Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?

2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?

3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

құқық –

азаматтық –

құқықтық қатынастар –

тараптар –

заңда көрсетілген –

ықпал –

заң жүзінде тең –

ерекшеліктер –

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ондағы ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын сөздерді айқындаңыз.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде жоғарыда айтылған Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы – оның мазмұнының сапасында. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен бастап оның ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылатындығы және ол билік тармақтарынан жоғары тұратындығы көрсетілген. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылғы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы – Сенат, төменгі палаталы – Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімі «Адам және азамат» деп аталады. Ол 29 баптан (10-39 баптар) тұрады. Онда Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес берілетіндігі, ҚР азаматын шет мемлекетке беруге болмайтындығы, еліміз өз азаматтарын қайда жүрсе де қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк беретіндігі және адам құқықтарына байланысты тағы да басқа мәселелер жайында айтылған.

(Қазақстан Республикасы Конституциясынан)

3-тапсырма. Жоғарыдағы екі мәтінге сүйеніп кестені толтырыңыз

Еліміздің Конституцияларының тарихы мен мазмұны

Жауабы

Конституция дегеніміз не, ол не үшін қажет?

Қазақ елінде Конституция неше рет қабылданды?

Қазақ елінің Конституцияларын жылдарымен көрсетіңіз

Соңғы Конституция өз күшіне қашан енді?

Конституция неше тараудан, неше баптан тұрады?

Соңғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы:

Соңғы Конститутцияның ІІ тарауы қалай аталады және онда не жайында айтылған?

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстанның ............ әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен .............. барлығын толық иеленетіндігі көрсетілген. Елдің әлеуметтік-экономикалық және ......... даму деңгейіне сәйкес өмір сүріп тұрған ................ құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асу ......... күшейту және мазмұнын ........., көлемін арттыру мүмкін бола түсуде. Қазақстанда ............ қоғам, құқықтық мемлекет, ................ мәдениет кұру және қоғамның материалдық-техникалық .............. нығайту Қазақстан Республикасының Конституциясында: ............ қамтамасыз етілу құқығы; мәдениет ............... пайдалану; ............ қызмет құқығы; мемлекеттік және қоғамдық ........... олардың кызметін жақсарту жөнінде .............. енгізу құқығы; лауазымды адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың әрекетіне ............. сияқты азаматтардың жаңарған, жаңа құқықтарын жариялауды мүмкін етіп берді. Еркін еңбекке, демалысқа, денсаулық сақтауға, білімге және т.б. деген құқықтың мазмұны мен кепілдігі ........... кеңейді.

Қажетті сөздер:кәсіпкерлік, кеңейту, шағымдану, баспанамен, ұйымдарға, конституциялық, бостандықтардың, мәдени, жетістіктерін, құқықтық, кепілдігін, базасын, демократиялық, ұсыныс, азаматтары, айтарлықтай

5-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен баяндауыштарды табыңыз және қандай сөз таптарынан жасалғанын, қандай тұлғада тұрғанын айтыңыз.

7-апта

Лексикалық тақырып: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер қызметі

Ой түрткі:

  1. Біздің мемлекетімізде адам құқығы қаншалықты дәрежеде сақталады?

  2. Әлеуметтік құқық дегенді қалай түсінесіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Қоғам, әлеуметтік норма, даму үрдісі, объективтік құбылыс, жеке адамның құқығы, бостандықтар жиынтығы, өмір қажеттіліктері, қамқорлық жасау, әлеуметтiк орта, мiндеттi, құқығы, борыш, парыз, қатыгездiк, нормативті құжаттарға сәйкес, кепiлдiк, қамтамасыз ету, қол сұқпау, кемсiтуге, бұзбауға, азаптауға, тексеруге, жәбiр, хақылы, құқылы

2-тапсырма. Мәтінде ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын сөздердің тізімін жасаңыз

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Адам азаматтық қоғамның мүшесі болғандықтан да, адам құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты. Қоғамдағы құқықтарды экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар деп бөліп қарауға болады. Ол құқықтар – қоғамның физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктеріне бағытталған. Бұл әрбір адамға тиесілі құқықтар мен бостандықтар жиынтығы десек те болады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың ішінен әлеуметтік құқықтарды бөліп қарастыруға болады.

Әлеуметтік құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктерін қоғамның мүмкіншіліктері шегінде және қоғамдық байлықтың мемлекетпен бөлінуі, адамның белсенді қызметі арқылы қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: нұқсан, қамқорлық жасауға, әлеуметтiк, мiндеттi, құқығы, борышы, қатыгездiк, парызы, нормаларға сәйкес, айыруға, көмегiн, кепiлдiк, қамтамасыз ету, сұғылмайды, кемсiтуге, бұзбауға, азаптауға, жәбiр, тексеруге тұтқындайтын, қамауда, ұстауға, шағымдану, хақысы, мiндеттi

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарына ....... берiледi. Адам өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ........., конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа ............. келтiрмеуге тиiс. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай .......... болмайды. Сондай-ақ, ешкiмдi ......., оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай ............ немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай ......... көрсетуге не жазалауға болмайды.

