрақтың қысқаша мазмұны
Заманауй еңбек қызметінің түрлерінің ішінде қимыл еңбегі сирек кездеседі. Еңбек қызметінің заманауи жіктелуі бұлшық ет қызметінің белсенділігін талап ететін еңбек түрін бөліп қарайды.
Адамның тіршілік етуі энергия жұмсауымен байланысты: қарқынды жұмыс болған сайын соншама энергия жұмсалады. Бұлшық еттің қарқынды әрекет етуін талап ететін жұмыс кезінде энергетикалық шығын тәулігіне 20,25 МДж құрайды.
Тіршілік әрекеті процесіндегі адамның жұмсайтын қуат шығыны бұлшық еттің қарқынды жұмыс жасауымен, жүйке-эмоционалдық ауыртпалықтың дәрежесімен, сонымен қатар қоршаған ортаның жағдайларымен анықталады. Ақыл-ой еңбегімен жұмыс жасайтын тұлғалар үшін тәуліктік күш жұмсауын 10....12 МДж құрайды; механикаландырылған еңбек пен қызмет көрсету саласындағы жұмысшыларды-12,5....13 МДж, ауыр жұмыс жасайтын жұмысшылар үшін-17....25 МДж.
Адамның еңбек жағдайының гигиенасы бойынша мамандармен ауыртпалық дәрежесі бойынша және еңбек процесінің қауырттылығымен және зияндылығының көрсеткіштері бойынша және өндіріс ортасының қауіптілігімен (С2.2.755-99. Өндіріс ортасының қауіпті факторлары мен зияндылығының көрсеткіштері бойынша бағалаудың гигиеналық критерилері мен еңбек жағдайларының классификациялары. М:Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлэпидбақылау Федералдық орталығы.1999) жіктелген.
Қара жұмыс ауыртпалығын сипаттайтын еңбек процесінің факторы - бұл негізінен бұлшық етке күші мен энергия жұмсау: физикалық динамикалық салмақ, көтеретін және тасымалданатын жүктің массасы, стереотиптік жұмыс қозғалысының, статистикалық салмақ, жұмыс жасандылығы, корпусының еңісі, кеңістікте ауысуы.
Еңбек қауырттылығын сипаттайтын еңбек процесінің факторы - бұл эмоционалды және зияттық күш, адамның (есту, көру және т.б.) талдамаларына жүктеме, салмақтың бір қалыптылығы, жұмыс тәртібі.
5.2 Еңбек қауіпсіздігінің эргономикалық негіздері
Студенттің білуі қажет: адамның негізгі антропометрикалық, сенсомоторлы және энергетикалық сипаттамаларын, эргономикалық талаптары аясындағы оператордың жұмыс орнын ұйымдастыруды.
Сұрақтың қысқаша мазмұны
Жұмыс орнын ұйымдастыру, бақылау ұйымдарының конструкциясы мен басқару адамның антропометрикалық, сенсомоторлық, биомеханикалық және психофизиологиялық сипаттамаларын есепке алуы керек.
Еңбек процесі жүзеге асырылатын жұмыс орнының кеңістігі жұмыс аймақтарына бөлінуі керек.
Екі қолдың жұмсалуы үшін қолайлы жұмыс аумағын көзге көрінетін аумақпен міндетті түрде қатар қолдану керек.
Маңызды эргономикалық мән адамның жұмыс қалпын білдіреді. «Тұрғандағы» жұмыс қалпы үлкен энергетикалық күш жұмсауды талап етеді және тез шаршауға әкеп соқтырады, «отыру» қалпы кішігірім шаршатады, және де ол едәуір артықшылығы бар. Жұмыс аумағы айтарлықтай ұйымдастырылуы қажет, ал басқару ұйымы айтарлықтай орналастырылуы қажет, жұмыс қалпында адам денесі салмағының орталық кескіні оның тірегінің аумағының шегімен орналасатындай болуы керек.
«Отыру» қалпындағы жұмыс орнының құрамдық бөлігі -оператордың жұмыс креслосы болып табылады.
Кресло адамның антропометрикалық мәліметтеріне сәйкес болуы керек және қажет болған жағдайда арнайы киім мен жабдықтарды түзетуді есепке алуы керек. Жұмыс креслоларының негізгі геометрикалық параметрлері стандартталуы қажет. Реттелмелі параметрлері бар креслоларды қолданған дұрыс (көтерілетін, арқасының иілу бұрышымен), өйткені оны нақты адамның антропометрикалық сипаттамасына бейімдеу керек.
Басқарудың аяқ және қол мүшелері адамның ұсынылатын биохимиялық сипаттамасының жағдайлары бойынша сәйкес болуы қажет және де оны қолдану жиілігіне байланысты қол жетімді аумаққа сәйкес орналастырылуы керек. Басқару мүшесіне күш салу өте аз болуы керек, өйткені адам оның орындау қимылын бақылауда ұстап отыра алатындай болуы керек. Сонымен бірге тым үлкен күш салу тез шаршауға әкеп соқтырады және де бұлшық еттерінің артық күш жұмсауына әкеп соқтырады. Әрқилы типтегі басқару мүшелеріне арналған оптималды тіркелетін күш бойынша нұсқамалар бар.
Оператордың көзбен шолатын ақпаратының құрылғысы, оны жиі қолдануына байланысты адамның көзбен шолу өрісіне сәйкестендірілген аумағында орналасуы керек. Жиі қолданған кезде құралдар шолудың оптималды бұрышының шегінде орналасуы керек, сирек қолданылған кезде-шолудың максималды бұрышының шегінде. Басқару мүшелерінің мөлшерлері, түрлі-түсті бояу адамның психофизиологиялық және антропометрикалық сипаттамаларына сәйкес болуы керек, ал жұмыс орнындағы жарық дәрежесі жарық ортасының басқа да сипаттамаларына.
