Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Виброакустикалық факторлар бойынша еңбек шарттарын бағалау.

  2. Микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау .

  3. Жарық кеңістігінің көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау.

  4. Иондалмаған электромагниттік өріс пен сәулелену әсері кезіндегі еңбек шарттарын бағалау.

  5. Еңбек процестері күшінің көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау .

  6. Еңбек шарттарын жалпы гигиеналық бағалау.

  7. Жұмыс орындарындағы жарақат алу қауіпін бағалау.

  8. Жарақат алу қауіпі бойынша еңбек шарттарының жіктелуі.

  9. Сертификацияның маңыздылығы мен мәні.

  10. Сертификацияның негізгі түсінігі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Безопасность и охрана труда. Под ред. Русака О.М. С.-П.,2001г.

2. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. Белова С.В. М., 2001г.

3. Охрана труда. Под ред. Ушакова К.З. М., 1986г.

4. В.А. Девисилов. Охрана труда. - М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007г.

5. Расдорожный А.А. Безопасность производственной деятельности М., 2003.

6. Денисенко Г.Ф. Охрана труда М., 1985г.

7. Янович А.Н, Бусунин А.А. Охрана труда М.,1990 г.

8. Русак О.Н. Безопасность техносферы. – Красноярск: ВШ, 2003г.

9. Положение «Об аттестации производственных объектов организации по условиям труда». Астана, 1998.

10. Драпкина Е.И. Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда. М: МГСУ.-2012.

8 Өнеркәсіп қауіпсіздігін техникалық реттеу

    1. Өрт профилактикасының негіздері өрттің пайда болу салдары

Студент міндетті:

Білуі қажет: заңдылық құжаттарды, өрт қауіпсіздігі облысында жұмыс жасайтындардың міндеттері мен құқығы; мұнай газ өндіретін кәсіпорындарда өрттің пайда болу салдары.

Орындай алу қажет: курстық жұмыстарды, дипломдық жобаларды орындау кезінде нормативті құжаттарды пайдалану, өрттің пайда болуын талдау және көрсету, зерттеулер жүргізу, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Өрттен қорғау ұжымының негізгі заңдылық актілері және құжаттары. Мемлекеттік өрттен қадағалау, оның функциясы және құқығы. Өрт қауіпсіздігі облысындағы жергілікті мүшелердің өздігінен басқаруы. Өрт қауіпсіздігі, оның түрлері. Өрт қауіпісіздігі облысында жұмыскерлердің міндеті және құқығы, жауаптылар. Мұнай газ өндіру объектілерінде өрттің және жарылыстың пайда болуының негізгі салдары.

Өрт қауіпсіздігіне қарағанда мұнай өнеркәсібі мұнай және газдың өрт және жарылыс қаупімен сипатталады. Бұл қасиеттері жоғары қысыммен және температурамен көрсетіледі. Мұнай өнеркәсібінің кәсіпорындарында белгілі көптеген технологиялық процестер жоғары қысыммен және температурамен бірге жүреді (мұнай дайындығы, өнімді жоғары компрессорлы алу әдісі, пластаға әсері және т.б.).

Жарылыс және өртке қауіпті заттарға технологиялық процестерді қолданады (мұнай негізінде ерітінділерді қолданып бұрғылау, газ түріндегі агенттермен үрлеп бұрғылау, ұңғымаларды игеру және т.б.).

Мұнай және газды ұңғымаларды бұрғылауда және мұнай мен газды өндіруде жарылысқа қауіпті мұнай буы және ауадағы газ пайда болуы мүмкін, ол тұтану көздерінің болуынан жарылысқа және өртке алып келеді.

Мұнайды және газды өндіру және бұрғылау кәсіпорындарында тұтану көздері механикалық және электрлі ұшқынды, статистикалық зарядтар және атмосфералы электрлі, пирофорлы қалдықтар, қыздырылған беткейлер болуы мүмкін.