Жоғарыда айтқанымыздай, әркiмнiң өз жеке басының бостандығына ........ бар. Сондықтан егер де қандай да бір мәселемен, ия күдікті ретінде полиция қызметкерлері біреуді .............. болса, прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ........... болатындығын білгеніңіз жөн. Ал басқа жағдайда тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және ......... ұстауға болады. Оның өзінде тұтқындалған адамға сотқа ................ құқығы берiледi. Конституцияға сәйкес Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың өз құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғауына, бiлiктi заң ............. тегiн алуға құқығы бар.

Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға .......... жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi.

Елімізде біреудің тұрғын үйіне қол ........... . Яғни бірудің үйіне басып кiруге, оны .............. және тiнтуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден ......... жол берiлмейдi. Керісінше, кейбір азаматтарды (заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарды) тұрғын үймен ............ ............. жолға қойылған. Тұрғын үй заңмен белгiленген ................ ....... мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде ............... қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi.

Жоғарыда айтылдарғанмен қатар:

  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбiр азаматының қасиеттi ............ және мiндеті;

  • әркiм Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге ..........;

  • заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң .......... әрі мiндетi;

  • балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы, ........ әрі мiндетi;

  • егер ата-анасы еңбекке жарамсыз болып қалса, кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар оларға .............. ........ мiндеттi;

  • тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға, табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға ........... екендігін де ұмытпасақ екен.

(Қазақстан Республикасы Конституциясынан алынған

мәліметтерді өңдеп беруші автор)

4-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы толықтауыштарды анықтаңыз және олардың мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын айтыңыз.

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түп қазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23 баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өздік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары: өмір сүру (15-бап); жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір қасиетіне қол сұқпау (17-бап); жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар намысы мен абыройын қорғау (18-бап); білім алуға құқықтылықты (30-бап) қамтиды.

Қазақстан Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Ал жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек.

5-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді ажыратыңыз

Адам қоршаған ортада өмір сүретіндіктен, оның өміріне қандай да бір қауіп төнуі мүмкін. Себебі адам өмірі күтпеген сәттерге толы. Адам баласы кез келген кезде денсаулығынан айрылуы (айықпас дертке ұшырауы), мүгедек те болып қалуы ықтимал. Ешкім де бұндайға ұшырамайтындығына кепілдік бере алмайды. Сондай жағдайға душар болғанда, тіршілік етудің негізгі көзі еңбекақыдан айырылып қалу қауіпі бар. Соның салдарынан (я болмаса қандай да бір апаттың салдарынан асыраушысынан айырылуы салдарынан) отбасы аса ауыр материалдық жағдайға ұшырауы мүмкін.

Ондай қиындықтарды кез келген отбасы өздігінен жеңе бере алмайды. Сондықтан да жоғарыда аталғандай жағдай болған кезде, халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді көбінесе мемлекет өз мойнына алады. Әлеуметтік оқиғалар туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және оларға қызмет көрсетеді.

Қаржыландыру үшжақты схема немесе үш жақты жүйе арқылы жүзеге асады: 1) еңбекке қабілетті, жұмыс істейтін, одан әрі зейнетақыға үміткер әрбір азамат; 2) жұмыс беруші; 3) мемлекет.

Әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік жүйесі кезінде қаржылық ресурстардың басты субъектісі болып мемлекет табылады, яғни әлеуметтік қорғау шараларының жүйесін мемлекет қаржыландырады. Дәл осындай жүйе бізге бұрынғы Кеңестік Одақтан мұраға қалды. Әлеуметтік қамсыздандырудың бұл үлгісі нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жедел реформалауды қажет етті. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы экономикалық тоқырау қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне өзіндік қиындықтар әкелді. Инфляция мен жұмыссыздықтың өсуі, өндірістің құлдырауы жұмыс істейтіндер санының күрт төмендеуіне әкеп соқты, ал бұл, өз кезегінде, қарт адамдар санының өсуімен бірге бір ұрпақтан (жұмыс істейтіндерден) екіншісіне (жұмыссыздарға) капиталдың ауысуының бірден азаюын білдірді. Жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер санының арақатынасында тепе-теңдіктің болмауы ҚР Зейнетақы қорының ақша қаражаттары дефицитінің артуына және соған орай республикалық бюджеттің осы дефицитті жабуға бағытталған шығындарының көбеюіне әсер етті.

Реформалау үрдісі кезінде көмекке мұқтаж тұлғаларды жеткілікті түрде материалдық қамсыздандыруға жағдай жасайтын әлеуметтік қамсыздандыру үлгісін жасаудың қажеттігі туды. Сөйтіп, әлеуметтік қамсыздандырудың қазақстандық үлгісі қалыптасты.

(Интернет материалдарынан)

8-апта

Лексикалық тақырып: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік және т.б. мәнде жұмсалуы.

Лексикалық қор

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Отбасы дегеніміз не?

2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

3. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді қалай түсінесіз?

4. Неліктен «Отбасы – шағын мемлекет»  дейміз?

5. Отбасындағы ата-ананың міндеттері қандай?

6. Отбасында қанша бала болу керек деп ойлайсыз?

7. Баланың міндеттері қандай?

8. Отбасыңызда мереке, атаулы күндерді қалай тойлайсыздар?

9. Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі туралы не білесіз?

10. Жанұяңызда ұлттық дәстүрлерді ұстанасыздар ма?

11. Ата-анаңыздың отбасылық достары туралы не айта аласыз?

2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]