1- мысал
Тепловоздарды сынаудың реостатты станциясындағы еңбек ауыртпалығының категориясын анықтау, мұндағы оның ауырлығын қалыптастыратын n = 4 еңбек жағдайының төрт факторы бар, атап айтқанда: X1 - шу 112 дБА; NO2 - 10 мг/м3 бойынша X2 - ластанушылық, яғни ШРК есе арттырады; ШРД 1,3 есе арттыратын Х3 – діріл, діріл жылдамдығының деңгейі; Х4 – ауа температурасы -29°С. Фактор әрекетінің 8 сағ. ұзақтығы. Қалған факторлар нормативті мәнінен төмен болғандықтан қаралмайды және 1 балмен бағаланады.
Шешуі
Сәйкесінше 1-кестеге сай көрсетілген факторлар бағаланады Х1 = 6; Х2 = 5; Х3 = 5; Х4 = 4 балл. Барлық төрт фактор биологиялық мәнді болып келеді.
1-кесте. Жұмыс орнындағы еңбекті бағалау критерилері (өлшемдері), балл
Еңбек шартын бағалау факторы, балл |
Санитарлы-гигиеналық факторлар |
|||||||||||
Жұмыс орнындағы ауа температурасы , °С |
Ауа-ның салыстырмалы ылғалдылығы % |
Ауа қозғалысы-ның жылдамдылы-ғы , м/с |
ШРК асыру еселігі |
Діріл, дірілдегіш жылдамдығының деңгейі (ШРД асыру еселігі ) |
Шу, шу деңгейі , дБА |
Жарықтылығы |
||||||
ғимараттағы жылы мезгіл |
ғимаратағы суық мезгіл |
ашық ауадағы жылы мезгіл |
ашық ауадығ суық мезгіл |
жылы жыл мезгілі |
суық жыл мезгілі |
улағыш заттар |
өндірістік шаң |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
1 |
18-20 |
20-22 |
23-26 |
(+7)-(+10) |
40-54 |
0,2-ден төмен |
0,2-ден төмен |
ШРК0,8-ден төмен |
ШРК 0,8-ден төмен |
ШРД-ден төмен |
68-ден төмен |
1,3-1,5 СНжЕ норма-сынан жоғары |
2 |
21-22 |
17-19 |
18-22 |
(+1)-(+6) |
55-60 |
0,2-0,3 |
0,2-0,3 |
ШРК деңгейіне дейін 0,8 кейін |
ШРК деңгейіне дейін 0,8 кейін |
ШРД-дейін 1,075 ШРД кейін |
68-85 |
СНжЕ нормасы 0,8-1,2 |
3 |
23-28 |
16-15 |
27-35 |
0-(-9) |
61-75 |
0,6-0,7 |
0,4-0,5 |
дейін 2,5 рет |
дейін 5 рет |
дейін 1,17 рет |
86-90 |
СНжЕ нормасынан 2 есе кем |
4 |
29-32 |
14-13 |
36-39 |
(-10)-(-14) |
76-85 |
0,8-1,2 |
0,6-1,0 |
дейін 4 рет |
дейін 10 рет |
дейін 1,23 рет |
91-99 |
СНжЕ нормасынан 3 есе кем |
5 |
33-35 |
12-8 |
40-45 |
(-15)-(-20) |
выше 85 |
1,3-1,7 |
1,1-1,5 |
до 6 раз |
до 50 раз |
до 1,44 раза |
100- 110 |
СНжЕ нормасынан 5 есе кем
|
6 |
35-тен жоғары |
7 |
45-тен жоғары |
(-20) –дан төмен |
|
1,7 жоғары |
1,5 жоғары |
6-дан жоғары |
50-ден жоғары |
1,44-ден жоғары |
110-нан жоғары |
СНжЕ норма-сынан 10 есе кем |
Балл суммасын былай көрсетуге болады :
Σ13X = Х1 + Х2 + Х3 + Х4 = 6 + 5 + 5 + 4 = 20
Еңбек шартының биологиялық мәнге ие орташа балы X =20/4=5.
Жұмыс орнындағы еңбек ауырлығының интегралды балды бағасы төмендегі 1-формула бойынша анықталады:
Ие = 19,7Х - 1,6Х2, (1)
Ие – барлық ауысымдағы жұмыс ауырлығының интегралды балды категориялық бағалауы;
X – еңбек шартының биологиялық мәнге ие факторының орташа балы, тең ΣХ/n, мұнда ΣХ – биологиялық мәнге ие факторлардың суммасы; n – еңбек шартының ескерілетін факторының саны.
Ие = 19,7Х -1,6Х2 = 19,7 · 5-1,6 · 52 = 58,5
Интегралды балдық баға Ие = 58,5 бойынша еңбек ауырлығының V категориясы 1.3-кестеге сәйкес.
2-Мысал
Егер ол бір минуттық сынақ кезінде 30 белгіден бір қате жіберсе, сыналатын назар көрсеткішін анықтау керек.
Шешуі
Назар көрсеткіші 1-формула бойынша анықталады.
А
=
U – корректурлық сынама кезінде көру жылдамдығы, белгі секундына;
т – қателер саны (белгі рұқсатнамасы, дұрыс сызылмаған белгі).
Сыналатын назар көрсеткіші төмен (25<37).
