Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Қоршаған орта мен адам арасындағы жылу алмасу механизмі. Климаттың адам денсаулығына әсері. Адам ағзасының термореттелуі. Микроклимат өлшемдерінің гигиеналық нормалануы. Жұмыс бөлмелерінде қолайлы климаттық жағдайларды қамтамасыз ету әдістері. Санитарлық талаптар бойынша өнеркәсіп территорияларын орналастыру мен жабдықтау, өндірістік және қосымша бөлмелер. Қызметкерлерге санитарлы-тұрмыстық қызмет көрсету.

Климаттық өлшемдердің (температура, қатысты ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы) қолайлы өлшемдерден ауытқуы жылу балансының бұзылуына әкеп соқтырады. Мысалы, қоршаған ортаның ауасының температурасы төмендейтін болса, онда қоршаған орта мен адам денесінің арасындағы температуралардың түрлілігі артады, демек жылу өткізгіштік, конвекция және сәулелену есебінен ағзадан бөлінетін жылу артады. Адам денесіне жылу жетіспей турғанын сезінедіде жаурай бастайды. Температура едәуір төмендейтін болса, онда адамның төтенше суынуына (үсуіне) әкеп соқтыруы мүмкін.

Ауа қозғалысының жылдамдығы да адам ағзасынан бөлінетін жылуды арттырады, терінің булануы кезіндегі конвекция арқылы ағзаның едәуір суынуына әкеп соқтырады. Адам ағзасы қатты жаураған кезде ағзалардың функционалды қызметі, биохимиялық үрдістері төмендейді және ақырында адамның белсенділігі мен жұмыс қабілеттілігі төмендейді.

Мысал

Төрт тактты тізбекті тепловозды ПД1М типті дизельден шығатын механикалық шу деңгейін анықтау.

Цилиндр диаметрі D = 318 мм, иінді валдық айналымының жиілігі n = 750 айн./мин, цилиндрлер саны Z = 6, тиімді қысым Ре = 0,9 МПа.

Шешімі

Тепловозды дизельдің механикалық шуын 3 формула бойынша анықтауға болады. Сонымен қатар тізбекті дизель үшін құрылымдар коэффициенті А = 1, төрт тактты дизель үшін улылық коэффициенті i = 0,5.

Lм = 8,32 · lg (A · D2,3 · n3,1 · Z) + 20 · lg (0,4 · Ре · i) + 55, дБ, (3)

мұнда, А – дизель құрылымының коэффициенті (А=1 тізбекті дизельдер үшін; А=0,75 V-тәрізді дизельдер үшін);

D – цилиндр диаметрі, м;

Z – цилиндрлер саны (Д100 типті дизельдер үшін поршеньдер санына тең);

Ре – тиімді қысым, МПа;

i - тактты коэффициент (i = 1 екі тактты үшін және 0,5 – 4 тактты дизель үшін);

n – иінді валдың айналым жиілігі , айн./мин.

онда:

Lм = 8,32 · 1g (A · D2.3· n3.1 · Z) + 20 · 1g (0,4 · Ре · i) + 55 =

= 8,32 · 1g (0,3182.3 · 7503.1 · 6 · 1) + 20 · 1g (0,4 · 0,9 · 0,5) + 55 = 111 дБ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Еңбек құқығының негізгі түсініктері.

  2. Құрамында мемлекетті акттары бар заң күшіндегі нормативті акттердің түрлері

  3. Қазақстандық еңбек құқығының нормалары

  4. Қызметкердің қауіпсіз еңбек кепілдігінің құқығы

  5. Ішкі қызмет тәртібі

  6. Еңбек және демалыс тәртібін сақтау

  7. Еңбек қорғау бойынша ЕҚМ нормативті құжаттары

  8. Еңбек қорғаудың нормативті талаптары

  9. Локальды нормативті актілердің әрекеті

  10. Әрекет ету салалары бойынша еңбек қорғау ережелері мен нормалары қалай жіктеледі

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Безопасность и охрана труда. Под ред. Русака О.М. С.-П.,2001г.

2. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. Белова С.В. М., 2001г.

3. В.А. Девисилов. Охрана труда. - М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007г.

4. Расдорожный А.А. Безопасность производственной деятельности М., 2003.

5. Русак О.Н. Безопасность техносферы. – Красноярск: ВШ, 2003г.

6. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов РК, Алматы, «Lem», /Состав. В.И. Скала, 2002г.

7. ҚР «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» заңы, Алматы, 2004ж.

8. ҚР Конституциясы

9. ҚР Еңбек Кодексі

10. Сборник нормативных актов РК по « Охране труда», Караганда. 2002г.

11. Нурбаев Д.А. Трудовое право РК, Алматы, Бастау, 2004.